рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

ТАҚЫРЫП 14. МЕМЛЕКЕТТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ АЙМАҚТЫҚ САЯСАТЫ.

ТАҚЫРЫП 14. МЕМЛЕКЕТТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ АЙМАҚТЫҚ САЯСАТЫ. - раздел Экономика, ТАҚЫРЫП 1. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ІЛІМНІҢ ПӘНІ МЕН ӘДІСТЕРІ   Мемлекеттің әлеуметтік Саясаты Лоренц &#...

 

Мемлекеттің әлеуметтік саясаты

Лоренц қисығы мен Джини индексі

Жұмыссыздық және жұмыспен қамту ұғымдары

Инфляция және оның себептері

 

Мемлекеттің әлеуметтік саясаты

 

Нарықтық экономикаға көшу кезінде әлеуметтік қорғау жүйесіндегі басты мәселе - әлеуметтік кепілдікті бекіту. ҚР-нда әлеуметтік кепілдікке мыналар жатады:

Минималды жалақы, зейнетақы, стипендия, жәрдемақы, оның ішінде уақытша еңбекке жарамсыздық үшін ақы және ақысыз білім алу мен медициналық қызмет көрсету, еңбек жағдайымен байланыстырылған жеңілдіктер, тұрғындар табысын индексациялау, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау құқығы, жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алуға құқылығы, меншік құқығы және одан табыс табу.

Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің басты бағыттары:

1. Олардың ақшалай табыстарын индексациялау. Оның мәні: инфляция келтірген зиянның орнын толтыруға қызмет етеді, индексацияның түрлері ақшалай табыс индексациясы, қаржының индексациялау мен өмір сүру минимумын индексациялау. Индексациялау механизмін мемлекеттік статистикалық органдар тауар мен қызмет көрсетуде бағаның өзгеруін бақылап отырады. Осы бақылау тұтыну бағасы индексін есептеуге мүмкіндік береді.

2. Кедейленген топтарды сүйемелдеу. Кедейлік деңгей әлеуметтік тәжірибеде өмір сүру минимумы арқылы өлшенеді. Өмір сүру минимумыдеп адамның өмір сүруін және оның жұмыс күшін калпына келтіруді сүйемелдеуге қажетті ақшалай қаржы деңгейін айтады. Мұны есептеу тәсілі ең төменгі тұтыну бюджетіне негізделеді.

Жұмыс күшін ұдайы өндіруді қамтамасыз ететін тауар мен қызмет жасаудың сандық құрамына кеткен шығындарды минималды тұтыну бюджеті деп атайды. Минималды бюджет мөлшерінің құны тұтыну баға индексінің өсуін ескере отырып, жылына 1 рет немесе тоқсан сайын қаралып отырады. Ал, тұтыну баға индексін анықтау үшін «тұтыну қоржынын» белгілеп алу керек. Ол әдетте , ең қажетті тауарлардан тұрады. Тұтыну қоржыны – тұтыну игілігі мен қызметінің жиынтығы және адамдарды қоғамда белгіленген ең төменгі түтыну деңгейінде қамтамасыз ету деген мағына.

3. «Атаулы» әлеуметтік қорғау (яғни барлық категориядағы тұрғындарды қорғаудан нақты адамды қорғауға көшу). Олардың табыстары ең төменгі жалақыны орташа жан басына шаққандағыдан төмен болады.

Осы келтірілген негізгі бағыттар мен қатар, мемлекет кедейлік деңгейін төмендету үшін мынадай шаралар жүргізеді: еңбек биржасы арқылы мамандарды даярлау және қайта дайындайды, тұрғындардың жеке топтары үшін әлеуметтік қорғау механизмін жасау және табыспен аз қамтамасыз етілген тұрғындар тобын қолдау бағдарламасын қаржыландырады.

Жұмыссыздық және жұмыспен қамту ұғымдары

Жұмыссыздық - еңбек нарығының біртұтас элементі болып табылады. Экономикада жұмыссыздық өте күрделі құбылыс. Қоғамдағы жұмыс жасындағы халық саны – жасына, денсаулығына қарай еңбекке қабілеті бар жұмыс күші болып табылады.

