рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

ТАҚЫРЫП 4. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІҢ ТИПТЕРІ МЕН ОЛАРДЫҢ ДАМУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ.

ТАҚЫРЫП 4. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІҢ ТИПТЕРІ МЕН ОЛАРДЫҢ ДАМУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ. - раздел Экономика, ТАҚЫРЫП 1. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ІЛІМНІҢ ПӘНІ МЕН ӘДІСТЕРІ Қоғам Дамуың Кезеңдерге Бөлудегі Негізгі К}...

Қоғам дамуың кезеңдерге бөлудегі негізгі көзқарастар

Экономикалық жүйе, оның элементтері

Экономикалық жүйелердің типтік үлгілері: дәстүрлі, жоспарлы, нарықты, аралас экономика

 

Қоғам дамуың кезеңдерге бөлудегі негізгі көзқарастар

Экономиканы ұйымдастыру мәселесі әрбір экономикалық жүйеде әртүрлі шешіледі. Жүйе заңдылықтардың, бір- бірмен байланысты құбылыстардың бірлігі. Экономикалық жүйе– бұл экономикалық процестер жиынтығы. Экономикалық жүйені топтау кең таралған екі фактор негізінде жүргізіледі.

1. Экономиканы ұйымдастыру бойынша:

1.1. Жабық экономика– барлық шаруашылық әрекеттер тек мемлекет шеңберінде жүргізіледі, ішкі тұтынумен шектеледі, шет елдермен қатынас болмайды.

1.2. Ашық экономикалық жүйе– халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіне экономика белсенді түрде қатысады, ұлттық валюта мен қатар шетелдік валюта қолданылады.

2. Меншік қатынастарының формалары бойынша:

2.1. Дәстүрлі жүйе – ұрпақтан ұрпаққа жалғасып отырған дәстүр мен салт бойынша қатынастар қалыптасады.

2.2. Әкімшілік- әміршілік экономика- орталықтанған жоспарлау арқылы барлық ресурстар мен өндіріс факторлары мемлекеттің қолында болып, мемлекеттік меншіктің үстемділігі жүргізіледі.

2.3. Нарықтық экономика- жеке меншікке, бәсекеге негізделеді.

2.4. Аралас экономика– мемлекет пен нарық механизмдерінің араласуы арқылы экономиканы реттеу жүзеге асады.

3. Өнеркәсіп революциясы мен ҒТП даму деңгейі бойынша:

3.1. Индустриалды даму дәуіріне дейінгі жүйе– бұл жүйеде ауыл шаруашылығы, натуралдық шаруашылық және қол еңбегі басым орын алады.

3.2. Индустриалдық жүйе– бұл жүйе ірі машиналық өндіріске, дамыған тауар- ақша қатынастарына негізделеді.

3.3. Постиндустриалдық жүйе- бұл жүйеде негізгі ресурс ретінде ақпарат саналады, экономиканың бастаушы саласы – материалдық емес сала.

Қоғамның экономикалық жүйесінің басты элементтері мыналар:

1. Қоғамның өндіргіш күштері, атап айтқанда, оның материалдық-техникалық базасын құрайтын еңбек құралдары мен еңбек заттары, экономикалық қатынастың субъектілері (жеке қызметкерлері, еңбек коллективтері, т.б.).

2. Өндірістік қатынастар, қоғамның экономикалық заңдары мен мүдделері, осы экономикалық заңдар мен мүдделері пайдалану механизмі немесе шаруашылық механизмі;

3. Өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың арасын байланыстырушы қоғамдық комбинация (шоғырландыру, мамандандыру, құрамдастыру) т.б.

Осы аталып отырған өндірістік қатынастар, экономикалық заңдар мен мүдделер экономикалық жүйенің маңызды элементтері ретінде бір- бірімен тығыз байланыстылықта болады, өндіргіш күштердің сипатымен, дәрежесі мен аралық қатынаста әрекет етеді.

Сонымен, экономикалық жүйе дегеніміз– материалдық игіліктер мен қызмет көрсетулерді өндірушілер мен тұтынушылар арасында ерекше түрде қалыптасқан байланыстар жүйесі.

