рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

ТАҚЫРЫП 1. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ІЛІМНІҢ ПӘНІ МЕН ӘДІСТЕРІ

ТАҚЫРЫП 1. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ІЛІМНІҢ ПӘНІ МЕН ӘДІСТЕРІ - раздел Экономика, ТаҚырып 1. ЭкономикалыҚ...

ТАҚЫРЫП 1. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ІЛІМНІҢ ПӘНІ МЕН ӘДІСТЕРІ

Экономикалық теорияның пәні Экономикалық теорияның қызметтері және зерттеу… Экономикалық санаттар және заңдар

ТАҚЫРЫП 2 ЖӘНЕ 3. ҚОҒАМДЫҚ ӨНДІРІС ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ИНСТИТУТТАР: МЕНШІК ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК.

Экономикалық қорлар (ресурстар) және өндіріс факторлары

Өндіріс және ұдайы өндіріс

Меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны

Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру: кезеңдері, формалары, әдістері, проблемалары

Экономикалық қорлар (ресурстар) және өндіріс факторлары

Қоғамның тіршілік етуі үшін өндіріс процесі қажет. Экономикалық игіліктерді өндіру үшін ресурстар, яғни қоғамның әлеуметтік мүмкіндіктері өндіріс процесінде қолданылады. Ресурстар – бұл материалдық және рухани игіліктер мен қызметтерді жасау процесінде пайдалануы мүмкін әртүрлі өндіріс элементтерінің жиынтығы. Оның мынандай түрлері бар:

1) табиғи ресурстар- адамдардың күнкөріс көзі ретінде пайдалынылатын табиғат элементтері;

2) материалдық ресурстар- өндіріс процесінде өңдеуге, қайта өңдеуге арналған элементтердің кешені;

3) еңбек ресурстары- халықтың еңбекке жарамды бөлігі;

4) қаржы ресурстары- шаруашылық жүргіуші субьектілер мен мемлекет жасақтайтын ақшалай кіріс.

Өндіріс процесінде бастапқы ресурстар адамдардың қажеттіліктеріне бейімделеді, игіліктердің жасалуы жүзеге асады.

Қажеттілік– бұл адамдардың белгілі- бір пайдалылығы бар игіліктерді иелену мен пайдалануға деген ынталылығы. Игіліктер қажеттіліктерді қанағаттандыратын құралдар болып табылады.

Нақты өндірісте әрекет жасауға жұмсалған ресурстарды өндіріс факторлары деп атайды. Қазіргі экономикалық теорияда төрт өндіріс факторлары белгіленген: еңбек, жер, капитал, кәсіпкерлік қабілет.

 

 

Қоғамдық өндірістің екі жағы бар: өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар

 

 

Жұмысшы күші дегеніміз- адамның еңбекке қабілеттілігі. Ал еңбек дегеніміз- адамның саналы іс- әрекеті болып табылады.

Өндірісті ұйымдастыруға жұмысшы күшінің болуы жеткіліксіз. Оған қоса өндірістің заттық факторлары – өндіріс құрал- жабдықтары керек. Өндіріс құрал-жабдықтары – бұл еңбек заттары мен еңбек құралдарының жиынтығы. Өндірістік қатынастар- бұл материалдық игіліктер мен қызметтерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну кезінде пайда болатын экономикалық қатынастар жиынтығы.

Өндіріс процесі өндіргіш күштер арқылы жүзеге асады. Өндіргіш күштер дегеніміз - бұл өндірісті ұйымдастыру үшін пайдаланатын жұмыс күші мен өндіріс құралдарының жиынтығы.

Өндіріс құралдары екі бөлшектен құралады:

1. Еңбек заттары – ол адамның еңбегіне бағытталған зат.

2. Еңбек құралдары – ол адамның еңбек затына ықпалын жүргізетін құрал.

Қажеттілікті қанағаттандыру барысында қоғамдық өндіріс екі сфераға бөлінеді:

Оғамдық өндірістің құрылымы

Адамдардың тұтынушылықты сезінгенінде еңбекке уәждеме пайда болады. Мұндай жағдайда,… 1. Физиологиялық тұтынушылық; 2. Қауіпсіздік тұтынушылығы;

Жай ұдайы өндіріс Ұлғаймалы ұдайы өндіріс.

Жай ұдайы өндіріс- бұл өндіріс процесінің үзіліссіз өзгермеген күйде қайталануы.… Ұлғаймалы өндірістің түрлері: 1. Экстенсивті - өндіріс факторлардың сан жағынан молаюы арқылы дамиды.

Жымдық меншік

 
 

 

 


Серіктестік Кооператив Акционерлік Бірлескен

қоғам өндіріс

Оғамдық меншік

  Мемлекеттік Муниципалдық  

Кесте- Жекешелендірудің тәсілдері.

  1991ж. бастап ҚР-ның Конституциясында жекеменшікке деген… Қазақстан Республикасында жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алу процесі «Жекешелендіру және…

Ж.ж. – мемлекеттік меншікті басқару мен жекешелендіру заңдылық негізін жетілдіру және басқарудың тиімділігін көтеру.

ТАҚЫРЫП 4. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІҢ ТИПТЕРІ МЕН ОЛАРДЫҢ ДАМУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ.

Экономикалық жүйе, оның элементтері Экономикалық жүйелердің типтік үлгілері:…  

ТАҚЫРЫП 5 ЖӘНЕ 6. ҚОҒАМДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ НЫСАНДАРЫ. ТАУАРЛЫ ӨНДІРІС. АҚША. НАРЫҚ: ТҮРЛЕРІ, ҚҰРЫЛЫМЫ, ҮЛГІЛЕРІ.

 

Қоғамдық шаруашылықтың негізгі нышандары: натуралды және тауарлы

Еркін бәсекенің тауар шаруашылығы мен нарықты ұйымдастыру

Тауар-ақша қатынастарының эволюциясы және нарықтың қалыптасуы

Нарықтың мәні мен түрлері оның классификациясы. Нарықтың қызметтері

Қоғамдық шаруашылықтың негізгі нышандары: натуралды және тауарлы

Өндірісті ұйымдастырудың тарихи алғашқы экономикалық түрі– натуралды шаруашылықтанбастау алады. Адамдарды өнімдерді сатуға, нарыққа арнамай, оларды тек өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өндіруін натуралды шаруашылық деп атайды. Оның негізгі ерекшеліктері:

· әмбебап қол еңбегіне негізделді, қоғамдық еңбек бөлнісін білмейтін және өз өнімдерін бір-біріне айырбасталмайтын алғашқы қауым халықтарында таза өмір сүрді.

· өндіргіш күштері мен оларды ұйымдастыру дәрежесі қарапайым төмен болды;

· өнімдер ғасырдан ғасырға бастапқы түрлерін өзгертпей, көлемдері ұлғаймай өндірілді.

Тауар өндірісі деп - өнімдер сатуға арналып өндірілетін, ал өндірушілер мен тұтынушылар арасында байланыстар нарық арқылы жүзеге асырылатын шаруашылықты айтады.

Тауар өндірісінің пайда болуының себептері:

§ қоғамдық еңбек бөлінісі яғни, өндірушілердің белгілі- бір өнімдерді өндіруге мамандануы;

§ меншік қатынастары арқылы өндірушілердің бір- бірінен экономикалық жағынан өзара оқшаулануы болып табылады.

 

Ол алғашқы қауымдық қоғам ыдырау кезінде, яғни жеке меншік орнағаннан соң пайда болды. Тауар өдірісінің даму кезеңдері айырбастың, нарықтың дамуымен тығыз байланысты. Нарықтың төмендегідей типтері бар: дамымаған, еркін, реттелетін, бұзылған.

Осы аталған нарық типтеріне сәйкес, тауар өндірісінің ерекше моделдері қалыптасады.

1. Дамымаған нарыққа негізделген тауар өндірісі (жай тауар өндірісі) – қоғамдық еңбек бөлінісіне, өндірісі– құрал- жабдықтарына жеке меншікке, тауар өндірушілердің өз еңбектеріне негізделген. Жай тауар өндірісі кезінде өндірілген өнімнің бір бөлігі ғана нарыққа шығарылады. Сондықтан да ол бүкіл экономиканы қамтымайды, яғни оның жалпыламы сипаты болмайды.

2. Еркін нарыққа негізделген тауар өндірісінің (нарық экономикасы) - өзіне тән ерекше белгілері бар. Оған жататындар:

1) адамның жұмыс күші тауарға айналады және өндірушінің өз еңбегін жалдамалы еңбек алмастырады;

2) қоғамда өндірілген өнімнің басым бөлігі жекелей тұтыну үшін емес, нарыққа және сатуға арналады.

Бұл кездегі тауар өндірісі еркін бәсекеге негізделеді, сондықтанда оны еркін бәсеке дәуіріндегі капитализім немесе «еркін экономика» деп атайды. Мемлекет шаруашылық өміріне араласпайды, сол себептен оны «таза капитализм» деп атайды. Шаруашылық қызметтерін үйлестіруде нарықтармен баға жүйесін кеңінен пайдаланатын, тауар өндірісінің мұндай типін рыноктық (капиталистік) экономика деп атайды. Машиналы өндірістің дүниеге келуімен нарық экономикасында қалыптасты.

3. Реттелетін нарыққа негізделген тауар өндірісі– экономикада екі сектордың болуымен, яғни: елдегі материалдық игіліктермен бүкіл ресурстарды өндіруде, бөлуде, айырбастау мен тұтынуда және жеке секторларының үлестерінің жоғары болуымен ерекшеленеді. Мемлекет нарықты экономикаға беделді араласады, бірақ рыноктың реттеушілік ролін, оның «көрінбейтін қолы» принципін сақтайды. Реттелетін нарық экономиканы монополияландыру барысында қалыптасады, бұл кезде үкіметтің алдында бір ғана мәселе – монополияны тежеу міндеті тұрады. Мемлекеттік ретеудің негізгі түрлері – заңдар шығару, салық салу, қаржы арқылы жүзеге асырылады. Реттелетін нарыққа негізделген тауар өндірісінің бірнеше модельдері бар.

 

Олар мемлекеттік бағдарламаларының нысаналы мақсаттары бойынша бір-бірінен ерекшелігі бар. Әлеуметтік нарықтық шаруашылықтың басты мақсаты– азаматтардың мүделерін қорғау; аралас экономиканың мақсаты– кәсіпкерліктің дамуына жағдайлар туғызу; ал корпоративтік экономиканың мақсаты– ірі бизнестің мүдделерін қорғау болып табылады. Бірінші үлгі– Германияға, екіншісі– АҚШ-қа, үшіншісі– Жапония мен Швецияға тән.

4. Бұзылған нарыққа негізделген тауар өндірісіне - әміршіл -әкімшіл экономикалық жүйеге тән белгілер жатады: жетілген қоғамдық еңбек бөлнісінің жүйесі, ірі машиналы өндіріс, ұлттық экономиканы ұдайы және үздіксіз реттеу, еркін нарықты қатынастарға тосқауылдар қою. Әкімшіл- әміршіл экономика – жоспарлы дерективалық және нормативтік болып екі үлгіге бөлінеді.

