рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

ТАҚЫРЫП 8. ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫ

ТАҚЫРЫП 8. ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫ - раздел Экономика, ТАҚЫРЫП 1. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ІЛІМНІҢ ПӘНІ МЕН ӘДІСТЕРІ   Бухгалтерлік Және Экономикалық Шығындар...

 

Бухгалтерлік және экономикалық шығындар

Тұрақты және өзгермелі шығындар

Орташа және шекті шығындар. Масштаб эффектісі

Бухгалтерлік және экономикалық шығындар

Кәсіпкерлік- бұл табыс алуға бағытталған және тәуекелмен байланысты шаруашылықтық қызмет.

Кәсіпкерлік французша «делдал» дегенді білдіреді. Р.Кантильон кәсіпкен терминін арзанға сатып алып, қымбатқа сататын қабілеті бар адамдарды атауға бірінші рет қолданған. Р.Кантильонның түсінігінде кәсіпкер алдағыны көре білетін ерекше қабілеті бар, тәуекелге баратын, қабылданған шешімге толық жауапкершілікті өзіне алатын ерекше субъект болды.

Кәсіпкерліктің өмір сүруі мен дамуының негізгі жағдайлары болып табылатындар:

ü өндіріс құралына және қызметтің соңғы өніміне меншік, сондай- ақ экономикалық игіліктерге меншікті беру және алу құқығы;

ü келісімшартпен, бірігумен, кәсіптік және тұтынушылық таңдаумен еркін шаруашылық қызметін жүргізуді болжамдайтын, шаруашылық субъектісінің жеке автономиясы (немесе салыстымалы жекеленуі);

ü айырбас нысанының дамуы, яғни, тауарлық- ақшалай қатынастардың болуы, оның ішінде еңбекті еркін сатып алу және сатудың болуы.

Кәсіпкерлік іс әрекеттің ерекшеліктері:тәуекел, белсенділік, тәуелсіздік, тапқырлық, жауапкершілік, белсенді түрде іздену.

Кәсіпкерліктің сипатты белгілері:

1. Субъектіде шаруашылық қызметінің түрін таңдау, өндірістік бағдарламаны қалыптастыру, қаржыландыру көзін таңдау бойынша және ресурстарға қол жеткізу, өнімдерді өткізу, оларға баға қою, табысқа ие болу бойынша белгілі бір еркіндік пен құқықтың болуы.

2. Кәсіпкерлік қабылданған шешімдерге, оның нәтижелеріне, оған байланысты тәуекелге жауаптылықты қарастырады.

3. Табыс алу мен коммерциялық жетістіктерге жетуге бағдар.

4. Меншіктің, яғни кәсіпкерлік меншіктің тұрпаттары, түрлері және нысандарының көптүрлілігі.

Өндірістік кәсіпкерлік- бұл кәсіпкер тікелей жағдайда өнімдерді, тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді, ақпараттарды өндіруді жүзеге асыратын қызмет түрі. Мұндай жағдайда өндірістің қызметтері кәсіпкер үшін негізгі болып табылады.

Өндірістік кәсіпкерлікті жүзеге асыру мен мазмұнының жалпы бейнесі келесі жағдайда көрінеді. Кәсіпкер әуелі өндіріс қызметінің түрін таңдайды, басқаша айтқанда, қандай тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді шығаратынын белгілейді. Одан кейін ол тауарды әлеуетті сатып алушымен, тұтынушымен қатынас жасайды. Былайша айтқанда, кәсіпкерлік сонымен бірге маркетингтік қызметті қоса атқарады. Бұл мәміленің бірінші кезеңі кәсіпкер мен келешектегі тауар сатып алушы арасындағы шарт түрінде заңды ресімдеме алуы мүмкін.

