рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

Азақстан Республикасы – демократиялық мемлекет.

Азақстан Республикасы – демократиялық мемлекет. - раздел Экономика, Экономика, бизнес және әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебі Біздің Республикамыздың Жағдайында Демократиялы ...

Біздің Республикамыздың жағдайында демократиялық мемлекет – ең алдымен Конституция қабылдап, тікелей мемлекет басшысын және Парламентті сайлайды, өкілетті мерзімі біткен соң оларды ауыстыруға халықты құрылтайшылар арқылы қатыстырады. Басқару тәртібінің нысанына (президенттік, парламенттік) қарамастан, мемлекеттің жоғарғы органдары арқылы көпшіліктің еркін анықтауға және барынша жүйелі қорғауға қажетті жағдайлар жасайды.

Сонымен қатар демократиялық мемлекет әлеуметтік және ұлттық нысандарына, тағы басқа да ерекшеліктеріне қарамастан жекелеген азаматтардың өз мүддесін білдіруіне, оның есепке алынуына да мүмкіндік береді. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес сөз, ар-ұждан бостандығы, тілі мен ұлтын өзі анықтауын қамтамасыз ете отырып, бірлесу, митингілер, демонстрациялар, шерулер өткізу ереуілге шығу құқығымен қоса, жекелей және ұжымдық, еңбек дауын шешу, сондай-ақ мемлекеттік қызметке араласып, мемлекеттік, тағы басқа да істерді басқару қызметіне қатысуға тең құқықтар беріледі.

Демократиялық мемлекеттің сипаттық ерекшелігі республика азаматтарының мемлекеттік қызметке араласуын ретке келтіру болып табылады. Мемлекеттік қызмет институтын реттеу 1995 жылғы Конституцияда қарастырылды.

Демократиялық мемлекет ретіндегі Республика қызметінің түбегейлі принциптерінің бірі – қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық. Демократиялық мемлекет саяси тәртіп жүргізудің демократиялық тәсілдері мен әдістерін көбірек қолданады.

Қазақстан Республикасы – зайырлы мемлкет. Бұл ұғым Қазақстандағы діни мекемелер мен діннің мемлекеттен ажыратылғандығын білдіреді. Қазақстандағы ислам мен православиелік, тағы басқа нанымдық ағымдардың ісіне мемлекет араласпайтындығын білдіреді. Діни негізде партия құруға жол берілмейді. Мемлекет органдары қағидалық заң негізінде емес, Конституция негізінде құрбылы, жұмыс істейді.

Сонымен бірге әркімнің ар-ұждан бостандығына құқығы бар, оны жүзеге асыру мемлекет алдындағы міндет. Наным немесе атеизм мәселесі - әркімнің өзіндік ұстанымы.

Қазақстан – құқықтық мемлекет. Қазақстан Республикасының Конституциясы – құқықтық мемлекеттің бастауы әрі шарты.

[өңдеу]

Оның негізгі принциптері:

азаматтар үшін – “заңды тыйым салынбағанның бәріне рұқсат етіледі” ,

мемлекеттік органдар мен лауазым иелері үшін – “заңда нақты не көрсетілсе, соған ғана рұқсат” болып табылады.

Құқықтық мемлекет жұртшылық пен мемлекеттік лауазым иелерінің құқықтық мәдениетін арттыруды, барлық заң жүйесін жақсартып, әділеттілікті жоғары дәрежеге көтеруді мақсат тұтады. Құқықтық мемлекеттің сапалық белгісі – адам және азамат құқығы мен бостандығына халықаралық, өлшем деңгейінде кепілдік беру болып табылады. Сот билігінің тәуелсіздігі мемлекет пен азаматтың өзара қатынасының дәйекті жүргізілетініне кепілдік бере алады. Конституция нормаларында атаған белгілер айқын көрініс тапқан.

Қазақстан - әлеуметтік мемлекет. Конституцияда көрсетілгендей, Қазақстан Республикасы демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекет болуымен қатар, әлеуметтік мемлекет болып та табылады.