Экономикалық жүйе көптеген факторларға негізделеді. Оның дамуына ықпал ететін факторлар:

- шарушылық шешімдерін қабылдау жөнінде елде қалыптасқан шаралар жүйесі;

- меншік құрылымы;

- ақпараттар мен өзара үйлесімділікті қамтамасыз ету механизмі;

- мақсаттарды белгілеу мен еңбек етуге жұмылдыру механизмі.

Бұл факторлар шаруашылық, әкімшілдік, ақпараттық сияқты үш құрылымның төңірегінде топтасады.

Шаруашылық құрылым деп– шектеулі ресурстарды пайдалануға байланысты материалдық-техникалық база элементтерінің өзара әрекеттесуін айтады.

Әкімшілдік (ұйымдық құрылым) деп– шектеулі ресурстарды басқару жөніндегі шаруашылық құрылымдарының жауапты қызметкерлерінің міндеттері мен оларға тән заңды құқықтық ережелердің жиынтығын айтады.

Ақпараттық құрылым деп– жоғарыда айтылған құрылымдардың қызметтері туралы дәлелді мәліметтерді жинақтау мен таратуды айтады.

Бұл құрылымдар меншік формасына байланысты-патриархалды, ұсақ тауарлы, мемлекеттік және т.б. укладтарды құрайды. Жекелеген елде бір мезгілде бұл укладтардың бірнешеуі қатар өмір сүруі мүмкін. Осындай жағдай экономикалық жүйенің қайшылықтарымен құбылмалы қозғалыстарын өмірге әкеледі. Сонымен, егер елде национализация мен қоғамдастыру процестері жүзеге асырылса, онда мемлекеттік меншік күшейеді. Керісінше, жеке меншікке негізделген укладтар алдыңғы сатта болса, онда орталықтан басқару әлсірейді, яғни бұл кезде қоғамдастырудан жекешелендірудің ықпалы зор болады.

Қазіргі заманның келбеті– терең тарихи дамудың нәтижесінде қалыптасқан, сан- қилы экономикалық жүйелердің болуымен сипатталады. Оларды жекелеген критерилерде (белгілерді) негізге ала отырып, топтастыруға – яғни классификациялауға болады. Түрлі экономистер қоғамның тарихи даму процесін өздері қабылдаған критерилері арқылы түсіндіреді, сол себепті бұл мәселе жөнінде пікір- таластар бар. Осыған орай, экономикалық жүйені классификациялаудың кейбір түрлеріне тоқталайық.

І. Формациялық көзқарастар тек маркстік теорияға тән. Маркс үш тармақты классификацияның іргетасын қалады.

Ежелгі (көне замандағы) формацияға – алғашқы қауымдық қоғам мен азиаттық өндіріс әдісі жатады.

Бұлардың ішіндегі ең тартымдысы– азиаттық өндіріс әдісі. Оның негізін– ұжымдық меншік арқылы жерге иелік ететін және үй шаруашылықтарында өнеркәсібі қалыптасқан, егіншілікпен айналатын қауым құрайды, бұл оларға нарыкқа бармай- ақ патриархалды шарушылық шеңберінде өздеріне қажет игіліктерді өндіріп, қажеттіктерін толық қанағаттандыруға мүмкіндіктер жасады.

Табиғатты кеңінен түбегейлі меңгеру және елдің қорғаныс қабілетін күшейту үшін, өзара экономикалық оқшауланған қауымдардың мүмкіншіліктерін біріктіру қажеттігінен, өз қолдарына әскери және экономикалық биліктерді жинақтаған, патшалы (деспоттық) мемлекеттер пайда болды: олар жерді өз меншіктеріне айналдырып, рента мен қосымша құнды және т.б. иемденді.

Азиаттық өндіріс көптеген халықтарда өмір сүрді, соның ішінде Азия елдерінде ол ұзақ сақталды (20ғасырдың бас кезіне дейін). Оның ұзақ өмір сүруінің себебі– диқаншы қауымда алғашқы коммунистік принциптердің орнауына байланысты болды.Екінші,жеке меншікке негізделген құл иеленуші, феодализм, капитализм, К.Маркс туынды формация деп атады.