Тауар өндірісінің өзекті категориясы- тауар болып табылады. Оның мәнін әр түрлі түсіндіреді. Солардың ішіндегі басты екеуіне тоқтайық:

1. Маркстік теорияда, тауар– зат, біріншіден адам қажетін өтеу үшін, екіншіден– сату үшін өндірген, бұл анықтамадан туындайтын салдарлар:

а) тауар деп адамның белгілі бір қажеттіктерін қанағаттандыратын заттарды айтады;

ә) тауар деп еңбек жұмсалған заттарды айтады;

б) тауар деп сатуға арналған заттарды айтады.

Тауардың екі қасиеті бар: 1.тұтыну құны. Тауардың тұтыну құны дегеніміз тауардың адам қажетін қатағаттандыра алатын мүмкіншілігі. 2. айырбас құны– бір тауардың екінші бір тауарға айырбасталу мүмкіншілігі. Тауардың пайдалығы, адамның белгілі бір нақтылы қажетін қанағаттандыру қасиеті. Құн- тауарға сіңген, зат формасына айналған қоғамдық еңбек мөлшері. Ол адамдардың ден қауызымен бүркелеменген өндірістік қатынасын білдіреді. Қысқаша айтқанда, кез келген тауардың екі қасиеті: тұтыну құны және құны болады. Осы жағдайда ғана өнім тауарға айналады.

Тауардың екі қасиетінің болуы ол тауарға сінген еңбектің екі жақты сипатына байланысты. Өйткені тауар өндіруге екі жақты еңбек – нақты және абстракты еңбек жұмсалады.Нақты еңбек– жеке адамдардың тауар өндіргенде тұтыну құнын жасауға шығындаған еңбегі. Адамдардың дене күші мен ақыл ой энергиясын жұмсауы, осының көмегімен тауарларды айырбастау процесінде адам еңбегінің қоғамдық сипаттқа ие болуы- абстракты еңбек деп аталады.

Тауарға сіңген еңбектің екі жақтылығын тұңғыш ашқан К.Маркс. Осы еңбектердің көлеңкесінде жеке және қоғамдық еңбектің арасындағы қайшылық бүркемеленеді. Абстракты еңбек тауар өндірушілердің өндірістік қатынастарын бейнелейді.

Тауар өндіруге шығындалған еңбекті жай және күрделі еңбек деп бөледі. Жай еңбек дегеніміз арнайы оқып үйренуді, қандай да бір дайындықты қажет етпейтін еңбек. Күрделі еңбек арнайы даярлықты оқып үйренуді, кәсіби білімді қажет етеді.

Барлық нарық өнімдерінде бірдей және ортақ болатын не? -Ол ҚҰН. Құн- бұл тауардың табиғи қасиеті емес, ол қоғамдық қасиет. Құн адамдар арасында бірлесіп еңбек етудің салдарынан және нарықта еңбек өнімдерінің айырбасталуы кезінде пайда болатын қоғамдық қатынастардың көрінісі. Құнның келесідей тарихи даму формалары бар: жай, толық, жалпылық және ақшалай. Қүн заңы- бұл тауар өндірісінің дамуын басқаратын баға заңы. Баға дегеніміз тауар құнының ақшалай көрінісі. Сонымен құн заңы дегеніміз баға заңы.

Австрияның экономикалық мектебінде тауар айырбасқа арналған игіліктердің ерекше түрі деп анықтама береді.

Шектеулі пайдалылық теориясының атасы неміс экономисі Госсен болып саналады. Бірақ, ол Австрия мектептері өкілдерінің еңбектерінде кеңінен дамыды.

Заттардың пайдалылығы түсінігі бойынша, ол әр тұтынушымен бекітілетін шектеулі, яғни, қорда бар осы атаулы заттың соңғы біреуінің аз пайдалылығы. Тауар неғурлым көп болса, сонша оның тұтынушыны толық қанағаттандыру деңгейі жоғары болады да, олардың соншалықты нақты пайдалылығы мен құндылығы төмен болады. Керісінше, тауар неғурлым аз болса, оның пайдалылығы мен құндылығы жоғары болады. Бұл Госсен заңы деп аталады.

Кез келген экономикалық игіліктің шектеулі пайдалы көлемі ресурстардың аздығымен анықталады. Маржиналдық теориясы бойынша, өндіріс саласындағы, айырбастаудағы, яғни нарықтағы жалпы адам және шаруашылық жүргізуші субъекті игіліктің шектеулі пайдалылығынан жұмыс істейді- бұл тұтынуды қанағаттандырудың ең аз интенсивтілігіне арналған, сол бірліктің пайдалылығы.

Өндіру игілігінің құны өндіру сипаттамасына ие және жеке тұтынуды қанағаттандыру үшін пайдаланылатын соңғы өнімнің шектеулі пайдалылығымен реттеледі.

Ақшаның пайда болуы, мәні және атқаратын қызметі

Құнның мөлшері ақшалай көрініс табады. Ақша ежелгі заманда пайда болған. Ол тауарлы өндірістің дамуының бірден-бір шарты болып табылады. Ақша- өндіру мен бөлу процестерінде адамдар арасында белгілі бір экономикалық қарым-қатынастарды көрсететін экономикалық категория және де абсолютті икемді айырбас құралы болып табылады. Ақша- бұл жалпы эквивалент рөлін атқаратын ерекше тауар. Ақшаның үш түрі бар: тиындар, қағаз ақшалар және электронды немесе кредиттік ақшалар. Тиын- бұлар ерекше нысандағы, металл құймасы, салмағы, белгісі бар, нағыз ақшалар. Бұлар толық бағалы ақшалар. Қағаз және кредиттік ақшаларды толық бағалы емес ақша деп атайды. Оларға сондай- ақ, күміс және мыс ақшаны да қосады.

Монета деп өзіне тән формасы бар және айрықша қоспадан жасалған құйма металды айтады. Алғашқы монеталар б.д.д. 3 ғасырда Римде Юнона-Монета храмында басылып шыққан. Қағаз ақшалар алғашқы рет Қытайда 12 ғасырда жасалып шығарылады, ал Ресейде 769жылы Екатерина ІІ кезінде жасалды. Қазіргі таңда несие ақшалары қолданылады, өйткені олар өте тиімді әрі икемді.

Ақшаның алғашқы рөлін екі металл атқарды: алтын мен күміс. Бұл биметаллизм дәуірі болатын. Монометаллизм кезінде ақша материалды ретінде тек алтын пайдаланылды. 1923-1933ж. әлемдік экономикалық дағдарыс монометаллизм дәуіріне тұсау салды. Ұсақталмайтын ақша жүйесінің қалыптасуы басталды. Оның айыру белгілері:

1. кредиттік ақшаның үстем болуы;

2. алтынды монетаризациялаудан алу, яғни, оның айналымнан шығуы;

3. банкноттарды алтынға айырбастаудан бас тарту және олардың құрамында алтынның болуын алып тастау;

4. жеке кәсіпкерлік пен мемлекетті кредиттеу мақсатында ақшаның эмиссиясын (ақша шығару) күшейту.

Ақшаның атқаратын қызметтері:

1. Құн өлшемі. Ақшаның көмегімен басқа барлық тауардың құнын көрсетуге болады.

2. Айналым құралы. Осы қызметті ақша қолма - қол түрінде атқарады, себебі олар нақты тауар айырбасында делдалдық қызмет атқарады. (тауар – ақша-тауар)

3. Төлем құралы. Бұл қызмет тауарды несиеге сатқан кезде, ақшаны қарызға бергенде, салықты, жалақыны және т.б. төлемдерді атқарады.

4. Қорлану немесе қазына жинау құралы. Ақша айналысын тоқтатады және келешекте ұзақ мерзім пайдаланатын тауарларды сатып алу үшін қорланады.

5. Әлемдік ақша түрінде болуы. Әлемдік ақша алтын және өнеркәсібі дамыған елдердегі тұрақты валюта болып табылады.

 

Ақшаға бірнеше қасиеттер тән:

- Біртектілігі және сапалылығы (жасанды ақша жасау өте қиынға соғады).

- Пайдалануға өте ыңғайлы

- Мүлтіксіз сақталынуы

Ақша және тауар мөлшері тепе- теңдікте болуы шарт. Егер біріншісінің шамасы көбейіп кетсе құнсызданады, инфляцияға қызмет етеді. Белгілі бір елдің айналыстағы қағаз ақшасының шамадан тыс көбейіп кету салдарынан оның құнсыздануын- инфляция дейміз. Ол тауарлардың бағасын шамадан тыс көтеріп жібереді.

Тауар- ақша қатынастарының эволюциясы және нарықтың қалыптасуы

Тауар айналысы деп ақша арқылы жүзеге асатын тауар айырбасын (Т-А-Т) айтады. Түсінікті болғандай, тауар айналысы ақша айналысымен байланысты және ол дамыған ақша жүйесінің болуын талап етеді. Алайда, көптеген жүздеген жылдар бойы тауар айналысы кездейсоқ, сирек құбылыс ретінде болды. Тек нарық жүйесі қалыптасқан соң ғана, ол жалпылама сипатқа ие болды.

Нарық қоғамдық еңбек бөлінісі мен шаруашылықты жүргізу субъектілерінің өзара оқшаулауына негізделген тауар өндірісінің табиғи-тарихи даму процесінің нәтижиесі болып табылады.

Нарық деп алғашқыда адамдар тауарлар мен қызмет көрсетулерді өзара айырбастайтын жерлерді атаған, бұлар әдетте қала ортасындағы алаңдар болды.

Тауар өндірісінің дамуына қарай нарық дамып және ол туралы түсініктер күрделене түсті. Осыған орай, экономикалық әдебиеттерде нарыққа сан- қилы анықтамалар беріледі.

Бір бөлігі нарықты үстірт қараудың негізінде жоғарыдағы алғашқы адамдар түсінігінен көп ұзай алмай ұйымдастырылмаған у- шуы көп кәдімгі базармен теңейді. Енді бір бөлігі, нарықты «керемет күш» деп, экономикалық өмірде болып жатқан олқылықтар мен қайшылықты тез арада жоятын «күш» дейді.

Бұл екі қарама- қайшы анықтамалардың өмір сүруі нарықтық қатынастың методологиялық негізіне терең үңілмей, оны жаңа құбылыс ретінде қарауларында.

Сатып алу- сату тұрғысынан қарастырғанда нарық деп сұраныс пен ұсыныстың, өндірушілер мен тұтынушылардың өзара әрекеттесу сферасын айтады.

Экономиканы ұйымдастыру тұрғысынан қарастырғанда нарық деп шаруашылықты жүргізу субъектілері арасындағы байланыстардың қоғамдық формасын айтады.

Сонымен, нарық дегеніміз- ұдайы өндірістің барлық сатыларында өндіру, бөлу, айырбас пен тұтыну сфераларында сатып алу- сату арқылы жүзеге асырылатын ұйымдық- экономикалық қатынастар жиынтығы болып табылады.

Еліміздің соңғы кезеңде басқарудың экономикалық әдісіне көшуі нарықтық айырбасқа кең жол ашты. Кейбір экономикалық әдебиеттерде, ел арасында, осы әдісті «батыстық модельдерді» қайталау емес пе деген ойға сайып жүр. Бұл әрине дұрыс ой емес. Социализм тұсында 1965 жылы басталған (бірақ аяғына жете алмаған) экономикалық реформа, социалистік елдердегі нарықтық қатынастың ұлғаюы шаруашылық механизмін қайта құру барысындағы заңды көрініс.

Әрбір өндіріс әдісіндегі нарық меншікке байланысты өндірістік қатынастарының барлық жүйесінде әрекет жасайды. Біздің елімізде де нарық өндірістің тиімділігі мен халықтың әлеуметтік- тұрмыс дәрежесін жақсарту бағытында қызмет істей бастады.