Әлеуметтік мемлекет жекелеген топтарға немесе ұлыстарға емес, тұтас қоғам мен азаматтарға қызмет етеді. Ол мемлекеттік қор есебінен барлық азаматтарға мүмкіндігінше игіліктер көрсетіп, қоғамдағы ауыртпалықтарды да теңдей бөлу жолымен әлеуметтік теңсіздікті болдырмауға әрекет етеді. Мемлекеттің әлеуметтік сипатын Республика Конституциясында көрсетілгендей, білім беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет, халықты жұмыспен қамтамасыз ету, еңбекті қорғау, әлеуметтік қамсыздандыру және жағдайы төмен отбасыларына көмектесу сияқты шаралардан көруге болады. Әлеуметтік мемлекет азаматтың ең төменгі күнкөріс қажеті мен өмір сүрудің лайықты жағдайларын жасауды талап ету құқығын мойындацды. Бұған денсаулық пен адам өміріндегі қауіпсіздік мәселелері де кіреді.

Бұл шараларды әлеуметтік мемлекет жалпы және мақсатты әлеуметтік бағдарламалар арқылы жүзеге асырады. Қоғам мен азаматтардың нақты бір категорияларының мүддесі үшін күрделі экономикалық жоспарлауға және бюджеттік қаржыландыруға жүгінеді. Мәселен, Қазақстан Республикасының Үкіметі 1995 жылғы желтоқсанда “1996-1998 жылдары реформаны тереңдету жөніндегі іс-қимыл бағдарламасын” қабылдады. Оның негізгілерінің бірі – “әлеуметтік саясат” аталатын үшінші бөлім болды. Сондай-ақ 1995 жылы желтоқсанның 19-ында Қазақстан Республикасының Президенті қабылдаған “Қазақстан Республикасы тұрғындарының әлеуметтік тұрмыс жағдайларын жақсарту жөніндегі шаралар туралы” Жарлығы да осындай игілікті істердің қатарына қосылады.

Алайда әлеуметтік мемлекетті “Социалистік мемлекет” деген ұғыммен шатастыруға болмайды. Әлеуметтік мемлекет нақтылы экономикалық мүмкіндіктерге сай әлеуметтік қамқорлықтарды өз міндетіне алады және азаматтардың еңбек пен кәсіпкерлік белсенділігінің төмендеп, теңгермелік көңіл-күйдің болуына жол бермейді. Сондықтан Қазақстан Республикасы Конституциясының екінші бөлімінде азаматтың құқығы, бостандығын және міндетін бекіте отырып, жеке адамның өмірін және еркін жетілуін қамтамасыз ету мемлекеттің міндеті емес, алдымен оның өзінің санасы мен ерік-жігерінің ісі екендігін атап көрсетеді. Әлеуметтік мемлекет бірінші кезекте жеке бастамалар мен қоғамдағы экономикалық еркіндік үшін қажетті жағдайлар туғызуға міндетті. Осы жағдайлар арқылы “бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму” үйлестіріледі.

Республикалық референдум - Конституция, Конституциялық заңдар мен басқа да Қазақстан Республикасының мемлекеттік өміріндегі өте маңызды мәселелер жөніндегі шешімдердің жобалары бойынша, Республиканың барлық аумағында өткізілетін бүкілхалықтық дауыс беру. Бұл халық билігін тікелей жүзеге асырудың ең маңызды тәсілі саналады. Референдум қабылдаған шешім ең жоңғары талап етуші күшке ие. Оның Қазақстанның барлық аумағына бірдей міндетті күші бар және әлдеқандай органдар тарапынан бекітуді қажет етпейді. Конституцияның, Конституциялық заңдардың, басқа да құқықтық актілер мен заңдардың арасында сәйкессіздік болған жағдайда, ол өзгешеліктер Конституцияны және басқа да аталған актілердің барлығын Республикалық референдум қабылдаған шешімге сай жүйелендіру жолымен түзе тілінді.

Республикалық референдумға азаматтар ерікті түрде қатысып, жабық дауыс береді. Он сегіз жасқа толған Республика азаматтары тегіне, әлеуметтік, лауазымдық, мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, мекен-жайына немесе басқа да жағдайларына қарамастан, республикалық референдумға қатысуға құқықты. Әр азамат референдумда теңдей дауысқа ие.

Сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың референдумға қатысуға құқығы жоқ.