Үшіншісі,коммунистік формация деп – жеке меншікті жоюға негізделген және екі сатыдан тұратын, оның бастапқы сатысы – социализм өндіріс әдісін айтады.

Формациялық көзқарастар экономикалық жүйелерді бес өндіріс әдісіне, яғни, алғашқы қауымдық, құл иеленуші, феодалдық, капиталистік, коммунистік деп жіктеді.

Өндіріс әдісідегеніміз өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың сипатын қоғамда үстемдік етуші өндіріс құрал-жабдықтарына меншік формасы анықтайды. Мұнда материалдық өндірістің даму деңгейіне баса назар аударылады, бір сатыдан екінші сатыға ұласатын – жекелеген, әрбір жүйенің тұрақсыз болуы, ондағы өндіріс тиімділігінің дәрежесіне байланысты болады.

Бұл көзқарастың басқа көзқарастар сияқты жетістіктері де және кемшіліктері де бар. Формациялық теория арқылы адамзат тарихы ретсіз дәлелдеулерден үйлесімді ғылыми жүйеге айналды. Мұндай көзқарастың өрісі тар, өйткені оны тек Батыс Еуропа елдерінде қолдануға болады және оның жалпылама маңызы болмайды.

II. Өркениетті көзқарастар -өркениеттің (цивилизацияның) сатылап алмасуына негізделген адамзат тарихын біртұтас алып зерттейді. «Цивилизация» – латын сөзі civillis- «азаматтық, қоғамдық» деген мағына береді. Бұл термин мәдениеттің дәрежесі мен ауқымын (мысалы, ежелгі, азиаттық, еуропалық) анықтау үшін пайдаланылады.

Өркениетті көзқарастар жалпы адамзат проблемаларының өзара байланысы мен тәуелсіздігінің күшейе түсу фактілеріне, бүкіл адамзаттың ортақ мұраларына, яғни оларды– ұлттық, таптық мүдделерден жоғары бағалауға негізделеді.

Бұл теория өз дамуының алғашқы баспалдақтарындағы міндеті- жүйені құрайтын белгілерді іздестіру болып табылады.

Кейбір экономистер осыған орай еңбек өнімділігін арттырудың жаңа белестері ретінде өркениеттік революцияларды зерттеуді ұсынады.

Ауылшаруашылығында алғашқы рет өркениет революциясы болды (ол 6– 8 мың жыл бұрын болған). Бұдан кейін өнеркәсіпте болды (ол 20 ғ. ортасынан басталады). Ол халықты адам қажеттіктеріне қызмет көрсететін сфераларға (сауда, қызмет көрсету, білім беру, ғылым, мәдениет, басқару және т.б) ауыстырады.

Өркениетті көзқарастар басқалармен салыстырғанда топтық жанжалдардан аулақ. Сонымен қатар өркениетті көзқарастармен шектен тыс әуестенсе, егер түрлі елдер мен аймақтардың өз ерекшеліктері мен дәстүрлерін ескермей, оларды жалпы схемамен бағаласа, онда оның кемшілігі.

III. Қоғамдық индустрияның даму деңгейіне байланысты классификациялау негізінде үш экономикалық жүйе сараланады: индустриялы, постиндустриялы немесе неоиндустриялы (ақпараттық қоғам).

IV. Өндіріс құрал– жабдықтарына меншік формасынажәне шаруашылықты басқарутәсілдеріне қарай жіктеу негізінде экономикалық жүйенің төрт типі сараланады: дәстүрлі, нарықты, аралас, әкімшіл- әміршіл.

Экономикалық мүдделер-өндірісті дамытудың, бүкіл экономикалық жүйенің қозғаушы күші. Экономикалық мүдделердің маңызды сипаты – оның объективтілігі. Ол экономикалық қатынас арқылы қалыптасады. Әр қоғамның экономикалық қатынастары ең алдымен мүдделер ретінде көрініс алады.