Нарықтың мәнін талдауда тағы бір айтатын жәй, ол теориялық дискуссиядағы нарық пен жоспарды біріне- бірін қарсы қою. Негізіне келсек, ұдайы өндіріс-жоспарлы ұйымдасқан процесс, онда нарықтың икемділігін, экономикалық тиімділігін арттыруға пайдалану маңызды мәселе. Осыған байланысты, нарық ұдайы өндірістің үйлесімді дауының негізгі бағыты болады. Сондықтан, экономиканы нарықтық реттеу ұйымдасқан жоспарлы шаруашылық механизмнің құрамды бөлігін құрап, онымен тығыз байланыста болады.

Нарықтың мәні мен қызметтері

Нарықтың атқаратын маңызды қызметтері:

-делдалдық- нарық арқылы өндірушілер мен тұтынушылар арасында байланыстар орнайды. Нарыққа қатысушы әр адам бір мезгілде, әрі сатып алушы, әрі сатушы болады. Ол өз өміріне қажет нәрселерді сатып алады немесе нарықта өзі өндірген тауарларды немесе мүлігін немесе жұмыс күшін сатады;

- реттеуші нарық арқылы қоғамдық өндірісті реттеу жүзеге асырылады, яғни не өндіру қажет, қалай өндіру қажет, кімдер өндіру қажет проблемалары өз шешімдерін табады;

- нарық арқылы өнімдерді өндіруге жұмсалған шығындарды есепке алу жүзеге асырылады. Нарық нені өндіру қажет екендігін белгілеумен шектелмейді, сонымен бірге өнімнің белгілі бір түрлерін өндіру үшін қоғам қандай шығындар жұмсауы тиіс екендігі анықталады. Егер де шығындар көп болса, ондай өнімдерді сатып алу мүмкін болмайды және оны одан әрі өндіру тоқтатылады. Демек, нарықта шығындарды өтейтін бағалар бойынша өнімдер сатылады;

-баға белгіленімі- нарықтың маңызды қызметі бағаны белгілеу болып табылады. Баға сұраныс пен ұсыныстың әсерімен құбылып отырады. Егер де нарықта белгілі тауарлардың мөлшері оған деген сұраныстан басым болса, онда баға арзандайды, демек сол тауарды ұсыну мен өндіру кемиді. Керісінше, бағаның көтерілуі өндірісті ынталандырады, оның өсе беруі сұраныс пен ұсыныстың арасындағы тепе-теңдік орнағанша жалғасады және соның салдарынан тепе-теңдік баға белгіленеді;

-сауықтандырушы- нарық өндірушілерді өзара жіктейді. Бәсеке кезінде тек өнімдерді өндіруге нарық бағасынан төмен шығындар жұмсаған фирмалар ғана өмір сүре алады. Бұл жағдайда фирма пайданы иемденеді. Егер шығындарды нарық бағасынан жоғары болса, онда зиян шегіп, шығындарға ұшырайды. Яғни, өндірушілердің жіктелуі дегеніміз тиімді фирмалардың нығая түсуі және тиімсіз фирмалардың күйреуі болып табылады.

Нарық экономикасы тәжірибиеде өзінің жоғары тиімділігін дәлелдейді. Оның негізгі тиімді жақтары:

1. экономикалық жағдайлардың өзгеруіне тез бейімделгіштігі мен икемдігі;

2. өндіріс шығындарын азайту мен пайданы көбейту үшін жаңа технологияны жылдам пайдалануы;

3. өндірісшілер мен тұтынушылардың шешімдер қабылдау, мәмілелер жасау кезіндегі тәуелсіз еркін болуы;

4. әртүрлі қажеттіктерді қажетті мөлшерде және жоғары сапамен қанағаттандыру қабілеті.

5. бағаның еркін қозғалысы. Нарық бағаның мөлшері мен динамикасы, сұраныс пен керексінудің еркін өзара қатынасы процесінде қалыптасады. Бағаның еркін қозғалысын нарық қана қамтамасыз етеді;

6. экономиканы «сауықтыру» өз алдына шаруашылық жүргізушілердің еңбек нәтижиесін қоғамдық бағалау бағаның еркін қозғалысы арқылы жүзеге асырылса, артта қалған өндірушілерді озық өндірушіден аяусыз алшақтатады;

7. бәсекенің жалпыға ортақ бірдейлілігі.

Нарық осы аталған негізгі тиімділіктерін іске асыру барысында шаруашылық механизмінің басқа да процестеріне тиімді ықпал жасайды.

Нарық жоғарыдағы аталған күш- қуатына қарамастан маңызды қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыра алмайды. Оның себебі нарық қатынастарына қатысушылардың дербестігі мүмкіндік бермейді. Ол үшін арнаулы институттардың қатысуын қамтамасыз ету қажет. Демек нарық қатынасын реттеуге мемлекеттің белгілі бір шеңберде өзінің қаржы- қаражат т.б. институттары арқылы қатысуы қажет. Сонымен, нарықтың әлсіздігі:

1. Еңбек пен табысқа кепілдік бермейді нарық жүйесі теңсіздікті одан әрі күшейте түседі;

2. Әлеуметтік қажеттілікті қорғау үшін пайдаланылатын тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндіруді ынталандырмайды;

3. Нарық экономикасы халық шаруашылығы салалары арасындағы қарым- қатынастарды, макроэкономикалық пропорцияларды реттей алмайды, керісінше диспропорциялар тудырады.

4. Нарық экономикасы ғылыми- техникалық жаңалықтарды қолдануға ерекше ұмтылғанымен осы жетістіктерді пайдалануда сараңдық жасайды. Себебі ҒТП тәуекелдікпен жұмсалатын көп қаржы- капитал. Нарық экономикасының бұл кемшілігін ғылыми-техникалық прогресс саласындағы капиталды қолдайтын мемлекеттік бюджеттен арнаулы қаржы бөлу арқылы бәсеңдетуге болады.

5. Капиталдың айналымын тездетуді көздейтін нарық экономикасы күрделі құрылыс жоспарына қаржы жұмсауға ынталы емес, себебі бұл салада қаржы айналымы ұзақ мерзімге созылатындықтан, бұл қызметті қоғам атқаруы керек.

6. Нарық экономикасы өте күрделі әлеуметтік проблемаларды тудырады. Оған жататын- жұмыссыздық, табыстардың күрделі жіктелуі, инфляция. Нарық экономикасының осы тәрізді қолайсыз жақтарын азайту мемлекеттің ерекше назарында болуға тиіс.

Жоғарыдағы аталып отырған мәселелердің бәрі бір орталықтан басқаруды қажет етеді. Сондықтан бұл мәселелерді мемлекет өз құзырына алуы қажет.

Нарық экономикасының қолайсыз бір жағы- тапшылықтың болуы.

 

1. Арзан ресурстар тапшылығы болғандықтан өндірушілер оларды неғұрлым үнемдеуге мәжбүр.

2. Төлем тапшылығы- тауар тапшылығы емес, төлем құралының жетіспеуі. Осы жағдай мол табысты қызмет атқаруға ынталандырады, бірақ та бұл жағдай ұсыныстың сұраныстан артық болғанында орын алады.

3. Бюджет тапшылығы- мемлекеттік шығындардың мемлекет табысынан артық болуы.

4. Сауда балансы тапшылығы- импорттың экспорттан артық болуы немесе шет елден келген тауарлардың шетке шығаратын тауарлардан артық болуы.

5. Төлем балансының тапшылығы- басқа елдерге ақша төлемдерінің олардан алатын ақшалай төлемдерден артық болуы экспорт-импорт операцияларынан тыс, төлем балансы көлік тасымал шығындарын туристік қызмет, қамсыздандыру, халықаралық кредит /несие/ және процентті қамтиды.

Осы тапшылықтардың әрқайсысы ерекше шара қолдану арқылы азайтылады.

Қорыта айтқанда, мемлекеттің нарық жағдайындағы басты міндеті- нарықты экономиканың бүкіл тұлғаларының өзара қатынастарын реттейтін қоғамдық институттарды, яғни ережелердің жиынтығын құруы болып табылады. Ережесіз, заңдары мен қоғамдық институттары жоқ нарықты қатынастар, белгілі бір жағдайларда мафиозды қатынастарға айналуы мүмкін. Дамыған Батыс елдері нарықтың өркениетті ережелері мен Заңдарын жасауға 500 жылдай уақыт жұмсады.

Нарықтың субъектілері немесе онда әрекет ететін тұлғалар- үй шаруашылығы, фирма және мемлекет болып табылады.

 

Үй шаруашылығы (жанұя) деп құрамында бір немесе бірнеше адамдар болатын экономикалық буынды айтады, ол:

· адам капиталын өндіру мен ұдайы өндіруді қамтамасыз етеді;

· дербес шешімдер қабылдайды;

· қандай да бір өндіріс факторының иесі және оны арендаға тапсырады немесе өз мүлкін, капиталын, жұмыс күшін сатады;

· өз қажеттіктерін мейлінше мол қанағаттандыруға ұмтылады.

Фирма деп экономикалық буынды айтады, ол:

· сатуға қажет өнімдерді өндіру үшін өндіріс факторларын пайдаланады;

· пайданы көбейтуге ұмтылады;

· дербес шешімдер қабылдайды.

Мемлекет қоғамдық мақсаттардың орындалуына қажет нарық пен шаруашылық тұлғаларын бақылап отыруды қамтамасыз ету үшін құқықтық және саяси биліктерді қолданатын өкіметтің мекемелерінен құралады.

Үй шаруашылығы, фирма мен мемлекет- нарық объектілеріне иелік ету, пайдалану, сату мен сатып алуға байланысты өзара экономикалық байланыстарда болады. Нарықты шаруашылықтың объектілеріне жататындар: тауарлар мен қызмет көрсетулер өндіріс факторлары, ақша, бағалы қағаздар, субсидиялар, әлеуметтік төлемдер және т.б.

Нарықтың өзіне тән құрылымы болады. Нарықтың құрылымы деп оның өзара құрамдас жекеленген элементтерінің болуын айтады.

Нарықтың түрлері және олардың классификациясы

Нарықтың құрылымын түрлі критерийлер бойынша жіктейді, олардың ішіндегі ең маңыздыларына тоқталайық.

1. Нарықты экономикалық қызметіне байланысты- тауарлар мен қызмет көрсетулер нарығы, өндіріс құрал- жабдықтарының нарығы, еңбек, инвестициялар, бағалы қағаздар, қаржы нарығы деп бөледі.

2. Географиялық жағдайына қарай- жергілікті, аймақтық, ұлттық нарығы деп бөледі.

3. Бәсекенің шектелу дәрежесіне байланысты- жетілдірілген бәсекелестік нарығы және жетілмеген бәсекелестік нарығы (монополистік бәсекелестік, олигополиялық, монополиялық) деп бөледі.

4.Сапа бойынша- автомобиль, астық, металл және т.б. нарыққа бөледі

5. Сатып өткізуге байланысты- көтерме және бөлшек сауда нарығы деп бөледі.

6. Заң нормаларына сәйкестігі бойынша- ресми нарық және «Қара базар».