Кәсіпкер өндірісті жүргізу үшін өндіріс факторын: жұмыс күшін, өндірістік қорларды, материалдарды, ақпараттарды пайдаланады. Өндірістің жекелеген факторы кәсіпкерге жатады, ал жетпейтінін ол кәсіпкер қызметін жүргізу үдерісінің кезінде немесе басында сатып алуға мәжбүр.

Өндірістік- кәсіпкерлік акциясының нәтижесі, өндірілген тауарлардың белгілі бір көлемін сатып алушыға өткізу және ол үшін ақшалай түсім алу болып табылады.

Коммерциялық кәсіпкерлікте тауарлық- ақшалық, сауда- айырбас операциялары анықтаушы рөл атқарады. Бұл сатып алу- сату бойынша мәмілелер. Коммерциялық мәміледе рынок талдауы болуы қажет, нәтижесінде сатып алу көлемі, тауар сату, сатып алу бағасы және тауарды өткізу бағасы болжамданады.

Коммерциялық бағдарламаның мәмілесі өзіне мыналарды қосады:

· Транспортпен жеткізу, сатып алу, тауар сату, жарнама жұмыстарын жүргізу және т.б. операциялары үшін жұмысшыларды жалдау;

· Келесі жағдайда сату үшін тауарларды сатып алу;

· Тауарларды өткізу және сақтау үшін сауда нүктелерін, қоймаларды, ғимараттарды жалға алу;

· Мәмілеге тікелей қатыспайтын, бірақ, ақылы қызмет ұсынатын адамның немесе бейтарап ұйымның қызметіне төлем және оны алу;

· Мәмілені қаржыландыру үшін кредитке ақша қорын тарту және келесіде кредитті пайызымен қайтару;

· Тауарды сатып алушыға өткізу және түсімді алу;

· Мәмілені тіркеу, салықтарды төлеу.

Сақтандыру – кәсіпкерліктің ерекше формасы, оның мағынасы: кәсіпкер сақтандыру жарнасын алып, оны кауіпсіздендірілген жағдайда ғана қайтарады.

Қаржылық кәсіпкерліктегі сатып алу және сату объектісі арнаулы тауарлар- ақша, валюта, бағалы қағаздар болып табылады. Коммерциялық қызметтің басқа түрлері тәрізді қаржылық- кредиттік мәміледе іздеумен, анықтаумен және әлеуетті сатып алушыларды тартумен байланысты бағалы қағаздар мен маркетингтік қызметтің талдауы алдын- ала болуы қажет.

Қаржылық кәсіпкерлікте қызметтің арнаулы түрлері бөлінеді, онда кәсіпкер өзі сататын бағалы қағаздарды шығарушы ретінде көрінеді, оны белгілі бір жағдай мен міндеттемелерде кәсіпкерлік қызметтің мәнді нәтижесі іспетті қаржылық тауар ретінде орналастырады.

Қаржылық мәміленің негізгі бөлігі (ақшаны, валютаны, бағалы қағаздарды сатып алушыға сату) мұқият ресімдеу мен жоғары назар аударуды қажет етеді. Сатып алушының қаржылық халін анықтау, кепілдік мүмкіндігін белгілеу, сатып алушыға беруге келіскен кепілдемесін анықтау қажет.

Шетел тәжірибесінде, басқару мәселелері, экономика және басқару бойынша қеңесшілер ассоциациясының Еуропалық федерациясының белгілеуіне орай, коммерциялық, төлемді кеңес «консалтинг» деген ат алды, Менеджмент- консалтинг мүмкіндіктер мен проблемаларды бағалау және анықтауды, соған сәйкес шаралар туралы ұсынысты және оны жүзеге асырудағы көмекті өзіне қосып алатын басқару мәселелері бойынша тәуелсіз көмек пен кеңесті беретінімен қорытындыланады. Өнеркәсіптік дамыған елдерде интеллектуалды капиталға кеңестік қызмет нысанындағы қаржы салу жаңа құрал- жабдық пен алдыңғы технологияға салғаннан гөрі тиімдірек саналады.