Олай болса экономикалық мүдделер өндірістік қатынастар негізінде, ең алдымен меншік қатынасы ретінде даму алады деген сөз. Осы мүдделердің тікелей, негізін қоғамның материалдық жағдайын қалайтын, осымен байланысты адамдар қатынасын бейнелейтін қоғамдық қажеттіліктер құрайды. Егер, қажеттілік бір жағынан өндірістің нәтижесі, екінші бір жағынан оның ынталандырушы күші десек, ал мүдделер тікелей өндірістің қозғаушы күші дер едік.

Қазіргі қоғамның экономикалық мүдделер жүйесі мемлекеттің, ұжымның және жеке адам мүдделерін қамтиды. Олай болса мүдделерді нақты білдіруші– қоғам, әлеуметтік топтар, ұлттар, аймақтар, өндірістік ұйымдар, қоғам мүшелері.

Мүдделер әлеуметтік– экономикалық іс– қимылдың негізгі қозғаушы күші объективті нақты қатынастарды сипаттайды. Оның сипаты өндірістік қатынастардың типімен анықталады, ал оның шешуші элементі меншік қатынасы екенін жоғарыда атап өттік. Дәлірек айтқанда мүдделер – экономикалық прогрестің қуатты қозғаушы күші, олар экономикалық механизмі "серіппесі".

Сонымен экономикалық мүдделер экономикалық жүйенің маңызды элементі. Бір қарағанда экономикалық мүдделер субъективті, адамдардың биологиялық табиғатынан туындайды. Онда ол экономикалық теорияның пәні болмас еді. Әрине, экономикалық қажеттіліктер адамнан ажырағысыз, одан тыс орын алуы да мүмкін емес. Бірақ одан жеке бір адамның ойынан туындаған субъективтік құбылыс деуге болмайды. Адамның өмірі, оның тұрмысы оның қажеттіліктерін өтеумен тығыз байланысты. Тұтыну үшін, өндіру керек. Ол үшін өндіріс құрал – жабдықтару керек. Олай болса өндіріс құрал – жабдықтары мен тұтыну заттарына деген қажеттілік тұрақты экономикалық қажеттілік болып табылады. Қоғамдық еңбек бөлінісі жағдайындағы экономикалық қажеттіліктер қоғамдық сипатта болады. Адам қажеттілігін қанағаттандыру үшін өз еңбегінің өнімін ғана емес, басқалардың еңбегімен өндірілген өнімдерді де пайдаланады. Сондықтан да қажеттіліктер адамдар арасындағы қатынастарды сипаттайды.

Экономикалық қажеттіліктер түрінде қалыптасқан өндірістік қатынастар экономикалық мүдделер түрінде көрініс алады. Материалдық қажеттіліктерді қанағаттандыру тұрғысынан туындайтын экономикалық мүдде адамдардан белгілі бір іс – қимылды талап етеді, шаруашылық ісінің ынталандырушысы, экономикалық механизмді қозғалысқа қосатын серіппе. Адамдардың мүдделері, олардың қажеттіліктері сияқты қозғалыста, сандық және сапалық өзгерісте болады. Экономиканың, мәдениеттің даму дәрежесі жоғары болған сайын, адамдардың мүдделері де әр түрлі болады. Әртүрлі әлеуметтік топтардың, таптардың, жеке адамның экономикалық мүдделері бірдей емес. Ол олардың қоғамдағы жайы, экономикалық жүйедегі орнымен, меншік қатынасымен анықталады.

Экономикалық мүдделердің құрылымы күрделі. Өйткені, мүддені білдіретін адам әрі жеке дара, әрі ұжым өкілі, әрі бүкіл қоғам өкілі қызметін атқарады. Осы тұрғыдан қарастырғанда жеке, ұжымдық және қоғамдық мүдделер деп бөлуге болады. Әрбір экономикалық мүдденің дербестігі де, ерекшелігі де бар. Олар бір – біріне сәйкес келмеуі де мүмкін. Олардың арасында алшақтық, қайшылық, дау – дамайлар орын алады. Ол түсінікті де, өйткені кішігірім шағын өндірушілердің жалдамалы жұмысшының меншік иесінің жеке талғамдары мен талабының әрқилылығы, олардың мүдделерінің де әртүрлі болатындығын көрсетеді. Қайшылықтардың басын экономикадан, оның терең қатпарларынан іздеу керек: өндіргіш күштердің жайы мен дәрежесінен, меншіктің әртүрлі формаларынан, әртүрлі еңбектің әлеуметтік– экономикалық салдарынан қарастырған жөн.