Нарық механизмінің мазмұны мен құрылымы

Нарықтық механизм дегеніміз- нарықтың негізгі элементтері: баға, бәсеке, ұсыныс пен сұраныстың өзара әрекетте болу механизмі. Әрбір экономикалық жүйеге тән: Не өндіру? Қалай өндіру? Кім үшін өндіру? Сұрақтарын нарықтық экономикада нарық жоғарыдағы төрт элементтің арақатынасымен шешеді.

Еліміздің ұлт ерекшелігіне байланысты жалпы ет өніміне сұраныс бар. Осының өзінде сұраныс бірқалыпты болмайды. Себебі ет өнімдерін жаз айларында пайдалану төмен болады, ал салқын айларда пайдалану жоғарылайды. Осының салдарынан бағада, сұранымда және ұсыным да бірқалыпты жағдай болмайды. Жаз айларында еттің бағасы төмендейді, себебі сұраным төмен, одан барып, оны өндіру де азаяды. Ал күз, қыс айларында керісінше баға жоғарылайды, себебі сұраным бар, ол көп өндіруді талап етіп, ұсынымды өсіреді. Осылай сұраным мен ұсынымның ауытқуы бағаның құннан жоғары- төмен ауытқуына тірейді. Осы тербелулер арқылы сұраныс пен ұсыныстың тепе- теңдігіне әсер ететін, ал түбінде өндіріс пен тұтынудың тепе- теңдігін қамтамасыз ететін деңгей қалыптасады.

Бұл бағаның, сұраныстың және ұсыныстың араларындағы қозғалыстар бәсеке арқылы жүріп жатады. Әрбір кәсіпкердің мақсаты пайданы барынша ұлғайту, сондықтан да, шаруашылық қызметінің көлемінің ұлғайтуға мүдделі. Ал бұның өзі өндірістің аса қолайлы жағдайлары үшін кәсіпкерлердің өзара күресіне әкеліп соғады да, олар бір- біріне деген қатынасы қарсыластар немесе бәсекелестер ретінде көрінеді. Егер қандай да бір тауардың ұсынысы сұранысынан көп болса, онда сатушылардың арасындағы бәсекелік күрес күшейеді. Олардың әрқайсысы өз тауарын сату үшін бағасын төмендетуге жиі барады, ал ол өз кезегінде осы тауарды өндіруді азайтады. Егер сұраныс ұсыныстан көп болса, онда бір- бірімен бәсекеге сатып алушылар түседі. Тапшы тауарды алу мүмкіндігіне ие болу үшін, әрбір сатып алушы өз қарсыласына қарағанда жоғары баға ұсынуға тырысады. Баға өседі, ол осы тауарға ұсынысты ұлғайтады. Бәсеке- нарық механизмінің қажетті элементті, бірақ бәсекенің сипаты әр түрлі болуы мүмкін, ол нарықтық тепе-теңдікте жету әдісіне елеулі әсер етеді. Нарықтық механизм еркін немесе жетілген бәсеке жағдайында, яғни нарықтағы жағдай көптеген сатушылар мен сатып алушылардың сатылатын өнімдердің беріктілігі, фирмалардың нарыққа еркін кіруімен сипатталғанда барынша тиімді әрекет етеді. Жетілген бәсеке кезінде сатушылар мен сатып алушылардың ешқайсысы да нарықтық бағаға әсер ете алмайды.

Қазіргі кезеңдегі нарық дамыған инфрақұрылымға, яғни көмекші салалар мен ұйымдардың болуымен тікелей байланысты өмір сүреді.

Нарық инфрақұрылымы деп нарықты қатынастардың жемісті қызмет етуін қамтамасыз ететін мемлекеттік мекемелер мен коммерциялық фирмалардың жиынтығын айтады.

Үш түрлі нарықтың инфрақұрылымының элементтері бар, олар: тауар, қаржы нарығы және еңбек нарығы.

Тауар нарығының инфрақұрылымына жататындар- тауар биржалары, көтерме және бөлшек сауда кәсіпорындары т.б.

Қаржы нарығының инфрақұрылымына кіретіндер: қор және валюта биржалары, банктер, сақтандыру компаниялары мен қорлары.

Еңбек нарығының инфрақұрылымына кіретіндер- еңбек биржалары, жұмысқа қамту мен кадрларды қайта даярлау қызмет орындары, жұмыс күшін реттеу және т.б. айналысатын мекемелер

Жарнама деп сұраныс ұлғайту мақсатымен тауарлар мен қызмет көрсетулер туралы ақпаратты таратуды айтады. Ол тауар өндірісінің пайда болуының бастапқы кезеңінде қалыптасты.

Ақпарат деп нарықтың жағдайын талдап және бағдарлау үшін пайдалынатын мәліметтерді айтады. Кез- келген фирма сұраныс пен ұсыныс туралы, пайда нормасы жөнінде, қай жерде арзан сатып алуға және қандай жерде қымбат сатуға болатыны туралы мәліметтерді қажет етеді. Қолдағы мәліметтер негізінде фирма өз іс-әрекетінің стратегиясын жасайды.

Консалтинг деп ақылы жағдайда мамандандырылған фирмалардың басқаруды жүзеге асыруға байланысты кеңестер беруін айтады. Қызметтер- тауарлар, қызмет көрсетулер, ноу- хау және т.б. нарықтарын зерттеу мен бағдарлау жөнінде көрсетіледі. Сондай-ақ құқықтық қызметтер де көрсетіледі. Фирмалар консалтингті кеңінен пайдаланылады, себебі мұндай кеңестер алу өздеріне арнайы мамандарды қызметке қабылданғаннан анағұрлым арзанға түседі.

Аудиторлық компаниялар деп бизнес сферасындағы мүмкіншіліктерін анықтау мақсатында фирманың қаржы-шаруашылық қызметін кешенді тексеруді жүзеге асыратын ұйымдарды айтады.

Нарық инфрақұрылымының тиімділігі көбінесе экономикалық коньюнктураға байланысты, яғни нарықтың белгілі мерзімдегі уақытша жағдайы. Конъюнктура туралы төменгі көрсеткіштер мәлімдейді:

· өндіріс пен құрылыс динамикасы;

· тауар запастарының мөлшері;

· баға, пайыз, бағалы, қағаздар курсының қозғалысы;

· пайда, еңбекақы және өндіріс шығындары дәрежесінің өзгеруі;

· еңбектегі және жұмыссыздар саны арасындағы қарым-қатынас.

Биржа нақты ұйымдастыру, бақылау мен реттеу түрі ретінде XVI ғасырдан баршаға мәлім.

Биржа деп стандартталған тауарлардың көтерме сауда нарығын немесе валюталарды, бағалы қағаздарды және жұмыс күшін сатып алу-сату жөніндегі операциялар нарығын айтады.

Сатылған заттарға байланысты биржалар-тауар, қор, еңбек биржаларына бөлінеді.

Тауар биржасы- бұл материалдар мен заттай объектілердің, яғни шикізаттар, құралдар, астық, металл және т.б. ұйымдасқан нарығы. Мұндай биржалар мамандандырылған биржалар деп аталады. Әртүрлі тауарлар түсетін биржалар әмбебап биржалар деп аталады.

Биржа табысы сатылған тауарлардың, валюталардың, бағалы қағаздардың құнынан алынатын процент есебінен, құрылтай жарналары мен брокерлік орындарды сатудан түсетін кірістерден құралады.

Биржа практикасында бірнеше мәмілелердің типтері жасалады.

1. Форвардтық мәміле деп келісімге сай сатушының қолындағы тауарлар мен оларды жөнелту мерзімі көрсетілген, нақты тауарларға жасалған мәмілені айтады.

2. Фьючерстік мәміле деп келісім жасалған кезде қолда жоқ, болашақтағы тауарларға жасалған мәмілені айтады. Шын мәнінде болашақтағы тауар емес, тауарға деген құқық сатылады.

3. Опцион деп тауарды немесе белгіленген баға бойынша бағалы қағаздарды сатып алу құқығын беретін құжатты айтады. Бұл құжат сатылып, қолдан –қолға ауысады, оның иелері ондағы көрсетілген тауарлар мен бағалы қағаздардың қымбаттауы кезінде, оларды сатып алыпсатарлық табысты иемденеді.

4. Хеджерлеу деп бағаның құбылмалы өзгеруіне байланысты шығынға ұшырау қауіпінен сақтандыруды қамтамасыз ету мақсатында жасалған мәмілені айтады. Хеджерлеудің мәні, бір мезгілде екі мәміле жасалады: тауарларды жедел жеткізу туралы мәміле және осындай тауарларды алдын-ала келіскен мерзімде сату туралы кері мәміле жасалады.

5.

 

Биржадағы қызмет ететін негізгі тұлғалар- брокер, маклер, дилер, «өгіз» және «аю» болып табылады.

1. Брокер деп өз клиенттерін мүдделерін қорғап және олардың тапсырыстарын орындайтын, сатушылар мен сатып алушылар арасындағы делдалды айтады. Брокер өз клиенттерінің тапсырысы бойынша мәміленің барлық түрлерін, яғни форвардтық, фьючерстік, опцион және хеджерлеуді жүзеге асырады. Жекелеген адамдар, брокерлік кеңселер және дербес брокерлік фирмалар делдалдық іспен айналысуы мүмкін.

2. Маклер деп биржа мүшелері арасындағы мәмілелерді тіркеп және осы қызметі үшін сыйлық ақы куртажды иемденетін, биржалық саудаға қатысушыны айтады. Маклер көп жағдайда өздері мәмілелерді жасауға делдалдық жасайтын биржада қызмет етеді.

3. Дилер деп өз қаражаттары есебінен және тауарлар мен бағалы қағаздарды өздері сатумен айналысатын жеке және заңды тұлғаларды айтады. Дилер тауарларды сатып алу мен сату бағаларындағы айырма есебімен пайда алады.

 

 

ТАҚЫРЫП 7. СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫС. БӘСЕКЕ ЖӘНЕ МОНОПОЛИЯ.

Ұсыныс заңы. Ұсыныс қисығы. Ұсынысқа ықпал етуші факторлар Нарық тепе-теңдігі Бәсеке мәні. Еркін бәсеке

Р S

Р2

A

Р1B

Q1 Q2 Q

Ұсынысқа бағадан басқа да бағасыз факторлар әсерін тигізеді: 1. Ресурстардың бағасы. Ресурстар бағасының өсуі… 2. Технология. Технологияның жетілдірілуі ұсыныстың өсуіне әкеледі.

МU=(U10-U9)/(10-9)=(U10-U9)/1

А С В

Сурет.- Бюджет желісі және

  С сызығы бұл немқұрайдылықтың қисығы. Сызық АВ- бюджеттік сызық.… Бәсеке мәні. Еркін бәсеке

ТАҚЫРЫП 8. ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫ

Бухгалтерлік және экономикалық шығындар Тұрақты және өзгермелі шығындар Орташа және шекті шығындар. Масштаб эффектісі

Нарықтық экономиканың негізгі экономикалық буыны кәсіпорын (фирма) болып табылады. Фирмадегеніміз- бұл пайда табу мақсатымен өндіріс факторларын қолданып шаруашылықта еркіндік алған экономикалық субъект.

Мемлекеттік үлеске қатысы бар кәсіпорындар белгіленді.