Республикалық референдум өткізудің ерікті сайлаумен ортақ жағы көп. Референдум мақсаты – адамды сайлау емес, мәселе шешу. Референдумға қойылатын мәселе азамат оған “иә” немесе “жоқ” деп бір жақты жауап беретіндей, не ұсынылған бірнеше шешімдердің біреуін таңдай алатындай деңгейде болуы тиіс. Қатысуға құқықты азаматтардың жартысынан астамы дауыс беруге қатысса, референдум өткізілген болып есептеледі. Республикалық референдум өткізу жөніндегі шешімді, Конституцияға сай, Республика Президенті қабылдайды. Республикалық референдум өткізу жөніндегі ұсыныс, сондай-ақ, Парламент пен Үкімет тарапынан және республикалық референдумға қатысуға құқықты кемінде екі жүз мың республика азаматының қолдауымен қойылуы мүмкін. Республикалық референдумді ұйымдастырып, өткізу мен оның нәтижесін анықтау Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 2 қарашадағы конституциялық күші бар “Республикалық референдум туралы ” Жарлығы бойынша жүзеге асады. Күшіне енген жаңа Конституцияға сәйкес және дамыған демократиялық, елдердің тәжірибесіне сүйене отырып қабылданған бұл актіде республикалық референдумға негіз бола алмайтын мәселелердің жеткілікті тізімі келтіріледі. Тәуелсіз мемлекет тарихындағы алғашқы республикалық референдум Қазақстанда 1995 жылғы сәуір мен тамыз айларында өткізілді. Оларда Қазақстан Республикасының бүкіл халық сайлаған Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттік мерзімін 2000 жылға дейін ұзарту және Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі мәселелер шешімін тапты. Соңғы референдумның алдында Н.Ә.Назарбаев ұсынған Конституция жобасы талқыланды. Жалпыхалықтық талқылаудың мақсаты – көпшіліктің ұсынысын есепке ала отырып, Заң жобасын жетілдіре түсу және оған қолдау көрсету.

Қазақстандық демократияның ажырамас конституциялық институты, сонымен бірге мемлекеттік жоғары лауазымды адамның (Президенттің) орнын алмастыру мен өкілдік органдарды (Парламентті, мәслихаттарды және жергілікті өзін-өзі басқару органдарын) құру тәсілі – ерікті сайлау.

Ерікті сайлау үшін негізгі үш жағдай сақталуы тиіс. Біріншіден, баламалы ұйғарындылық, (альтернативтік), сайлаушының бірнеше кандидаттың біреуін ұйғару мүмкіндігін; екіншіден сайлау науқанының барлық сатысындағы қоғамдық бақылау үшіншіден, сайлаушылардың өз еркімендауыс беруі. Қазақстан Республикасындағы сайлау өткізудің принциптері Конституцияда бекітіліп, Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заң күші бар “Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Жарлығында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының құқықтық-нормативтік сипаттағы актілерінде егжей-тегжейлі белгіленген. Осы ереже бойынша, 1995 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының сайлауы өткізілді. Мемлекеттік биліктің бірлігін, үстемдігі мен тәуелсіздігін анықтайтын – елдің егемендігі. Қазақстан Республикасында мемлекеттік биліктің біртұтастығы, аумағының бөлінбейтіндігі іске асырылды. Республика мемлекеттік билігінің тәуелсіздігі оның мемлекетаралық қатынастағы егемендігі болып табылады. Қазір Қазақстан Республикасын бүкіл әлем елдері танып отыр. Шекара туралы шарттарға қол қойылады.

Қазақстан егемендігі, тәуелсіз мемлекет болып қалыптасты, ол қамтамасыз етілді. Демократия және құқықтық дәрежеге өту процесі одан әрі жалғасуда. Жергілікті атқарушы органды Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің өкілі болып табылатын тиісті әкімшілік аймақтың әкімі басқарады.

 

Тақырып бойынша негізгі ұғымдар:демократия, демократизация, плюралисттік, тікелей демократия, классикалық либерализм, коллективисттік демократия.

7 дәрістің тақырыбына арналған АРМ(Hand-outs) – белсенді үйлестірмелі материал:

– Конец работы –

Эта тема принадлежит разделу:

Экономика, бизнес және әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебі

Аза Гуманитарлы За Университеті... Экономика бизнес ж не леуметтік ылымдар жо ары... Гуманитарлы ж не жаратылыстану п ндер кафедрасы...

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: Азақстан Республикасы – демократиялық мемлекет.