Мүдделер арасындағы қайшылықтарды шешу әдісі әртүрлі, ол экономикалық жүйенің ерекшелігімен сипатталады. Атап айтқанда: 1) экономикалық ықпал ету жолымен еңбек ақы формасын өзгерту, акцияларды жұмысшыларға сату; 2) моральды ынталандыру; 3) экономикалық мүдделерге әлеуметтік саясатты өзгерту арқылы ықпал ету т.б.

Экономикалық жүйелердің типтік үлгілері: дәстүрлі, жоспарлы, нарықты, аралас экономика

Дәстүрлі экономиканың сипаттамасы:

1. Өндіріс, бөлу және айырбас дәстүр, салтқа негізделеді.

2. Өндірістің дамуы мен әлеуметтік – экономикалық даму ең нашар деңгейде.

3. Техникалық прогресс шектеулі.

4. Халық санының дамуы өнеркәсіп өндірісінің өсуі деңгейінен тұрақты түрде артып отырады.

5. Сыртқы қаржылық қарыз өте күрделі.

6. Мемлекет пен қарулы күштердің рөлі өте жоғары.

Әкімшілік - әміршілік экономиканың сипаттамасы:

1. Өндіріс құралдарына мемлекеттік меншік.

2. Экономикада орталықтанған жоспарлау.

3. Өндірушілердің монополист ретінде көрінуі.

4. Орталықталынған ресурстар қоры.

5. Өндіріс нәтижесіне деген әрбір өндіріске қатысушының жеке ынталылығының болмауы.

Нарықтық экономиканың сипаттамасы:

1. Өндіріс факторларына жекеменшік.

2. Кәсіпкерлік пен таңдау еркіндігі.

3. Тәуекелге бел байлаған шаруашылық субъектілердің өзіндігі.

4. Еңбек нәтижесіне қатысушылардың жеке ынталылығы – мотивациясы.

5. Өндірушілер, тұтынушылар арасындағы бәсеке, сондықтан ешкім нақты (экономикалық) билікке ие емес.

– Конец работы –

Эта тема принадлежит разделу:

ТАҚЫРЫП 1. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ІЛІМНІҢ ПӘНІ МЕН ӘДІСТЕРІ

Экономикалы орлар ресурстар ж не ндіріс факторлары... ндіріс ж не дайы ндіріс... Меншікті экономикалы ж не ы ты мазм ны...

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: ТАҚЫРЫП 4. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІҢ ТИПТЕРІ МЕН ОЛАРДЫҢ ДАМУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ.

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным ля Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Все темы данного раздела:

ТАҚЫРЫП 1. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ІЛІМНІҢ ПӘНІ МЕН ӘДІСТЕРІ
Экономикалық теория курсының қисыны және құрылымы Экономикалық теорияның пәні Экономикалық теорияның қызмет

Оғамдық өндірістің құрылымы
Материалдық өндіріс Материалдық емес өндіріс Өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, материалдық-т

Жай ұдайы өндіріс Ұлғаймалы ұдайы өндіріс.
  Жай ұдайы өндіріс- бұл өндіріс процесінің үзіліссіз өзгермеген күйде қайталануы. Ұлғаймалы ұдайы өндірі

Оғамдық меншік
  Мемл

Кесте- Жекешелендірудің тәсілдері.
  1. Аукционда конкурс бойынша сату және сатып алу. 2. Кәсіпорын капиталының үлесін сату (акцияларды) 3. Жа