Өмір сүре алуы үшін фирма сату көлемін көбейтіп, өсуі қажет. Ол үшін оған өндірістік қуатын көбейтіп, инвестицияны жүзеге асыруы керек. Фирманың өсуінің екі жолын бөліп көрсетеді. Өсудің бірінші жолына фирманың ішкі өсуін, капитал мен өндірісін шоғырландыруды сипаттауға болады. Фирманың ішкі өсуіне қызмет ететіндер:

Ø фирманың өз ресурстарды, бірінші кезекте табыстың бөлінбеген бөлшегі және кейбір жағдайда өтелімдік қор;

Ø банктерден және басқа да кредиттік қаржылық институттардан алынған қарыздық қаржы;

Ø бағалы қағаздарды қосымша көптен шығарудан алынған қаржы.

Фирманың өсуінің екінші тәсілі өндіріс пен капиталдың қосылуы мен жұтылуының нәтижесінде орталықтандырылуына байланысты. Екі компанияның бірігуі туралы басшылықтың екі жақты келісімшарты қосылғанын білдіреді. Қосылудың әдеттегі тетіктері- біріккен корпорациялардың акцияларын жаңа акциялардың бір үлгесіне айырбастау болып табылады. Ал, жұтып қою бір фирма екіншісін сатып алғанда болады.

Қосылудың (жұтылудың) бірнеше түрлері болады:

Ø Жиектік бірігу бір текті өнімдер шығаратын және кейбір технологиялық үдерістің біртекті сатысын жүзеге асыратын, фирмалардың қосылуы кезінде байқалады;

Ø Тік бірігу кейбір бір технологиялық үдерісті бір кезенде жүзеге асыратын фирмалардың қосылуы кезінде өтеді;

Ø Фирмалардың бірігу нәтижесінде конгломерат пайда болады, олардың технологиялық үдерісі бір- бірімен байланысты емес.

Ұйымдастыру формасына байланысты кәсіпорындар әртүрлі формаларға бөлінеді, олардың ішінде ең бастылары: жеке бизнес, серіктестік, акционерлік қоғам.

 

6.1. кесте- Кәсіпорындардың негізгі формалары.

 

Формалар Артықшылықтары Кемшіліктері
Жеке шаруашылық - бизнес, иесі бір адам. - Іс әрекеттің еркінділігі, - тәуелсіздік, - барлық пайдаға ие болу - Мүліктік жауапкершіліктің шексіздігі, - Несие алу мүмкіншілігінің шектеулілігі.
Серіктестікдегеніміз –бірнеше адамның немесе заңды тұлғалардың бірлесіп шаруашылық жүргізу үшін ұйымдастырылған фирма. - Ұйымдастырудің қарапайымдылығы, - қосымша қаржы, құралдардың тартуы жеңіл, - мамандандырылудың деңгейі жоғары, - өндіріс көлемін кеңейту мүмкіншілігі мол. - әр бір құрылтайшының мүліктік жауапкершілігі, - серіктес мүдделерінің бір бірімен сай келмеуі, - құрылтайшылар үлесін анықтау қиыншылығы, - бір құрылтайшының кетуінен серіктестіктің жабылу мүмкіншілігі.
Акционерлік қоғам – акция шығару арқылы орталықталынған капиталға негізделген фирма: ашық және жабық түрде болады. Бағалы қағаздарды сату арқылы капитал тартудың шексіз мүмкіншілігі, Фирманың іс-әрекет шаруашылық жүргізудегі тұрақтылығы (бір акционердің кетуінен фирма жабыла қоймайды.) - Басқарудың және ұйымдастырудың тым күрделілігі, - Акционерлердің басқаруға қатысуы мен бақылау деңгейінің жоғары еместігі, - кәсіби кұпияның ашылу мүмкіндігі.

Серіктестіктің түрлері:

Ø Толық серіктестік. Ол барлық мүшелердің толық мүліктік жауаптылығымен ерекшеленеді;

Ø Шектеулі жауапкершілікті серіктестік (мұндай серіктестіктің қатысушылары оның міндеттері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне байланысты, өздері қосқан салымдардың көлемінде тәуекел зияндарына жауап береді);

Ø Аралас(командиттік) серіктестік (толық және шектелген жауапкершілігі бар, әріптестерді біріктіруші).

Акционерлік қоғамды ашық және жабық деп бөледі. Ашық түрдегі акционерлік қоғамның жарғылық қоры нарықта акцияларын еркін сату жолымен қалыптасады. Жабық түрдегі акционерлік қоғамның жарғылық қорын құрылтайшылардың акциясы есебімен қалыптастырады.

Осы көрсетілген кәсіпорындың негізгі формаларарымен қатар кооперативтік, мемлекеттік кәсіпорындарда болады.

Акционерлік қоғамның оның жарғылық қоры мен бөлімшелерінің үлесіне тең көлеміне орай шығарылған және әр акционермен тең енгізілген қаржы көлеміне байланысты бөлінетін бағалы қағаздар акция деп аталады. Акцияға келетін табыс дивиденд аталады. Дивиденд мөлшері АҚ қызметі нәтижелеріне байланысты. Акцияның сату бағасы оның бағамы деп аталады.

 

6.2. кесте- Бөлу белгілері мен акциялар түрлері.

 

Бөлу белгілері мен акциялар түрлері
Нұскау сипаты бойынша Шығарылым нысаны бойынша және айналым Дауыс құқығын қамтамасыздандыру бойынша Табыс мөлшері және алу сипаты бойынша
-атаулы -ұсынушы -Сертификаттық (материалдық ерекше құжат- сертификат ұсынылатын акциялар); -Қолма- қол ақшасыз (қағаз нысанында АҚ есептік жазбаларында немесе компьютер жадында бар акциялар) -Дауыс беретіндер; -Дауыс бермейтіндер -әдеттегі (дауыс құқығын беретін, алынған пайдаға сәйкес дивиденд әкелуі мүмкін дивидентердің иөлемінің мерзімін ұзарту мүмкіндігі) - артықшылықты (дивиденттер уақытында төленеді,мөлшері бекітілген, дауыс беру құқығы жоқ)

 

Акционерлік қоғам акциялармен бірге облигациялар шығарады. Облигациялар– бұл қарыздық міндеттемелер. Облигациялардың акциялардан ерекшелігі– олар белгілі бір уақыттан кейін АҚ–ға қайтып оралады. Оған табыс белгіленген. Облигацияны сатып алушы оны алғаннан кейін кәсіпорынның бірге иеленушісі болмайды, тек оның кредит берушісі болады.

Нарықтық экономика жағдайында фирмалар бизнес-жоспар жасайды. Өндірістің мақсаттарын анықтау және оларды орындау шараларын белгілеу үшін бизнес жоспарды жасау – жалпы қолданатын құрал. Бизнес-жоспар инвестицияның қажеттілігін дәлелдеу үшін қолданатын фирманың негізгі құжаты болып табылады және ол 3-5 жылға жасалады.

Бизнес –жоспардың негізгі бөлімдері:

1. Мазмұны.

2. Тауар.

3. Нарық.

4. Бәсеке.

5. Маркетинг стратегиясы.

6. Өндіріс жоспары.

7. Ұйымдастыру жоспары.

8. Нарықты бағалау және сақтандыру.

9. Қаржылық жоспар.

Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің дамуы

ҚР заңдарымен реттелетін кәсіпкерлікті дамытпай Қазақстанның экономикасын реформалау мүмкін емес. Қазақстан республикасындағы кәсіпкерліктің қалыптасуы мен даму негізін қалау 1992 жылдан бастап бірқатар заңдар мен актілерге енгізілген: «Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы» (1992ж.), «Шағын кәсіпкерліктің даму белсенділігін және мемлекеттің қолдауын күшейту шаралары туралы» (1997ж.) «Жеке кәсіпкерлік туралы» (1997ж.), «2001-2002ж.ж. бағытталған мемлекеттің шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бағдарламасы». Бұл заңдар азаматтардың және заңды тұлғалардың кәсіпкерлікті жүзеге асырудағы кәсіпкерлік қызметінің еркіндігін қамтамасыз ететін негізгі құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдай мен кепілдікті анықтайды.

Ресей мен басқа да бұрынғы социалистік елдерде Қазақстандағы кәсіпкерлік қызметі сол елдердің дәстүрлі нарықтық экономикасы тәрізді эволюциялық жолмен емес, орталықтық жоспарлау жүйесін қирату арқылы экономикалық революция нәтижесінде жүзеге асады. Сондықтан ҚР-дағы кәсіпкерлік қызмет, әсіресе, алғашқы он жылдықтағы әміршіл экономикалық жүйесінің нарықтыққа қарай өзгеріске ұшырауы көптеген қиындықтар мен қарама- қайшылықтарға байланысты болды:

1. Кәсіпкерліктің заңдық базасы тым баяу және көбінесе жүйесіз қалыптасты.

2. Жеке автономияның қағидасы елеулі шектелді, өйткені шаруашылық қызметтеріне, келісімшарттарға және бірлестіктерге бұрынғы КСРО республикаларының экономикалық құрылымы ондаған жылдар бойы монополия ретінде құрылғандықтан, тек еркін шешіммен тоқталып тастауға болмайтын, шаруашылық ұйымдастурыдың дәстүрлі әміршілік экономикалық монополиясы қарсы тұрды.

3. Тауарлық- ақшалай айырбас қаржылық- кредиттік қатынастарының жетілмеуінен қатты қиындатылды (қолма- қол ақшаға айналдыру, проблемасы, төленбейтін төлемдер кризисі және т.б.), сондай- ақ, инфляцияның жоғары қарқыны.

Меншікті мемлекет тарапынан шығару және жекешелендіру елде кәсіпкерліктің әр түрлі мен нысандарының пайда болуына ықпал етті. ҚРның Азаматтық кодексінде толық серіктестік нысанындағы шаруашылық серіктестігі, коммандиттік серіктестік, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив тәрізді кәсіпкерлік нысандары айқындалған. Республикада ҚР «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңында негізі салынған жеке кәсіпкерліктің дамуы кең тарады. Шағын бизнесті дамытуға ерекше қолдау көрсетілуде.

Тауар өндірісінде өндіріс факторларын (еңбек, жер, капитал, кәсіпкерлік қабілет) сатып алуға шығатын шығындарды талдау қажеттілігі туындайды.

 

Шығындардың құрылымы:

1. Қоғамдық шығындар – тауар құнын жасайтын еңбек шығындары.

2. Өндіріс шығындары – қоғамдық шығындар мен төленбеген қосымша еңбек шығындарының арасындағы айырмашылықты көрсететін шығыңдар.

3. Айналым шығындары– тауарды өткізу (сату) процесімен байланысты шығындар.

 

Шығындарды есепке алу тәсілдері бойынша:

 

6.3. кесте.- Өндіріс шығынының түрлері мен түсінігі.

 

Шығындар Анықтамалары Мысал
Тұрақты Бұл өндіріс көлеміне байланысты емес шығындар 1000 ақша бірлігі
Өзгермелі Бұл өндіріс көлеміне байланысты шығындар 1400 ақша бірлігі, бір күнде 5 өнім шығарылды
Жалпы Тұрақты шығын мен өзгермелі шығынның қосындысы 1000+1400=2400 ақша бірлігі
Орташа Әрбір өнім бірлігіне кеткен шығындар 2400/5=480 ақша бірлігі
Шекті Әр жаңа өнім өндірілгенде жалпы шығынның өсуі 5 өнім- 2400, 6 өнім- 3000, мұнда қосымша 600 ақша бірлігі

1. Өндірістің тиімділігін және табыстылығын анықтайтын шығындар:

1.1. Өнім өндірісінде бір данаға шыққан шығындарды білу үшін орташа шығындар есептелді:

- орташа тұрақты шығындар АҒС;

- орташа өзгермелі шығындар АVС;

- орташа жалпы шығындар АТС =АҒС+АVС

Осы көрсеткіштер арқылы фирманың пайдасын анықтауға болады:

1. Егерде тауардың бағасы (Р) орташа шығындардан (АТС) кем болса, яғни Р<АТС, фирма шығынға қалады.