Халықты бірнеше категорияға бөлуге болады:

1. Институциялық халық - бұлардың қабілеті экономиканың нарықтық емес құрылымына бағытталған (мемлекеттік институттар, яғни армия полиция, мемлекеттік аппарат т.б.)

2. Институцияалық емес халық - яғни нарықтық құрылымға бағытталған жұмыс күші.

Жұмыссыздық - бұл халық шаруашылығында жұмыспен қамтамасыз етілмеген еңбекке қабілеті бар жұмыс күші.

Жұмыссыздық – бұл жұмыс күшіне деген сұраныс пен оның ұсынысының арасындағы айырмашылықтан туындайтын нәтиже.

Экономикада жұмыс күші жұмыспен қамтылған және жұмыспен қамтылмаған (жұмыссыздардан) құралады.

 

жұмыссыздар санының

Жұмыссыздық деңгейі = жұмыс күшінің саны * 100 %

Жұмыссыздықтың негізгі формалары:

- Фрикциондық жұмыссыздық – адамдар бір жұмыстан басқа жұмысқа, бір жерден басқа жерге жұмыс іздеумен ауысуын айтады.

- Құрылымдық жұмыссыздық - өндірістік қуаттың жетпеуінің нәтижесінде туындайды: жеке саланың дамуының кері пропорциональды болуынан және ескі саланы жабу мен жаңа саланы дамытудың нәтижесі ретінде қарауға болады.

- Циклдық жұмыссыздық - өндірістің құлдырауынан туындайды.

Қазақстанда экономикалық реформалардың бастауынан ашық жұмыссыздық өсе бастады, бірақ онымен қатар жасырын жұмыссыздық та орын ала бастады.

Қазақстандағы еңбек нарығында ағымдағы, құрылымдық, циклдық жұмыссыздықтың түрлерін көруге болады. Ағымдағы жұмыссыздық фрикциональдық жұмыссыздыққа сәйкес келеді, яғни халықтың көпшлігі жыл бойы кәсіпорындардағы жұмыстан шығып, және уақытша жұмысқа орналаса алмады.

Құрылымдық және циклдық жұмыссыздық ұзақ мерзімдегі сипатта болады да, олар жұмыссыздықтың тұрақты формасына әкеледі, яғни жұмыссыз адам ұзақ уақыт жұмыс таба алмағандықтан өзінің біліктілігін жоғалтады, еңбек нарығында бәсекелік қабілетін жоғалтады.

Толық жұмысбастылық деген мағынаның экономикада жоқтың қасы, себебі барлық жұмыс күші жұмыспен толық қамтылған жағдайда да жұмыссыздықтың белгілі бір деңгейі болуы қалай да болса қажетті және заңды процесс.

Жұмыспен толық қамту жағдайындағы қарқынды инфляцияға әкеліп соқпайтын жұмыссыздықтың ең төменгі дәрежедегі нормасын жұмыссыздықтың табиғи нормасы деп аталады. Егерде жұмыссыздықтың нақты деңгейі табиғи деңгейден артып кетсе, онда бұл жағдай жалпы ұлттық өнімнің азаюына әкеледі.

Оукен заңы бойынша жұмыссыздықтың нақты деңгейі, табиғи деңгейіне қарағанда, 1%-ке өсуі нақты ЖҰӨ-нің потенциальдық мүмкіндігімен салыстырғанда орташа 2,5%-ке төмендеуіне әкеледі. Потенциалды ЖҰӨ толық жұмыспен қамту жағдайында өндірілетін өнім көлемі.

Жұмыссыздықтың зардаптары:

1. Жұмыссыздық (циклдық) жағдайында- өндіріс мүмкіншілігін толық пайдаланбағандықтан ұлттық байлықтың азаюына келеді. Бұл жағдайда:

- халықтың сатып алу қабілеті төмендейді,

- қазына – қор қысқарады.

- инвестицияға сұраныс қысқарады.

- өндіріс құлдырайды.

2. Ұзақ мерзімде болатын жұмыссыздық жағдайында жұмыссыз адамдардың біліктілігі жоғалады.

3. Жұмыссыздықтың өсуі қоғамда қылмысты істердің өсуіне және халықтың әлеуметтік жағдайының төмендеуіне әкеледі.

Еңбек нарығын мемлекеттің реттеуі:

- жаңа жұмыс орнын құру және еңбек биржасы арқылы жұмыссыз адамдарға басқа жаңа мамандықтарды игеруге біліктілікті көтеруге көмектесу.