ТАҚЫРЫП 7. СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫС. БӘСЕКЕ ЖӘНЕ МОНОПОЛИЯ.
Сұраныс заңы. Сұраныс қисығы. Сұранысқа ықпал етуші факторлар Ұсыныс заңы. Ұсыныс қисығы. Ұсынысқа

Q1 Q2 Q
Р S1 S S0 Q Бағаның өзгеруінен ұ

МU=(U10-U9)/(10-9)=(U10-U9)/1
Ординалистер пайдалылық шегі таза субъективті болатындықтан, оны сандық өлшеу мүмкін емес және оның көмегімен тұтынушының қанаu

Сурет.- Бюджет желісі және
немқұрайдылықтың қисығы   С сызығы бұл немқұрайдылықтың қисығы. Сызық АВ- бю

ТАҚЫРЫП 8. ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫ
  Бухгалтерлік және экономикалық шығындар Тұрақты және өзгермелі шығындар Орташа және шекті шығындар. Мас

ТАҚЫРЫП 9. ӨНДІРІС ФАКТОРЛАРЫНАН ТҮСЕТІН ТАБЫСТАР.
Өндіріс факторларының нарықтық бағасы Жалақы – еңбек факторының бағасы ретінде Пайыз – еңбек факторының бағ

ТАҚЫРЫП 10. ЖҮЙЕ РЕТІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА.
  Шығындар мен табыстар айналымдарының макроэкономикалық моделі Макроэкономикалық көрсеткіштер. Ұлттық есептеу жүйесінің

Баға индексі
  Номиналды ЖҰӨ-нің нақты ЖҰӨ-ге қатынасын жалпы ұлттық өнімнің дефляторы деп атайды. Номинал

Жиынтық сұранысқа (AD) әсерін тигізетін факторлар
     

ТАҚЫРЫП 11. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДІК ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ.
Экономикалық өсудің түсінігі, оны өлшеу Экономикалық өсудің типтері және факторлары   Экономикалық 

Экономикалық өсудің факторлары
 

Жандану фазасының сипаттамасы.
1. Дағдарыстан аман қалған кәсіпорындар негізгі капиталдарын жаңартып, өндірісті ұлғайтуға кіріседі. Өндірілген тауарлар көлемі мен

Рлеу фазасының сипаттамасы.
1. Өндірістің көлемі дағдарыс алдындағы дәрежеден артады. 2. Жұмыссыздық деңгейі маңызды түрде қысқарады.

ТАҚЫРЫП 13. МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ: МАҢЫЗЫ, МАҚСАТТАРЫ, ҚҰРАЛДАРЫ.
  Мемлекеттің ақша-несие саясаты Ақша реформалары Несие-банк жүйесінің құрылымы Мемлекеттің ақша-не

МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ
  Қаржы жүйесінің құрылымы мен мәні Қаржы қызметі Мемлекеттік бюджет Қаржы саясаты  

ФИСКАЛЬДЫ САЯСАТ
Фискалды саясат және оның мақсаты Салық және оның классификациясы Фискалды саясаттың типтері Салықтар – ж

ТАҚЫРЫП 14. МЕМЛЕКЕТТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ АЙМАҚТЫҚ САЯСАТЫ.
  Мемлекеттің әлеуметтік саясаты Лоренц қисығы мен Джини индексі Жұмыссыздық және жұмыспен қамту ұғ

Ткен кезеңдегі тұтыну баға индексі
Инфляция себептері: - Мемлекеттік бюджеттің тапшылығы, яғни шығындардың түсімдерден асып жатуы. Егер мемлекет мұндай тапшылықты а

ТАҚЫРЫП 15. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР. СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ РЕТТЕУ.
Дүниежүзілік шаруашылық: мәні, құрылымы Халықаралық валюта қатынастары Глобалды әлеуметтік – экономикалық мә

Валюта бағамдары – басқа валютаны ақша бірлігімен көрсетілген ұлттық валюта бірлігі құны.
Валюта бағамыны (алмастыру) үш негізгі жуйесі бар: -бекітілген бағам-бір ел өз ақша бірлігінің алтын (долларлық) құра

Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • Популярное
  • Облако тегов
  • Здесь
  • Временно
  • Пусто
Теги