Меншік формасына байланысты кәсіпкерлік: жеке меншік және мемлекеттік болып бөлінеді. Капитал айналымының көлемі және іске қосылған қызметкерлердің саны бойынша шағын, орта және ірі бизнес деп бөлінеді.

Шағын және орта кәсіпкерліктің артықшылықтары:

1. Жағдайлардың өзгеруіне жеңіл бейімделеді.

2. Тұтыну сұранысының өзгеруіне тез жауап береді

3. Капитал салымына деген қажеттілігі төмен болады.

4. Бәсекелік дамудың негізін құрайды.

5. Техникамен қайта жабдықтану жылдам түрде жүзеге асады.

Ірі кәсіпкерліктің басымдылығы:

Ø Ғылыми техникалық үдерісті тездетеді;

Ø Жаппай стандартты өнімдерді ірі көлемде өндіру арқасында шығынды үнемдеуге мүмкіндік береді;

Ø Мамандандыру мүмкіндігін көбейтеді;

Ø Қуатты құрал жабдықты пайдалану тиімділігін арттырады (көтеру крандарының, өте үлкен пресстердің, комбайындардың және т.б.);

Ø Шаруашылық тәуекелін азайтады.

Бірақ, кәсіпорынды ірілендіру белгілі бір шекке дейін ғана тиімді болады, кейде өндіріс шектен тыс үлкен, ыңғайсыз, қиын басқарылатын және экономикалық оңтайлы болмайды, өйткені фирманың орташа шығындарды көбейе бастайды.

Ірі және шағын бизнестің өзінің шаруашылық жағдайы болады. Өндіріске жаңа технология мен өнімдерді енгізудегі, өнімді жаппай шығару кезіндегі алғашқысы көбірек әсерлі болады. Екіншісі- ұсақ сериялы өндірісте, қызмет аясында, жаңа технологияны әзірлеуде. Жеке ірі компания шағын кәсіпорындарға оның атынан өз өнімдерін өткізуге көмектескенде және мәселелерін шешкенде, жеке ірі және шағын фирмалар франчайз жүйесінде жиі бірге қызмет істейді.

– Конец работы –

Эта тема принадлежит разделу:

ТАҚЫРЫП 1. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ІЛІМНІҢ ПӘНІ МЕН ӘДІСТЕРІ

Экономикалы орлар ресурстар ж не ндіріс факторлары... ндіріс ж не дайы ндіріс... Меншікті экономикалы ж не ы ты мазм ны...

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: ТАҚЫРЫП 8. ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫ

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным ля Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Все темы данного раздела:

ТАҚЫРЫП 1. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ІЛІМНІҢ ПӘНІ МЕН ӘДІСТЕРІ
Экономикалық теория курсының қисыны және құрылымы Экономикалық теорияның пәні Экономикалық теорияның қызмет

Оғамдық өндірістің құрылымы
Материалдық өндіріс Материалдық емес өндіріс Өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, материалдық-т

Жай ұдайы өндіріс Ұлғаймалы ұдайы өндіріс.
  Жай ұдайы өндіріс- бұл өндіріс процесінің үзіліссіз өзгермеген күйде қайталануы. Ұлғаймалы ұдайы өндірі

Оғамдық меншік
  Мемл

Кесте- Жекешелендірудің тәсілдері.
  1. Аукционда конкурс бойынша сату және сатып алу. 2. Кәсіпорын капиталының үлесін сату (акцияларды) 3. Жа

ТАҚЫРЫП 4. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІҢ ТИПТЕРІ МЕН ОЛАРДЫҢ ДАМУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ.
Қоғам дамуың кезеңдерге бөлудегі негізгі көзқарастар Экономикалық жүйе, оның элементтері Экономикалық жүйел