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным ля Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Все темы данного раздела:

Гуманитарлық және жаратылыстану пәндер кафедрасының отырысында талқыланды
  Хаттама № ____ «_____» _________­­­­­­­___________ _________ж.   Кафедра меңгерушісі т.ғ.к., доцент Ж.Д. Құсайынова  

Типтік бағдарлама
  № р/қ Пәндердің және циклдардың атаулары   Жалпы білім беру пәндері цикл

Жұмыс оқу бағдарламасы
  Семестр Кредиттер саны Сабақ түрі СӨЖ сағаттарының саны Жалпы сағаттар саны

ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
(syllabus)   Модуль пәнініңатауы: «Қазақстан Республикасының демократиялық негіздерінің қалыптасуы: саяси-қx

Пәннің мақсаты
Саясат – адам, қоғам және мемлекет арасында гармониялық үйлесімдікті табу. Бұл қоғамның, мемлекеттің, әр бір азаматтың ө

Модульдің атауы:Саясаттану
Модуль пәнінің атауы: Қазақстан Республикасының демократиялық негіздерінің қалыптасуы: саяси-құқықтық ас

СОӨЖ және СӨЖтапсырмаларын орындаудың және тапсырудың тақырыптық жоспары
Модуль пәнінің атауы: «Қазақстан Республикасының демократиялық негіздерінің қалыптасуы: саяси-құқықтық а

Халықаралық саясат және халықаралық қатынастар.
Төменде берілген авторлардың бірінің еңбегіне конспект жазу. М. Василик Хрестоматиясынан: 1. Д.Растоу (стр.656-672) 2. А.Пшеворский А. (стр.672-69

Лемдік саясат.
13.1 Кестені толтырыңыз: Мемлекет Тұрғындар саны Халықтың нығыздығы Табыс жан басына шаu

Негізгі әдебиет
Хан И.Г. Саясаттану – Алматы, 2003 ж. Қуандыков. Саясаттану негіздері. Алматы, 1998 ж. Жамбылов Д.А. Саясаттану негіздері. Алматы, 2000 ж. Василик М.А. Полито

Білімді бағалаудың жалпы шкаласы
Аттестациялық әріптік баға Балдардың сандық эквиваленті Оқу пәнін меңгеру дәрежесінің %-дық

Студенттердің бiлiмдерiн бағалау шкаласы
«Өте жақсы» бағасы (А; 4,0;95-100%; А-; 3,67;90-94%) егер студент бағдарлама материалын толық меңгергенін көрсетсе және қандай да қ

Глоссарий
Абсентизм - халықтың саяси өмірге немқұрайды, селкос қарауы, азаматтық міндетті атқарудан бас тартуы Абсолютизм– жо

Саясаттанудың объектісі – мемлекет, билік, билік қарымқатынастары.
Саясаттану пәні қоғамның саяси санасын, оның даму заңдылықтарын, қазіргі саяси өмірді ұйымдастырып, басқаруды, оның қ&#

Заңгер мамандығына саяси білімнің қажеттілігі.
Заңгер дегеніміз – заң саласындағы, заңгерлік қызметтегі, заңдық істерді (құқықтық нормаларға сәйкес қараст

A. Студенттердің өз-өзін тексеруге арналған тесттік сұрақтар.
1.Саясаттану – ол: - саясат туралы ілім - экономикалық жадай туралы ілім - әлеуметтік даму туралы ілім - адам психологиясын зерттейт

Дәріс.
Саяси ой дамуының негізгі кезеңдері. Қазақстанның саяси ойларының тарихы. Жоспар: 1. Қ

Студенттердің өз-өзін тексеруге арналған тесттік сұрақтар.
1.Танымалы ежелгі қытай философы, шешені, қызметкері: - Сократ - Платон - Конфуций - Аристотель 2.

A. Студенттердің өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар.
1. Аристотель бойынша биліктің қай түрлері ең тиімді? 2. Неден Платон демократияны жақтырмаған? 3. Саясаттанудың теологиялық мектеб

Дәріс 3. Саяси элита және саяси көшбасшылық.
  Жоспары: 1. Саяси элита ұғымы, негізгі теориялар. 2. Элита таңдау жүйесі. 3. Саяси көсбасшылықтың типологиясы ме

Азақстандағы саяси элитаның қалыптасуының құқықтық механизмдері.
Қазақстандағы саяси элитаның қалыптасуы бірнеше кезеңдерге бөлінеді. Бірінші кезеңі – XV ғасырдың ортасынан бастап XIX ғасырдыv