2. Егер тауардың бағасы (Р) орташа шығындардан (АТС) артық болса, Р>АТС, фирма әр бір тауардан осы айырмашылық көлемде пайда алады.

3. Егер баға орташа шығындарға тең болса, яғни Р=АТС, фирма нөльге шығады, пайда да алмайды, шығынға да қалмайды.

3.2. Өнім өндірудің ең жоғары деңгейін анықтау үшін шекті шығындар

МС есептеледі – бұл қосымша өнімге шыққан қосымша шығындар. Өндіріс көлемі бір өлшемге өскен немесе кеміген кезде жалпы шығындардың өсуі немесе азаюы. Шекті шығындардың көмегімен өндірістегі алынатын пайданың ең жоғары деңгейі анықталады. Ол үшін шекті шығындар орташа шығындар және тауар бағасымен салыстырылады.

Өндірістің қысқа мерзім кезеңінде кейбір факторлар өзгермейді. Сондықтан өндірілген өнім көлеміне байланысты шығындар тұрақты және өзгермелі түрде болады.

, TC– жалпы шығындар.

2. – мұнда МС- шекті шығындар, Q - өндірілген өнім саны.

3. мұнда AТC– орташа жалпы шығындар.

4. , мұнда: AFC – орташа тұрақты шығындар.

5. , мұнда: AVC – – орташа өзгермелі шығындар.

6. , мұнда: АТС – орташа жалпы шығындар.

 

6.4. кесте.- Тапсырма. Кестені толтырыңыз, қысқа мерзімдегі шығындарды есептеп шығару керек.

 

Q FC VC TC MC AFC AVC ATC
- - - -
(100-50)/1-0=50
120-100/2-1=20
         
         
         
         
         

 

Фирма тұрақты шығындарын өтеген соң қысқа мерзімнен ұзақ мерзім кезеңге ауысады. Мұндай жағдайда кәсіпорын іс-әрекетін жалғастыратын болса, фирманың барлық шығындары өзгермелі болады.

Фирманың жалпы, орташа және шекті табысы. Бухгалтерлік, экономикалық және мөлшелрі (нормалды) пайда.

Фирманың басты мақсаты- пайда табу. Пайдадегеніміз – табыс пен шығындардың арасындағы айырмашылық. Табыс дегеніміз- сатқан өнімнен түскен түсім. Шығындарға сәйкес табыстардың бірнеше түрі болады:

1. Жалпы табыс –

2.Орташа табыс –

3. Шекті табыс –

Өз бизнесін жүргізуге мүдделі кәсіпкер одан ең аз дегенде белгілі бір табыс алуы қажет. Бұл қажетті ең аз табыс, қалыпты пайда болып табылады. Қалыпты пайда кәсіпкерге өз ресурстарын баламалы пайдаланудан ала алатын, жіберіп алған табысының орнын толтыруы қажет. Қалыпты пайда өндіріс шығындарының элементтері болып табылады.

Қалыпты пайданың үстінен алынған табыс, экономикалық немесе таза пайда ретінде көрінеді. Экономикалық пайда ретінде жалпы түсім мен толық шығын (сыртқылар және ішкілермен, анық және жүктелген) аралығындағы айырмашылық көрінеді.

Бухгалтерлік пайда толық түсім мен фирманың сыртқы (бухгалтерлік) шығындары арасындағы әртүрлікті көрсетеді.

Өндірісті ұйымдастыру кезінде әдетте кәсіпкер өндірістік процестің тиімді болуын қалайды. Сондықтан өндірістегі өзгермелі фактордың ықпалын анықтау үшін тиімділік көрсеткіштері қолданылады: жалпы, орташа және шекті өнім.

Жалпы өнім (Q)– өзгермелі факторлардың белгілі бір көлемін қолданғандағы өндірілген өнімнің саны.

Орташа өнім (АР) – бұл көрсеткіш жалпы өнімді (Q) өзгермелі фактордың санына бөлумен анықталады: , мұнда Ғ1-өзгермелі фактор.

Шекті өнім (МР) – бұл көрсеткіш жалпы өнімнің (Q) өзгеруін өзгермелі фактордың (Ғ1) өзгеруіне бөлумен анықталады: .

Масштаб эффектісі ұзақ мерзім кезеңінде фирманың іс-әрекет процесінде пайда болады. Бұл процесте орташа шығындар мен өндірістің қарқыны өзара байланыста болады. Өндірістің қарқыны өскен сайын белгілі бір кезеңге дейін орташа шығындар азая береді, яғни масштаб эффектісі дегеніміз - өндіріс қарқынының (күш, куаты) өсуі арқылы ресурстардың тиімділігінің артуы, яғни үнемділігінің өсуі. Мұның мағынасы: өндіріс кеңейіп өсе бастағанда, барлық факторлар іске кіргенде өнімнің саны өсе бастайды да шығындардың азаюына төмендегі себептер әсерін тигізеді:

1. Еңбектің мамандандырылуы. Өндіріс күрделіленген сайын, жоғары деңгейлі кәсіби жұмысшыларға қажеттілік өседі. Осы жағдайда еңбектің өнімділігі де өседі.

2. Басқару аппаратының мамандандырылуы.

3. Капиталды тиімді пайдалану. Фирманың қарқыны өскен сайын, қымбат құрал- саймандарды сатып алу мүмкіншілігі туады.

4. Тәжірибелік жұмыстарға ғылыми зерттеу жүргізуді қаржыландырудың артықшылығы.

5. Жарнаманы қаржыландырудың артықшылығы.

6. Тауар өткізуді (сатуды) қаржыландырудың артықшылығы.

Сонымен, осы келтірілген факторлар бір данаға кететін шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Бірақ та, өндіріс қарқыны өсуінің шегі болады. Келесі бір кезеңде өндіріс қарқыны баяулайды да, шығындардың өсімі өндірістің өсуіне әсерін тигізе де алмайды, сонымен бір данаға шығатын шығындар өсе бастайды, себебі кәсіпорын өзінің тиімді күш-қуатының ең жоғары деңгейіне жеткеннен кейін, келесі кезеңде өндірістің өсуі шығынға әкеледі де, өндірістің жағымсыз жағдайы пайда болады.

Фирманың қысқа мерзімдегі тепе- теңдігі: қазіргі кезеңдегі экономикалық теорияның дәлелдеуі бойынша: кәсіпорын пайданы ең жоғары деңгейде (шығындардың ең төмен деңгейі) шекті табыс шекті шығынға тең болған жағдайда алады. (МR=МС).

Қысқа мерзім кезеңіндегі фирманың тепе-теңдігін 4 типке бөлуге болады:

1. Өзінің орташа өзгермелі шығындарын ғана (АVС=Р) жаба алатын фирманы шектеулі деп атайды. Мұндай фирма аз ғана уақытта ғана шаруашылығын жүргізеді.

2. Баға төмендеген жағдайда фирма бәсекеге түсуге қабілетсіз болады, яғни ағымдағы шығындарын жаба алмаған соң саладан кетуге мәжбүр болады. (АVС >Р) Бұл пайдасыз фирма деп аталады.

3. Егерде баға жалпы орташа шығындардан артық болса (АТС>Р), онда фирма әдеттегіден тыс артық пайда алады. Бұл артық пайда алатын фирма деп аталады.

4. Баға өскен жағдайда фирма ағымдағы шығындармен қатар барлық шығындарын жауып, орташа шамада пайда алатын болса, бұл әдеттегі пайда алатын фирма деп аталады.

Ұзақ мерзім кезіңінде фирма орташа шығындарын азайту арқылы өндірісін кеңейтуге ұмтылады. Өнімділіктің өсуімен орташа жалпы шығындар азаяды, керісінше өнімділіктің азаюымен орташа шығындар өседі.

 

 

ТАҚЫРЫП 9. ӨНДІРІС ФАКТОРЛАРЫНАН ТҮСЕТІН ТАБЫСТАР.

Жалақы – еңбек факторының бағасы ретінде Пайыз – еңбек факторының бағасы ретінде Жер рентасы- жер иелерінің факторлық табысы

Р

 

S

 

 

Е

Ре

P0 D

 

 

Qе Q

Сұраныс пен ұсыныс қисықтарының қиылысуы жалақының теңдік деңгейіне (Ре) әкеледі, Е нүктесінде жұмыспен толық қамту жағдайы орнайды: сұраныс ұсыныспен теңеледі. Егерде жалақы Ре-ден төмен болса сұраныс ұсыныстан артады, яғни еңбеккерлердің саны кем болады, ал, егерде жалақы Ре-ден жоғары болса, ұсыныс сұраныстан артады, яғни жұмыс күші саны артық болады. Р – жалақының мөлшері; Q – жұмыс орнының саны   7.2.сурет- Еңбек нарығы.

Еңбек нарығына тән:

- жұмыс орындарын ұсынатын кәсіпорындардың санының мол болуы (жұмыс күшіне сұраныс);

- әр түрлі мамандықтағы еңбеккерлер санының мол болуы (жұмыс күшінің ұсынысы);

- еңбек нарығында бірде - бір кәсіпорын және бірде - бір еңбекккердің күш ықпалының жүрмеуі;

- жұмыс күші жалақының мөлшерімен бағалануы.

Еңбектің бағасы ретінде жалақының жалпы дәрежесі графикте сұраныс пен ұсыныс қисықтарының қиылысуы арқылы көрініс табады. Еңбекке деген сұраныс қисығы тауарға деген сұраныс қисығына ұқсас, ал жұмыс күшінің ұсыныс қисығы – тауар ұсынысының қисығымен ұқсас болады.

Жұмыс күшіне сұраныстың өсуі жұмыспен қамту деңгейін көтеруге және жалақыны өсіруге әкеледі, ал сұраныстың азаюы - жұмыспен қамту жағдайын, жалақыны төмендетуге әкеледі.

Жұмыс күші ұсынысының өсуі жалақының төмендеуіне, жұмыспен қамту жағдайын өсіруге әкеледі. Жұмыс күші ұсынысының азаюы жалақының өсуіне, жұмыспен қамту жағдайының төмендеуіне әкеледі. П.Самуэльсонның теориясы бойынша қоғамдағы жұмыс күшінің жиынтық ұсынысы төмендегі көрсеткіштермен анықталады:

- халықтың жалпы санымен;

- жалпы халық санының ішіндегі еңбекке қабілеті бар халықтың үлесімен;

- белгілі бір мерзімдегі жұмыс уақытының орташа санымен (апта, ай, жыл);

- халықтың сапалық құрамымен, яғни мамандық дәрежесінің құрамына сәйкес.

Осы көрсетілген факторлармен қатар, керісінше әсерін тигізетін теорияда екі фактор бар. Бұл алмастыру эффектісі - жұмыс орнын қамту тиімділігі мен табыс эффектісі (тиімділігі).

Алмастыру эффектісінің пайда болу себебі жалақының өсуімен байланысты. Жалақы өскен кезде әрбір атқарған сағатқа көп ақы төленеді. Яғни ысырап болған бос уақыт пайда болады. Осы пайда болған бос уақыт шығынды ұлғайтады, сондықтан, еңбеккер бос уақытты қызметке жұмсаудың қажеттілігін түсініп, ол бос уақытын қосымша жұмыспен алмастыруға тырысады. Бұл жұмыс күші ұсынысының өсуіне әкеледі.

