(syllabus)
Модуль пәнініңатауы: «Қазақстан Республикасының демократиялық негіздерінің қалыптасуы: саяси-құқықтық аспект»
Барлығы - 1 кредит
Курс - 1
Семестр – 1
Дәрістер - 10 сағат
Cеминар - 5 сағат
СОӨЖ - 8 сағат
СӨЖ - 22 сағат
Жалпы көлемі – 45 сағат
Қорытынды бақылау - 1 семестр
А С Т А Н А – 2013 ж
Оқытушы туралы мәлімет және байланыс мағлұматы:
Рыстина Индира Садыбекқызы – саясаттану ғылымдарының магистрі, кафедраның аға оқытушысы; гуманитарлық және жаратылыстану пәндер кафедраcы, 442 каб., тел: 70-30-52.
Ғылыми қызығушылығы: саяси сараптама, саяси мәдениет, қазіргі заманның саяси ойы, азаматтық қоғамның қалыптасуы қалыптасуы.
Пререквизиттер:«Саясаттану» пәнін толығымен игеріп алу үшін алдын ала келесі пәндерді білген жөн:
- Философияны - қазіргі замандағы саяси процесстерді талдау үшін және әлеуметті-гуманитарлы пәндердің категориалды аппараты ретінде;
- Қазақстан тарихын - тарихи әлеуметтік-саяси процесстерін талдауының эмпирикалық және теориялық негізі ретінде;
- Әлеуметтануды - әлеуметтік қатынастарды және қоғамдағы өтіп жатқан процесстерді талдау үшін методологиялық құрал ретінде;
- Жалпы психологияны - саяси құбылыстардың психологиялық аспекттерін анықтайтын пән ретінде.
- Мәдениеттануды – қоғамның саясат пен мәдениеттің байланысын анықтайтын пән ретінде
- Экономиканы – экономикалық білімдердің базисты пәні ретінде
Пәннің сипаттамасы:
Саясаттану – саясат туралы, мемлекет пен тұлға арасындағы қарымқатынас жайлы, сонымен қоса саяси жұйенің іске асырылуы мен саяси процесстердің «технологиялары» туралы ғылым. Саясаттану пәні жалпы ғылыми әдістерін қолданады: жұйелік, салыстырмалы, тарихи, функционалды, сонымен қатар оның өзіндік әдістері бар: нормативті, әлеуметтанулық, психологиялық, контент-анализ, антропологиялық.
Саясаттану пәні нақты ғылым түріне 20 ғасырға таман айналды. 1949 жылы ЮНЕСКО қарамағында саяси ғылымның Халықаралық Ассоциациясы пайда болды. Дәл осы кезде саяси ғылымынң негізгі тармақтары қалыптасты:
- саяси теория: саясат теориясы мен саяси ойдың тарихы;
- саяси институттары;
- партиялар, саяси қозғалыстар мен саяси пікір;
- халықаралық қатынастар