Ала тұрғысында даму

Тұрақты даму принциптерін іске асырудың орталықтары ретіндегі қалалардың маңыздылығы 1994 жылы Алборгте өткен Ірі және кіші қалалардың орнықты дамуы бойынша Еуропалық конференцияда атап өтілді, онда «Орнықты даму үшін Еуропа қалаларының Хартиясы (Аалборг хартиясы)» қабылданды. Бұл құжатта «әрбір қала басқа қалаға ұқсас емес болғандықтан, біз бәріміз орнықты дамуға апаратын өз жолымызды табуымыз керек. Жергілікті саясаттың барлық бағыттарында орнықтылықтың принциптеріне негізделген жөн және әрбір нақты қаланың күшті жақтарына сүйене отырып жергілікті орнықты даму стратегияларын әзірлеу керек» делінген. 1994 жылғы маусымда өткізілген Екінші «Қалалар және орнықты даму» проблематикасы бойынша әлемдік самитте (Манчестер, Ұлыбритания) көлік, кедейшілікті жеңу, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, қаржы және ресурстарды бөлу міндеттерімен байланысты қалалардың орнықты даму бағыттары талқыланды. Әлем қауымдастығының берілген проблематикаға назар аударуының нәтижесі БҰҰ елді мекендер орталығы қолдайтын «Қалалардың орнықты дамуы» арнайы бағдарламасының пайда болуы болып табылады. Бұл бағдарламада әлемнің 80 астам елдері қатысады. БҰҰ анықтамасы бойынша «орнықты қала, онда қоғамдық, экономикалық және физикалық дамудағы жетістіктер тұрақты болып табылады. Тұрақты қала, орнықты дамуы тәуелді болатын табиғи қазбалармен тұрақты қамтамасыз етілген. Тұрақты қала тұрғындарының қауіпсіздігін, соның ішінде табиғи аппаттардан да ұзақ мерзім бойында сақтайды.». Басқа сөздермен айтқанда, қаланың орнықты дамуы оның халқының қауіпсіздігін және жоғарғы өмір сапасын қамтамасыз етеді. Тұрақты даму стратегиясы аясында қалалық деңгейде әртүрі қызмет салаларындағы, жекелеген аудандарғы проблемалар шешіледі. Тұрақты даму бағдарымен жүріп келе жатқан әлемнің барлық қалаларында онда миссия және/немесе қаланың көруі, орта немесе ұзақ мерзімді перспективаға анықталатын қаланың тіршілігінің барлық негізгі салаларын дамытудың жалпы тұжырымдамасы айқындалатын стратегияларды (стратегиялық жоспарларды) әзірлеу тәжірибесі қабылданған. Мұнымен бірге, қаланың жалпы жағдайының ерекшелігі ескеріледі. Тұрақты дамуды қамтамасыз етуге бағытталған стратегиялары бар қалалардың мысалдары:

1. «Оттава - 2020» Өсуді басқару стратегиясы

2. Канберра – 30 жылға арналған қаланы дамыту жоспары, үш өзара байланысты бөлімдерден тұрады – Әлеуметтік жоспар, Аумақтық жоспар және Экономикалық даму жоспары

3.2006 жылға дейінгі Праганы дамытудың стратегиялық жоспары

4. Мельбурнды 2030 жылға дейін дамытудың стратегиялық жоспары

5. Софияның 2010 жылға дейінгі даму стратегиясы.

Әлемнің кейбір қалаларындағы онықты дамуды қамтамсыз ету бойынша жобаларды іске асыру мысалдары [4].