Студенттердің өз-өзін тексеруге арналған тесттік сұрақтар.
1.Элита – ол: - Ең жақсы, таңдалған, сұрыпталған деге мағынадағы ұғым - экономикалық жадай турал

Элитарлы теория не зерттейді?
- саяси тәртіптің субъективті механизмдерін, мінездемелерін, индувидуалды қасиеттерін - қоғамның жоғарғы топтың тұлғаларын

Дәріс 5. Билік саяси феномен ретінде.
Жоспар:     1.Билік мәні, тұжырымдамалары 2. Биліктің негізі, ресурстары, элементтері 3. Биліктің лег

Биліктің негізі, ресурстары, элементтері
Әдетте, «билік» деген сөз әр түрлі мағынада қолданылады. Оны ықпал ету бағытына, объектісіне байланысты былай етіп бөледі: ата-аналар билігі, м

Студенттердің өз-өзін тексеруге арналған тесттік сұрақтар.
1. Биліктің тармқталу теориясының қалаушысы: - Джон Локк - Г.Флобер - К.Маркс - Аристотель - Макиавелли 2. Биліктіv

Дәріс 6. Саяси жүйе. Саяси режим және оның түрлері.
Жоспар:   1. Саяси режим ұғымы. 2. Антидемократиялық режимдер   Әдебиеттер тізімі: Хан И.Г. Саясаттану – Алма

Студенттердің өз-өзін тексеруге арналған тесттік сұрақтар.
1.Саяси режим деп: -басқарушылықтің түрі - ел психологиясы -мораль негіздері

Дәріс 7. Қазіргі заман демократия моделдері мен теориялары.
    Жоспар:   1. Демократия мәні, пайда болуы және ерте замандағы демократия жайлы ұғымдар 2. Демократияны&

Демократия мәні, пайда болуы және ерте замандағы демократия жайлы ұғымдар
Демократия ұғымын бірнеше мағынада қолдануға болады: 1) мемлекеттің типі мен жалпы саяси жүйесі; 2) мүшелерінің теңдігіне, басқару

Азіргі кездегі демократияның негізгі теориялары
Плюралистік, элитарлық, экономикалық, «ақпараттық демократия» және маркстік теорияларының идеялары негізінде демократияның үш түрін атап к}

Азақстандағы демократияның заманға сай моделі
Қазақстан Республикасының Конституциясында: “Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және

Студенттердің өз-өзін тексеруге арналған тесттік сұрақтар.
1. Демократия - ол: -халық билігі - басқарушылықтің түрі - ел психологиясы -мора

Дәріс 9. Ел басқару түрлері мен мемлекеттік құрылым.
Жоспар: 1. Мемлекет ұғымы. 2. Мемлекеттің құрылымы. 3. Мемлекет құрылымының сыртқы саясатына ә

Студенттердің өз-өзін тексеруге арналған тесттік сұрақтар.
1. Монархия - ол: -ұрпақтан ұрпаққа жетілетінбасқарушылықтің түрі - ел психологиясы

Дәріс 10. Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам.
Ж о с п а р ы:   1. Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам мәні. 2. Демократияның дамуынд

Демократияның дамуындағы азаматтық қоғамның қалыптасуының қажеттілігі.
Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуы бір бірімен өзара тығыз байланысты. Азаматтық

Адамдардың қауіпсіздігі – азаматтық қоғам үшін ең мәртебелі әлеуметтік ұғым.
Құқықтық мемлекетті орнықтыру да адамдардың ежелгі арманы болатын. Құқықтық мемлекетте заң емес, құқы

Студенттердің өз-өзін тексеруге арналған тесттік сұрақтар.
1. Құқықтық мемлекет ең бастапқы: -заңға негізденеді - ел психологиясына с

Дәріс 11. Саяси партиялар және қоғамдық қозғалыстар.
Жоспар:   1. Саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар мәні, түрлері, ерекшеліктері 2. Партиялық және сайлау

Азақстандағы көппартиялықтың қалыптасуы.
Қазақстанның Егемендік алуы, КСРО диктатурасының құлауы қоғамдық дамудың табиғи атрибуты боп саналатын көппартиялықты&#

Студенттердің өз-өзін тексеруге арналған тесттік сұрақтар.
1. Партия сөзі латин тілінен аударғанда : -бөлік, бөлшек -заң - ел психологиясы

Дәріс 12. Саяси мәдениет, саяси идеология. Қазақстан Республикасының ұлттық идеясы.
  Жоспар: 1. Саяси мәдениет ұғымы. 2. Саяси мәдениет түрлері. 3. Саяси идеология, оның түрлері.