Табыс эффектісінің әсері алмастыру тиімділігіне қарсы бағытта қызмет атқарады. Жалақының өсуіне еңбеккер өзінің бос уақытын өсіру мүмкіндігі ретінде қарайды, яғни жалақы өскен кезде еңбекті қысқарту көрінеді. Бос уақытының өсуі еңбек ұсынысының төмендеуіне әкеледі.

Өндіріс факторының бірі: жұмыс күші. Оның табысының негізгі бөлігін жалақы құрайды. Жалақының мәннің анықтауда екі көзқарас бар:

· Маркс жалақыны жұмысшының еңбегі үшін төленетін ақы емес, жұмыс күші тауарының құны мен бағасының өзгерген түрі деп түсінді;

· Неоклассиктер жалақы еңбек бағасы деп түсінді.

Сонымен жалақы дегеніміз- жұмысшы күшінің құнының оның бағасының өзгерген түрі.

Жалақының көлемі көптеген факторлармен анықталады:

ü жұмысшы күшінің құны (елдің дамуына байланысты)

ü жұмысшының еңбек өнімділігінің өсуі (қоғамдағы ғылымның, білімнің дамуымен байланысты)

ü жұмысшының квалификациясы мен еңбек сипаты (ауыр жұмыстардың, сирек кездесетін мамандықтардың, ерекше дарынды адамдардың және т.б.)

ü еңбек нарығындағы конъюнктура (жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысқа, жұмыс орынына бәсекеліктің болуы)

ü жалақының қоғамдық деңгейі (жалақының бір бөлігі салыққа, зейнетақы қорына және т.б. бөлінуі)

ü жынысы, ұлты, діні және т.б.белгілеріне байланысты.

Қазіргі экономикалық теорияда жалақыны кең және тар мағынада түсіндіруге болады. Кең мағынада, жалақы- әртүрлі мамандықтағы еңбеккерлердің жалпы еңбек ақысы. Бұл жағдайда жалақы сомасына еңбек ақымен қатар сыйлықтар және басқа да ынталандырушылық ақылар кіреді. Тар мағынада, жалақы – пайдаланған еңбек бірлігінің бағасы. Жалақы номиналды және нақты түрінде ажыратылады.

 

 


7.4.сурет –Нақты және номиналды факторлардың айырмашылығы.

Жалақының негізгі түрлері:

 
 

 

 


 

Осы көрсетілген жалақының формалары өз кезегінде бірнеше жүйеден құралады.

Жалақының формалары

       
   
 
 

 


МерзімдіКесімді

               
       
 
 

 


Жай мерзімді Мерзімді сыйлықты Тікелей кесімді Кесімді прогрессивті Кесімді сыйлықты Аккордты

 

Капитал

Капитал - көп мағыналы ұғым: ол материалдық игіліктердің қоры, ол сонымен қатар материалдық емес элементтерді де қамтиды, атап айтқанда адамның қабілеті, білімі. Капиталдың екі негізгі формасын айтуға болады:

- өндіргіш капитал - өндіріс құрал – жабдықтары.

- ақшалай капитал – ақша.

Капитал тиімді пайдалану арқылы ол иесіне табыс әкеледі. Капиталдың өсімі – пайыз деп аталады. Несие пайызы – белгілі бір мерзімде капитал иесіне оның құралдарын пайдаланғаны үшін төленетін бағасы. Несие пайызы капиталға деген сұраныс пен ұсыныс арқылы қалыптасады.

Капиталға деген сұраныс инвестицияның пайдалылығына, экономиканың дамуына, мемлекеттің сұранысына, салым мерзіміне, салым салу саласына, тәуекелге және басқа да факторларға тәуелді.

Несие пайызы номиналды және нақтылы мөлшерілеме болып бөлінеді. Номиналды мөлшерлеме – бұл инфляцияның өсімін есепке алмай, ағымдағы нарықтық пайыздың мөлшерлемесі. Нақтылы мөлшерлеме - номиналды мөлшерлеме мен алдағы болатын инфляцияның өсімі арасындағы айырмашылық. Мысалы:

жылдық номиналды мөлшерлеме – 15%,

алдағы уақытта инфляцияның өсімі – 7 % (жылына)

нақтылы мөлшерлеме (15-7) = 8%

Жер рентасы- жер иелерінің факторлық табысы.

Жер – ауыл шаруашылығының басты өндіріс құралы ғана емес, ол бүкіл адам баласының “кіндік кескен ауылы” және “асырайтын анасы”.

Жер - қоғамдық өндірістің негізі болғанымен оның салаларында әр түрлі қызмет атқарады. Мысалы, өндеуші өнеркәсіп үшін ол - кәсіпорын орналасатын алаң, ал ауыл шаруашылығы үшін жер әрі еңбек құралы, әрі еңбек заты болып саналады. Еңбек заты дегеніміз – жерді өңдеп, оған тұқым сеуіп, онда өнім өсіріледі. Ал, еңбек құралы болатын себебі - тұқымды сепкен күннен бастап өнімді өсіру қызметін Жер-ана атқарады.

Жерді иелену және қолданумен байланысты әлеуметтік- экономикалық қатынастарды аграрлы қатынастар деп аталады.Ауыл шаруашылығында басты ӨҚЖ- жер болып табылады.

Жердің өндіріс құрал- жабдығы ретінде ерекшеліктері бар, олар, біріншіден, жердің кеңістік жағынан шектеулілігі, екіншіден, жер адам іс-әрекетінің өнімі емес, табиғаттың жемісі, сондықтан, оның құны жоқ, бірақ табыс әкеледі, сатып алынады және сатылады, яғни бағасы бар. Осы айтылған ерекшеліктерге байланысты жерге деген жердің ұсынысы икемсіз.

Жердің ұсынысына төмендегі факторлар әсер етеді:

1. Жердің құнарлылығы;

2. Жер телімінің нарыққа алыс-жақын орналасуы.

Жер рентасы – жер телімін уақытша қолданғанға төленетін төлем.

 

 

Жер рентасының екі түрі бар: дифференциалды және абсолютті.

Абсолюттік рента – бұл жер иелерінің иемденетін табыстарының бір түрі. Оның абсолюттік деп аталатын себебі – ол құнарлылығы мен басқа да жағдайларға байланыссыз жалға берілген барлық жерлерден алынады. Мұны жерге меншік монополиясы болу салдарынан, жер иесіне жерге капитал пайдалану үшін төленетін төлем. Қай елде болмасын, халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін құнарлы жермен қатар өнімділігі төмен жерлерді де пайдалануға тура келеді. Сондықтан, нарық бағасы құнарлылығы төмен жерде өндірілетін өнімдердің жеке өндірістік бағасымен өлшенеді.

Сондықтан, нашар деген жерлерден де орта пайдадан артық пайда алынатын болады. Мұндай артық пайданы абсолюттік рента түрінде жер иелері иемденді.

Дифференциалды рентаның қайнар көзі құнарлығы жоғары және нарыққа жақын жерлерде өндірілетін ауылшаруашылығы өнімдерінің жеке өндіріс шығындары қоғамдық өндіріс шығындарынан әлдеқайда кем болады да, сондай жерлерді пайдаланатын жалгерлердің үстеме пайдасы болып табылады.

Дифференциалды рента екі түрде болады:

1. Жердің табиғи құнарлылығына және жер телімінің нарыққа жақын орналасуына байланысты алынатын пайданың жал төлемі ретінде жер иелеріне көшуін дифференциалды І рента деп атайды.

2. Жердің құнарлылығын жасанды жолмен жақсарту арқылы алынатын үстеме пайданы дифференциалды ІІ рента деп атайды.

Жердің экономикалық құнарлылығын арттыру дегеніміз- жерді интенсивті игер келуі, яғни жаңа өндіріс құрал-жабдығын, сапалы тұқымдар, тыңайтқыштар т.б. қолдану арқылы.

Жерге жеке меншік болғандықтан, ол да тауар ретінде сатылуы мүмкін. Тәжірибеде жердің бағасы екі жағдайға: жер рентасына және банктің пайыз шамасына байланысты қалыптасады.

Жердің бағасы рентаға тура қатынаста да, несие пайызына кері қатынаста болады. R

ЖБ = — * 100%

S

Мұнда: R – рента, S – несие пайызы ЖБ – жер бағасы.

Кәсіпкерліктің табысы– пайда

Пайда дегеніміз – табыс пен шығындардың арасындағы айырмашылық. Пайда бұл:

- өндірістін кеңеюінің көзі болып табылады;

- ресурстарды пайдалану деңгейі мен бөлуді сипаттайды;

- инновациялық технологияға капитал салуды ынталандырады.

Пайданы бөлу: кәсіпорындағы қалдықты, бюджетті және бюджетті емес қорларға, банктерге пайызды төлеу. Пайданы қолдану мыналар арқылы жүргізіледі: тұтыну (дивидендтер, материалды көмек), жинақтау, әлеуметтік мұқтаждыққа, қаржылай салым, шығындарды жабуға.

 

 

Пайданы есептеу әдістері мен түрлері:

1. Жалпы пайда = жиынтық табыс – өндіріс шығындары

2. Экономикалық пайда = жиынтық табыс – барлық ресурстарға экономикалық шығындар

3. Бухгалтерлік пайда = жиынтық табыс – айқын шығындар

4. Таза экономикалық пайда = бухгалтерлік пайда – өндірістін айқын емес шығындары

5. Таза пайда = жалпы пайда – салықтар, міндетті төлемдер

6. Шаруашылық пайда = қалыпты пайда + экономикалық пайда

7. Шекті пайда = шекті табыс – шекті шығындар

Сонымен, жалақы, пайыз және рента – бұл өндіріс факторларын пайдаланғаны үшін алынатын табыстар.

Бірақ та, жалақы, пайыз және рента қайсы бір шаруашылық субъектілеріне (өндіріс факторларын ұсынушыларға) табыс әкеледі де, ал басқа субъектілерге (өндіріс факторларын сұрайтындарға) - шығындар болып табылады.

 

 

ТАҚЫРЫП 10. ЖҮЙЕ РЕТІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА.

Шығындар мен табыстар айналымдарының макроэкономикалық моделі Макроэкономикалық көрсеткіштер. Ұлттық есептеу… Макроэкономикалық тепе-теңдік

Баға индексі

Номиналды ЖҰӨ-нің нақты ЖҰӨ-ге қатынасын жалпы ұлттық өнімнің дефляторы деп… Номиналды ЖҰӨ ЖҰӨ дефляторы = ——————————

Жиынтық сұранысқа (AD) әсерін тигізетін факторлар

  Бағалы Бағасыз                             …

ТАҚЫРЫП 11. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДІК ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ.

Экономикалық өсудің типтері және факторлары   Экономикалық өсудің түсінігі, оларды өлшеу

Экономикалық өсудің факторлары

  Тікелей факторлар: Жанама факторлар: -Еңбек ресурстарының саны мен сапасының өсуі. - …   Экономикалық өсу үлгілері жоғарыдағы аталған факторларға тәулігіне…

Дағдарыстың сипаттамасы.

1. Артық өндіріс себебінен өндірістің көлемі қысқарады, банктер мен кәсіпорындар банкротқа ұшырайды.

2. Жалақы төмендейді, жұмыссыздық өседі.

