Тақырып бойынша тест сұрақтар

1. Белгілі бір территорияны мекендейтін барлық тірі ағзалардың қауымдастығы:

А) Биоценоз.

B) Экологиялық қуыс.

C) Биом.

D) Ареал.

E) Популяция.

 

2. Зат және энергия айналымы жүретін, барлық организмдер бірге қызмет ететін, бір-бірімен және қоршаған ортамен әрекеттесетін орта келесідей аталады:

А) Ареал.

B) Биогеоценоз.

C) Экологиялық жүйе.

D) Экологиялық ниша.

E) Биоценоз.

 

3. Биоценоз ұғымын алғаш рет ұсынған ғалымды ата:

А) Вернадский.

B) Гаузе.

C) Тенсли.

D) Мебиус.

E) Геккель.

4. Паразитизм дегеніміз не?

А) Екі түрге жататын органимдердің кеңістікте бір-біріне еш бір зиянын тигізбей керісінше, селбесіп пайдалы тіршілік етуі.

B) Әр түрге жататын организмдер бір-біріне қолайлы жағдай туғыза отырып, селбесіп тіршілік ету.

C) Бір түрдің өкілінің екінші бір түр өкілін қорек немесе тіршілік ортасы ретінде пайдалану арқылы тіршілік етуі.

D) Бір немесе бірнеше түрге жататын организмдедің өзара қорек, тұрағы т.б. ресурстардың жетіспейшілік жағдайындағы қарым-қатынастардың көрінісі.

E) Жануарлардың орын ауыстыру арқылы тұқымдарын кеңістікке тарату құбылысы.

5. Бір кеңістікте өмір сүретін, қажеттілігі бірдей, жақын түрлердің ара қатынасы қалай аталады?

А) Мутуализм.

B) Нейтрализм.

C) Симбиоз.

D) Комменсализм.

E) Бәсекелестік.

 

6.Зат және энергия айналымы жүретін, барлық организмдер бірге қызмет ететін, бір-бірімен және қоршаған ортамен әрекеттесетін орта келесідей аталады:

А) Биоценоз.

В) Биогеоценоз.

С) Ареал.

Д) Экологиялық жүйе.

Е) Экологиялық қуысқ.

 

 

7. Бірге тіршілік ететін және бір-бірімен байланысқан түрлердің комплексі:

А) Биогеоценоз.

В) Биосфера.

С) Экожүйе.

Д) Биоценоз.

Е) Популяция.

 

 

8. Экологиялық жүйелердің қозғалыстағы тепе-тендік күйі.

 

А) Гомеостаз.

В) Биосфера.

С) Сукцессия.

Д) Биоценоз.

Е) Популяция.

 

 

9. Барлық қауымдастықтарға тән, белгілі бір стадияларда жүретін, жалпы өзгерісгерді қамтитын бағытталған және заңды процесс.

А) Гомеостаз.

В) Биосфера.

С) Сукцессия.

Д) Биоценоз.

Е) Популяция.

 

10. Организмнің экожүйедегі атқаратын ролі

А) Гомеостаз.

В) Экологиялық қуыс.

С) Сукцессия.

Д) Биоценоз.

Е) Популяция.