Саяси мәдениет түрлері, әлеуметтену кезеңдері және агенттері
Саяси әлеуметтену адам өмірінде маңызды орын алады. Оның басты кезеңдері: Саясилану; Персонификация; Идеологизация; Институционализ

Саяси идеология, оның түрлері.
  Қазіргі кезде табиғатына қарай идеология прогрессивтік және реакциялық, либералдық және радикалдық, ұлтшылдық және

Азіргі заманның қатынастарындағы неолиберализм және неоконсерватизмнің орны.
ХХ ғасырдың басында либерализм идеологиясының одан әрі дамуына байланысты бұдан өзгеше саяси идеология ретінде жаңа либерализм – неолиберализм бөліні

Тесттік сұрақтар.
  1. Идеология терминін алғашқы рет енгізген: - Дестюрт де Траси - М.Бакунин - Аристотель - Сократ 2. Либералдық идеолог

Азақстан Республикасының мемлекеттік ұйымдастырылуы: эволюциясы, конституция негіздері.
  Қазақстан — 1995 жылғы 30 тамыздағы республикалық референдумда қабылданған Конституция бойынша – өзін демократиялы, зайырлы,

Р-ның саяси жұйесінің конституциялық негіздері.
  Конституциялық құрылыс – бұл мемлекетті құқыққа бағындыруды қамтамасыз ететін және оны конст

Тесттік сұрақтар.
  1. «Көпвекторлы саясат» деген термин: - «көпжақты, әртарапты және теңдестірілген» саясат деп түсініктеме - дәст

Дәріс 14. Әлімдік саясат және халықаралық қатынастар.
Жоспары: 1. Әлемдік саясат. 2. Халықаралық қатынастар. 3. Халықаралық саяси ұйымдар. 4. Қазіргі заманның де

Лемдік саясат.
  Әлемдік саясат (ғылыми зерттеулер саласы ретінде) - [ағылш. world politics] - XX ғасырдың соңғы ширегінде А&

Халықаралық қатынастар.
Халықаралық қатынас - XX ғacыр соңғы он жылдығында халықаралық қатынастардағы жағдай түбегейлі ө

Азіргі заманның демографиялық мәселелері.
Демографиялық саясат - [ көне грекше: demos - халық, көне грекше: graphio - жазу] - елдегі және аймақтағы халық санын реттеуге ба

Азақстанның ұлттық-мемлекеттік мүдделері.
Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерi: 1) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету;

Аудиторияға және аудиториядан тыс жұмыстарға арналған материалдар
  Гуманитарлық және жаратылыстану пәндері кафедрасының пәндері бойынша аудиторияға арналған материалдық жұмыстар барлық саб

Білімді бақылауға арналған материалдар
  Студенттердің білімін бақылауға арналған материалдар бірыңғай білімді бақылау ережелері мен қағидаларына сәйкестендірліп

Гуманитарлық және жаратылыстану пәндері қолданатын интерактивті үлгідегі және оқытудың әдістері
  Дебат – студенттердің дұрыс жауап және мағыналы қорытындыны іздестіру мақсатында ауызша пікір алмасу. Дискуссия

Гуманитарлық және жаратылыстану пәндер кафедрасында қолданылатын дәстүрлі әдістерге жалпы шолу
  Реферат қысқаша мазмұнда құралған немесе ғылыми еңбектің мазмұнында жазылған аудиториялық ба

Оқытудың инновациялық-техникалық құралдарын қолданылуына шолу
Оқу процесі барысында кафедра оқытудың инновациялық-техникалық құралдарын, білім беру саласындағы ақпараттық технологиялар және 

Белсенді үлестірмелі материал.
Студенттердің өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1. Саясаттану пәні деген не? 2. Саясаттану пәні қашан қалыпт

САЯСИ МӘДЕНИЕТ. САЯСИ ИДЕОЛОГИЯ. ҚР ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫ
· Саяси мәдениет, ерекшеліктері, құрылысы · Саяси әлеуметтену, кезеңдері, түрлері · Саяси идеология, оның негізгі түрлері

Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • Популярное
  • Облако тегов
  • Здесь
  • Временно
  • Пусто
Теги