3. Бағалы қағаздар нарығы құлдырайды, акция курстары төмендейді.

4. Ақшаға сұраныс өседі, пайыз мөлшерлемесі өседі.

Тоқырау фазасының сипаттамасы.

1. Өндірістің құлдырауы мен бағалардың төмендеуі тоқырау жағдайында болады.

2. Жұмыссыздық жоғары деңгейде болады.

3. Ақшаға сұраныс төмендейді, пайыз мөлшерлемесі азаяды, сөйтіп өндірістің салаларын ұлғайтуға жағдай жасалады.

Жандану фазасының сипаттамасы.

2. Инвестициялар өседі. 3. Бағалар көтеріледі, себебі сұраныс өседі. 4. Жұмыссыздықтың деңгейі қысқара бастайды.

Рлеу фазасының сипаттамасы.

2. Жұмыссыздық деңгейі маңызды түрде қысқарады. 3. Тауарлардың бағасы өседі. 4. Қарыз капиталының ұсынысы өседі.

ТАҚЫРЫП 13. МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ: МАҢЫЗЫ, МАҚСАТТАРЫ, ҚҰРАЛДАРЫ.

Мемлекеттің ақша-несие саясаты Ақша реформалары Несие-банк жүйесінің құрылымы

R

Міндетті резервтер – бұл әрбір коммерциялық банктер салымдарының бір бөлігін міндетті түрде сақтау қоры ретінде мемлекеттік Ұлттық банкте ұстауы қажет.

ҚР Президентінің «Банктер және банктер іс-әрекеттері туралы» Жарлығы бойынша Қазақстанда банк жүйесі екі дәрежеден құралады:

- І дәрежеде – Қазақстан республикасының Ұлттық банкі.

- ІІ дәрежеде – мемлекеттік, коммерциялық, бірлескен және шетелдік банктер. 2009 ж. басында Қазақстанда екінші дәрежедегі банктердің саны 26 жетті.

ҚР Ұлттық банктің қызметтері мен міндеттері:

- мемлекеттер және коммерциялық банктермен белгілі бір келісім әрекет жүргізетін заңды тұлға;

- Қазақстан республикасының ақша несие жүйесін басқару;

- Қазақстан республикасы Ұлттық валютасының сыртқы және ішкі тұрақтылығын сақтау;

- Банктік есеп-шот және валюталық қарым-қатынастар жасау;

- Ақша, несие және банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету;

- Ақша мен мемлекеттік құнды қағаздардың эмиссиясын жүргізу;

- Қазақстан республикасының Үкімет кепілдігі бойынша ішкі және сыртқы қарыздарды өтеу;

- Коммерциялық банктермен несиелік жүйенің басқа мекемелерінің іс-әрекеттеріне бақылау жүргізу;

- Ұлттық банктің Қазақстан республикасы мүддесін әлемдік нарықта көрсетуі.

Екінші дәрежедегі банктердің қызметтері:

- Салымдар жинап, несие беру;

- Есеп айырысу операциялары және есеп шот жүргізу;

- Валюта және бағалы қағаздар мен операциялар жүргізу;

- Несие беруде делдалдық қызмет атқару;

- Ломбардтық және сейфтік операциялар жүргізу және т.б.

Екінші дәрежедегі ең ірі банктер:

«Казкоммерцбанк», «Халықтық банк» және т.б.

Мемлекеттің ақша-несие саясатының мақсаттары:

- өндіріс көлемін өсіру;

- толық жұмысбастылық;

- инфляцияны төмендету.

 

11-кесте.-Несиелік белсенділікті басқару

 

Арзан ақша саясаты Қымбат ақша саясаты
Қолданы лады: Жұмыссыздық өскенде, экономика құлдырағанда Жоғары инфляцияда
Іс-әрекеттер Мемлекеттің құнды қағаздардын сатып алуы, міндетті резерв нормасын төмендету, пайыз мөлшерлемесін төмендету Мемлекеттің құнды қағаздардын ашық нарықта сатуы, міндетті резерв нормасын көрсету, пайыз мөлшерлемесін көтеру.
Нәтиже: Ақша ұсынысы молаяды, пайыз мөлшерлемесі төмендейді, инвестициялар өседі, шаруашылық белсенділігі өседі, жұмыссыздық төмендейді Ақша ұсынысы қысқарады, пайыз мөлшерлемесі өседі, инвестициялар қысқарады, шаруашылық белсенділігі төмендейді. Инфляция қысқарады.

 

Ақша реформалары:

1) Нуллификация – бұл мемлекеттің құнсызданған қағаз ақшаны жарамсыз, деп айналымнан шығарылуы туралы жарлығы;

2) Девальвация – бұл шетел валютасына қатысты ұлттық валюта курсын төмендету;

3) Ревальвация – бұл ұлттық валюта курсын шетел валютасына қарай көтеру;

4) Деноминация – ескі ақша белгілерін ірілендіру арқылы жаңа ақшаға айырбастау.

Мемлекеттің ақша- несие саясатының құралдары:

1. Ашық нарықтағы операциялар. Ұлттық банктің ашық нарықта ақша массасының көлемін реттеу мақсатында мемлекеттің құнды қағаздарын сатуы және сатып алуы. Мұның мағынасы: Ұлттық банк ақша эмиссиясын тоқтату және банктердің несиелік мүмкіншіліктерін шектеу мақсатында, нарықта құнды қағаздарды сатып, бұл қағаздарды сатып алған банктердің резервтік шоттарынан белгілі бір соманы есептен шығарады. Керісінше, ақша шығаруын және несиелерді беруді ынталандыру үшін Ұлттық банк құнды қағаздарды өзіне қайта сатып алып, оның құнын банктердің резервтік шотына аударады.

2. Резервтік норманы өзгерту - ақша-несиені реттеуде қолданатын өте қатаң құрал. Ұлттық банк барлық банк мекемелердің міндетті резерв нормасын бір мезгілде өзгерту арқылы әрбір банктің резерв көлеміне тікелей әсер ете алады.

3. Есептік ставканы өзгерту - коммерциялық банктер Ұлттық банктен несие алғанда ақша көлемін реттеу мақсатымен бірінші дәрежедегі банк несиенің мөлшерлемесін жиі өзгертіп отырады. (пайыз мөлшерлемесін көтерсе коммерциялық банктер алатын несиелерін азайтуға мәжбүр болады, керісінше, төмендетсе – несие көлемі өседі). Осы жоғарыда келтірілген 3 құралдарды қолдану – мемлекеттің «арзан ақша саясаты» және «қымбат ақша саясаты» деп аталады. Қазақстанда осы келтірілген құралдармен қатар, ақша айналысын реттеу үшін басқа да тәсілдер қолданылады.

4. Күрделі несиелік қаржының өсімін шектеу. Ұлттық банк коммерциялық банктердің несиелік қаражаттарының бөлінуін пайыздық норма арқылы шектеп отырады.

5. Ерікті келісімдер бойынша Ұлттық банк коммерциялық банктермен өзара келісімге келеді.

 

МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ

Қаржы жүйесінің құрылымы мен мәні Қаржы қызметі Мемлекеттік бюджет

ФИСКАЛЬДЫ САЯСАТ

Салық және оның классификациясы Фискалды саясаттың типтері Салықтар – жеке және заңды тұлғалардың бюджетке төлейтін міндетті…

ТАҚЫРЫП 14. МЕМЛЕКЕТТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ АЙМАҚТЫҚ САЯСАТЫ.

Мемлекеттің әлеуметтік саясаты Лоренц қисығы мен Джини индексі Жұмыссыздық және жұмыспен қамту ұғымдары

Ағым кезіндегі тұтыну баға индексі - өткен кезендегі тұтыну баға индексі

Баға индексі = ——───────────────────────────────—

Ткен кезеңдегі тұтыну баға индексі

- Мемлекеттік бюджеттің тапшылығы, яғни шығындардың түсімдерден асып жатуы. Егер мемлекет мұндай… - Тауарлар мен қызмет өндіру көлемінің… - Өндіріс шығындарының өсуі, яғни шикізат, материалдар, жалақы…

ТАҚЫРЫП 15. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР. СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ РЕТТЕУ.

Халықаралық валюта қатынастары Глобалды әлеуметтік – экономикалық мәселелер  

Валюта бағамдары – басқа валютаны ақша бірлігімен көрсетілген ұлттық валюта бірлігі құны.

-бекітілген бағам-бір ел өз ақша бірлігінің алтын (долларлық) құрамын белгілейді, осылайша өз… -еркін құбылмалы бағамдар ұсыныстар мен… -басқарылатын құбылмалы валюта бағамдары жуйесі әр турлі елдер орталық…

– Конец работы –

Используемые теги: ырып, экономикалы, ілімні, мен, дістері0.078

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: ТАҚЫРЫП 1. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ІЛІМНІҢ ПӘНІ МЕН ӘДІСТЕРІ

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным для Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Еще рефераты, курсовые, дипломные работы на эту тему:

Лекция Экономикалық теория пәні мен оның негізгі бағыттары Экономикалық ғылымдардың қайнар көздері
Экономикалы ылымдарды айнар к здері... Экономикалы за дар мен... Лекция Экономикалы дамуды жалпы негіздері Ндіріс...

Тақырып. Кіріспе. Бағыттап бұрғылау жүмыстарының даму тарихы.Олардың негізгі терминдері мен анықтамалары
Та ырып Кіріспе Ба ыттап б р ылау ж мыстарыны даму тарихы Оларды негізгі терминдері мен... Пайдалы азбалар кен орындарын барлауда шы ынды немдеу... Геологиялы барлау ж мыстары к леміні суі ыларды ба ыттап...

Генетика және оның биологияда алатын орны. Генетика пәнінің мақсаты мен міндеттері
Т ым уалау тірі организмдерді аса ма ызды ерекшеліктеріні атарына жатады Т ым... Гентотип фенотип аллель Ген... Генотип терминін жылы даниялы генетик В Иогансен сын ан О ан барлы геном...

Экономикалық және өндірістік
аза мемлекеттік ыздар... педагогикалы университетіні... Экономикалы ж не ндірістік...

Пән Экономикалық теория негіздері 2 кредит
Ж банов атында ы А т бе ірлік... Экономика факультеті...

Эми Плам УМРИ РАДИ МЕНЯ
Это для тебя мама... Скучаю по тебе каждый день... Любимые не умирают...

Экология пәнінің анықтамасы, мақсаттары, міндеттері және әдістері. Экология дамуының тарихы.
Экология п ніні аны тамасы ма саттары міндеттері ж не дістері Экология дамуыны тарихы... Экология б лімдері аутэкология демэкология эйдэкология... Литература Экология п ніні аны тамасы ма саттары міндеттері...

БӨЛІМ. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ
Б ЛІМ ЭКОНОМИКАЛЫ ТЕОРИЯ ЫЛЫМ РЕТІНДЕ... Та ырып ЭКОНОМИКАЛЫ ТЕОРИЯ П НІ МЕН... Экономикалы теория...

Экономикалық теория пәні бойынша тест
На сайте allrefs.net читайте: Экономикалық теория пәні бойынша тест.

Тақырып. Желілік технология. Интернет-технологияларымен жұмыс істеу
Студенттерді саба а атысуын тексеріп келмеген ж не дайындалма ан себептерін ай ындап жа а... зыреттілікті алыптастыру саны практикалы да ды коммуникативті...

0.03
Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • По категориям
  • По работам