- Икемді еңбек нарығын ұйымдастыруға қолдау жасау және барлық әлеуметтік топтардың ерекшеліктерін ескере отырып толық есепке енгізу.

- Еңбек катынастарын заңдылық құқылық нормалармен камтамасыз ету.

- Жұмыссыздарға әлеуметтік қорғау жасау.

Макроэкономикалық тұрақсыздықтың тағы бір көрінісі – ол инфляция. Инфляция – айналымдағы ақша массасының нақты ұсынылған тауар санынан артып кетуі. Бұл жағдай ақшаның сатып алу қабілетінің төмендеуіне және тауарлар мен қызметтер бағаларының өсуіне әкеледі.

Инфляцияны ашық және басылыңқы түрге бөлуге болады:

- Ашықинфляция еркін баға құрылымы экономикасына тән және тауар мен қызмет көрсетуде үнемі бағаның өсуін байқатады.

- Басылыңқы (жасырын) инфляция – бағаны реттейтін экономикаға тән, яғни мемлекеттің жалпы бағаны бақылауымен жүзеге асатын инфляция.

Ашық инфляция өз кезегінде бірнеше формаға бөлінеді:

- Сұраныс инфляциясы– ол жұмыспен толық қамту жағдайында пайда болады, ақшамен қамтамасыз етілген сұраныс баға өсуін тудырады.

- Шығын инфляциясы– ол өндіріс факторлары қымбаттаған жағдайда пайда болады. Бұл жағдайда өндіріс шығындарының өсуі өнім бағасының өсуіне әкеледі.

- Құрылымдық инфляция- ол саларалық баланстың бұзылу жағдайында туады. Бір сала нарықты толық қанағаттандыра алмағандықтан бұл саладағы тапшылық тауарлардың қымбаттауына әкеледі.

 

 

Болжау арқылы инфляция бөлінеді:

- Күткен инфляция – ол болжамдалынған инфляция.

- Күтпеген инфляция– ол кенеттен тосын пайда болады, бағалардың кенеттен күрт өсіп кетуі.

Бағаның өсу қарқыны тұрғысынан инфляция бөлінеді:

- Баяу инфляция. Бұл инфляция кезінде бағалар баяу (жылына 10% -тен аз) өседі.

- Қарқынды инфляция. Бұл инфляция кезінде баға жылдам (жылына 20-дан 200% -ге дейін) өседі.

- Ұшқыр инфляция. Бұл инфляция кезінде айналымдағы ақшаның саны мен баға өте күрт жылдамдықпен (500-1000%-дейін) өседі.

Инфляция деңгейі баға индексі көмегімен өлшенеді. Ағым кезіндегі тұтыну баға индексінен өткен кезеңдегі тұтыну баға индексі алынып, өткен кезеңдегі тұтыну баға индексіне бөлінеді.

 

– Конец работы –

Эта тема принадлежит разделу:

ТАҚЫРЫП 1. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ІЛІМНІҢ ПӘНІ МЕН ӘДІСТЕРІ

Экономикалы орлар ресурстар ж не ндіріс факторлары... ндіріс ж не дайы ндіріс... Меншікті экономикалы ж не ы ты мазм ны...

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: ТАҚЫРЫП 14. МЕМЛЕКЕТТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ АЙМАҚТЫҚ САЯСАТЫ.

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным ля Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Все темы данного раздела:

ТАҚЫРЫП 1. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ІЛІМНІҢ ПӘНІ МЕН ӘДІСТЕРІ
Экономикалық теория курсының қисыны және құрылымы Экономикалық теорияның пәні Экономикалық теорияның қызмет

Оғамдық өндірістің құрылымы
Материалдық өндіріс Материалдық емес өндіріс Өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, материалдық-т

Жай ұдайы өндіріс Ұлғаймалы ұдайы өндіріс.
  Жай ұдайы өндіріс- бұл өндіріс процесінің үзіліссіз өзгермеген күйде қайталануы. Ұлғаймалы ұдайы өндірі

Оғамдық меншік
  Мемл

Кесте- Жекешелендірудің тәсілдері.
  1. Аукционда конкурс бойынша сату және сатып алу. 2. Кәсіпорын капиталының үлесін сату (акцияларды) 3. Жа

