Орта Азияның шекарааралық табиғи ресурстары.

 

Биологиялық алуан түрлілік конвенциясы — биологиялық алуан түрлілікті сақтау жөніндегі халықаралық келісім. 1992 жылы 22 мамырда Найробиде өткен БҰҰ Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасының конференциясында қабылданды. 1993 жылы Конвенцияға 168 мемлекет (оның ішінде Қазақстан Республикасы) қол қойды. Конвенцияға қол қоюшы мемлекеттер мынадай негізгі баптарды орындауға міндеттенді:

Қазақстан конвенцияға 1994 жылы ғана қосылды. Қазақстанның экожүйесі ерекше. Мемлекет аумағында өсетін өсімдіктің 500-ге жуық түріне жоғалып кету қаупі төніп тұр. Қазақстанда ұя тепкен құстардың 14 түрі жаһандық маңызы бар құстар болып табылады. Қазақстанда тіркелген омыртқалылардың 236 түрі Қызыл кітапқа енген. Республикада 2004-2015 жылдарға арналған Қазақстанның экологиялық қауіпсіздігі туралы концепцияция қабылданған. Биоалуан түрлілікті сақтап қалудың тиімді шарасы ерекше күзетілетін табиғи аумақтар құру болып табылады.

Қазақстанда оның аумағы 13,5 млн. гектарды немесе барлық аумақтың 4,9 пайызын құрайды. Экологиялық тепе-теңдікті сақтауға бұл жеткіліксіз. Әлемдік стандарт - 10 пайыз. Дамыту және орналастыру концепциясы бойынша ерекше күзетілетін табиғи аумақтарды 17,5 млн. гектарға дейін арттыру көзделген.

29 желтоқсан - Халықаралық биологиялық алуан түрлілік күні.