ТАҚЫРЫП 7. СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫС. БӘСЕКЕ ЖӘНЕ МОНОПОЛИЯ.
Сұраныс заңы. Сұраныс қисығы. Сұранысқа ықпал етуші факторлар Ұсыныс заңы. Ұсыныс қисығы. Ұсынысқа

Q1 Q2 Q
Р S1 S S0 Q Бағаның өзгеруінен ұ

МU=(U10-U9)/(10-9)=(U10-U9)/1
Ординалистер пайдалылық шегі таза субъективті болатындықтан, оны сандық өлшеу мүмкін емес және оның көмегімен тұтынушының қанаu

Сурет.- Бюджет желісі және
немқұрайдылықтың қисығы   С сызығы бұл немқұрайдылықтың қисығы. Сызық АВ- бю

ТАҚЫРЫП 9. ӨНДІРІС ФАКТОРЛАРЫНАН ТҮСЕТІН ТАБЫСТАР.
Өндіріс факторларының нарықтық бағасы Жалақы – еңбек факторының бағасы ретінде Пайыз – еңбек факторының бағ

ТАҚЫРЫП 10. ЖҮЙЕ РЕТІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА.
  Шығындар мен табыстар айналымдарының макроэкономикалық моделі Макроэкономикалық көрсеткіштер. Ұлттық есептеу жүйесінің

Баға индексі
  Номиналды ЖҰӨ-нің нақты ЖҰӨ-ге қатынасын жалпы ұлттық өнімнің дефляторы деп атайды. Номинал

Жиынтық сұранысқа (AD) әсерін тигізетін факторлар
     

ТАҚЫРЫП 11. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДІК ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ.
Экономикалық өсудің түсінігі, оны өлшеу Экономикалық өсудің типтері және факторлары   Экономикалық 

Экономикалық өсудің факторлары
 

Жандану фазасының сипаттамасы.
1. Дағдарыстан аман қалған кәсіпорындар негізгі капиталдарын жаңартып, өндірісті ұлғайтуға кіріседі. Өндірілген тауарлар көлемі мен

Рлеу фазасының сипаттамасы.
1. Өндірістің көлемі дағдарыс алдындағы дәрежеден артады. 2. Жұмыссыздық деңгейі маңызды түрде қысқарады.

ТАҚЫРЫП 13. МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ: МАҢЫЗЫ, МАҚСАТТАРЫ, ҚҰРАЛДАРЫ.
  Мемлекеттің ақша-несие саясаты Ақша реформалары Несие-банк жүйесінің құрылымы Мемлекеттің ақша-не

МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ
  Қаржы жүйесінің құрылымы мен мәні Қаржы қызметі Мемлекеттік бюджет Қаржы саясаты  

ФИСКАЛЬДЫ САЯСАТ
Фискалды саясат және оның мақсаты Салық және оның классификациясы Фискалды саясаттың типтері Салықтар – ж

ТАҚЫРЫП 14. МЕМЛЕКЕТТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ АЙМАҚТЫҚ САЯСАТЫ.
  Мемлекеттің әлеуметтік саясаты Лоренц қисығы мен Джини индексі Жұмыссыздық және жұмыспен қамту ұғ

Ткен кезеңдегі тұтыну баға индексі
Инфляция себептері: - Мемлекеттік бюджеттің тапшылығы, яғни шығындардың түсімдерден асып жатуы. Егер мемлекет мұндай тапшылықты а

ТАҚЫРЫП 15. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР. СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ РЕТТЕУ.
Дүниежүзілік шаруашылық: мәні, құрылымы Халықаралық валюта қатынастары Глобалды әлеуметтік – экономикалық мә

Валюта бағамдары – басқа валютаны ақша бірлігімен көрсетілген ұлттық валюта бірлігі құны.
Валюта бағамыны (алмастыру) үш негізгі жуйесі бар: -бекітілген бағам-бір ел өз ақша бірлігінің алтын (долларлық) құра

Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • Популярное
  • Облако тегов
  • Здесь
  • Временно
  • Пусто
Теги