ТАҚЫРЫП 4. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІҢ ТИПТЕРІ МЕН ОЛАРДЫҢ ДАМУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ.
Қоғам дамуың кезеңдерге бөлудегі негізгі көзқарастар Экономикалық жүйе, оның элементтері Экономикалық жүйел

ТАҚЫРЫП 7. СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫС. БӘСЕКЕ ЖӘНЕ МОНОПОЛИЯ.
Сұраныс заңы. Сұраныс қисығы. Сұранысқа ықпал етуші факторлар Ұсыныс заңы. Ұсыныс қисығы. Ұсынысқа

Q1 Q2 Q
Р S1 S S0 Q Бағаның өзгеруінен ұ

МU=(U10-U9)/(10-9)=(U10-U9)/1
Ординалистер пайдалылық шегі таза субъективті болатындықтан, оны сандық өлшеу мүмкін емес және оның көмегімен тұтынушының қанаu

Сурет.- Бюджет желісі және
немқұрайдылықтың қисығы   С сызығы бұл немқұрайдылықтың қисығы. Сызық АВ- бю

ТАҚЫРЫП 8. ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫ
  Бухгалтерлік және экономикалық шығындар Тұрақты және өзгермелі шығындар Орташа және шекті шығындар. Мас

ТАҚЫРЫП 9. ӨНДІРІС ФАКТОРЛАРЫНАН ТҮСЕТІН ТАБЫСТАР.
Өндіріс факторларының нарықтық бағасы Жалақы – еңбек факторының бағасы ретінде Пайыз – еңбек факторының бағ

ТАҚЫРЫП 10. ЖҮЙЕ РЕТІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА.
  Шығындар мен табыстар айналымдарының макроэкономикалық моделі Макроэкономикалық көрсеткіштер. Ұлттық есептеу жүйесінің

Баға индексі
  Номиналды ЖҰӨ-нің нақты ЖҰӨ-ге қатынасын жалпы ұлттық өнімнің дефляторы деп атайды. Номинал

Жиынтық сұранысқа (AD) әсерін тигізетін факторлар
     

ТАҚЫРЫП 11. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДІК ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ.
Экономикалық өсудің түсінігі, оны өлшеу Экономикалық өсудің типтері және факторлары   Экономикалық 

Экономикалық өсудің факторлары
 

Жандану фазасының сипаттамасы.
1. Дағдарыстан аман қалған кәсіпорындар негізгі капиталдарын жаңартып, өндірісті ұлғайтуға кіріседі. Өндірілген тауарлар көлемі мен

Рлеу фазасының сипаттамасы.
1. Өндірістің көлемі дағдарыс алдындағы дәрежеден артады. 2. Жұмыссыздық деңгейі маңызды түрде қысқарады.

ТАҚЫРЫП 13. МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ: МАҢЫЗЫ, МАҚСАТТАРЫ, ҚҰРАЛДАРЫ.
  Мемлекеттің ақша-несие саясаты Ақша реформалары Несие-банк жүйесінің құрылымы Мемлекеттің ақша-не

МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ
  Қаржы жүйесінің құрылымы мен мәні Қаржы қызметі Мемлекеттік бюджет Қаржы саясаты  

ФИСКАЛЬДЫ САЯСАТ
Фискалды саясат және оның мақсаты Салық және оның классификациясы Фискалды саясаттың типтері Салықтар – ж

Ткен кезеңдегі тұтыну баға индексі
Инфляция себептері: - Мемлекеттік бюджеттің тапшылығы, яғни шығындардың түсімдерден асып жатуы. Егер мемлекет мұндай тапшылықты а

ТАҚЫРЫП 15. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР. СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ РЕТТЕУ.
Дүниежүзілік шаруашылық: мәні, құрылымы Халықаралық валюта қатынастары Глобалды әлеуметтік – экономикалық мә

Валюта бағамдары – басқа валютаны ақша бірлігімен көрсетілген ұлттық валюта бірлігі құны.
Валюта бағамыны (алмастыру) үш негізгі жуйесі бар: -бекітілген бағам-бір ел өз ақша бірлігінің алтын (долларлық) құра

Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • Популярное
  • Облако тегов
  • Здесь
  • Временно
  • Пусто
Теги