Азақстанның ұлттық-мемлекеттік мүдделері.

Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерi:

1) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету;

2) елде қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылықты сақтау;

3) Қазақстанның бүкiл халқының игiлiгi үшiн экономикалық даму;

4) қазақстандық патриотизмдi тәрбиелеу және Қазақстан халқының

бiрлiгiн нығайту;

5) Қазақстан қоғамының материалдық және рухани құндылықтарын сақтау мен еселей түсу;

6) Қазақстан Республикасы конституциялық құрылысының, оның iшiнде мемлекеттiк тәуелсiздiгiнiң, бiрегей құрылысы мен президенттiк басқару нысанының, тұтастығының, мемлекеттiк шекарасына қол сұғылмаушылық пен ел аумағының бөлiнбестiгiнiң бұлжымас берiктiгi;

7) мемлекеттiк институттардың тұрақты жұмыс iстеуi, оларды

нығайту және қызметiнiң пәрмендiлiгiн арттыру;

8) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құрамаларының жарақталуы мен жауынгерлiк әзiрлiгiн қамтамасыз ету;

9) заңдарды бұлжытпай орындау және құқық тәртiбiн сақтау;

10) әрiптестiк негiзiнде халықаралық ынтымақтастықты дамыту;

11) отандық агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің азық-түлік қауіпсіздігін толығынан қамтамасыз ететіндей тиянақты жұмыс істеуі және дамуы болып табылады.