Типтік бағдарлама

 

№ р/қ Пәндердің және циклдардың атаулары  
Жалпы білім беру пәндері циклы (ЖББП)
1.1 Міндетті компонент
  Саясаттану Саясаттану пәні, объектісі, әдісі, әлеуметтік-гуманитарлық пәндер жүйесіндегі орны. Саясаттанудың болашақ маман тұлғасын, азаматты қалыптастырудағы орны. Саяси ой дамуының негізгі кезеңдері. Саясат қоғамдық құбылыс ретінде, оның табиғаты, түрлері, мүмкіндіктері, шекаралары мен келешегі. Саясаттанудың субъектісі. Саяси элита мен көшбасшылық. Гуманитарлық мәні, демократиялық мазмұны мен саясаттың ізгілік сипаты. Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы халқыққа жолдауы аясындағы және үдемелі жаңару кезеңіндегі егеменді мемлекет саясаты. Билік қатынас пен процесс ретінде: пайда болуы, мәні, шығу көздері, ресурстары. Саяси жүйе. Саяси режим мен оның типтері. Демократияның теориялары мен моделі. Сайлау жүйелері. Басқару мен мемлекеттік құрылыс формасы. Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам. Саяси партиялар мен партиялық жүйелер, қоғамдық-саяси қозғалыстар мен ұйымдар. Мемлекеттің қарым-қатынас формалары және азаматтық қоғам, Қазақстанның партиялық жүйесі. Саяси мәдениет пен саяси идеология, Қазақстан Республикасының ұлттық идеясы. Саясаттағы дағдарыстық және қақтығыстық жағдайлар, олардың алдын алу мен шешу жолдары. Әлемдік саясат пен қазіргі халықаралық қатынастар. Әлемдік саяси процестің ерекшеліктері. Жаңа геосаяси конфигурациядағы Қазақстанның ұлттық-мемлекеттік мүдделері. Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының негізгі басымдықтары, Орталық Азия аймағындағы және әлемдегі қауіпсіздік пен тұрақты дамытуды қамтамасыз етудегі сыртқы саяси бастамалары.