Шекарааралық Жайық өзені

Жайық өзені Орал тауы оңтүстік сілемдері (Орал-Тау жотасы) теңіз деңгейінен 640 м биіктігінен басталады. Ол Ресей Федерациясы аймағын, Қазақстан Республикасының Батыс Қазақстан мен Атырау облыстарынан өтеді. Өзеннің ұзындығы 2534 км. Қазақстан Республикасы ішінде - 1084 км. Суды жинау көлемі – 220 мың км². Су сақтағыш, алқап, арна сипаттары бойынша Жайық өзенін 3-ке бөледі (ағыстар): жоғарғы, орта және төменгі.Басында өзен оңтүстікке Орск қаласына дейін ағады. Бұл жоғары ағыс болып саналады. Содан соң кенет батысқа бұрылады. Ендік бағытта 850 км Орал қаласына дейін (орта ағыс), қайтадан оңтүстікке бұрылады, осы бағытты Каспий теңізіне дейін сақтайды(төменгі ағыс,аралығы 840 км.).Орск қаласынан басталардағы, жоғарғы ағыс шегінде, өзен солтүстіктен оңтүстікке меридионалдық бағытта Оралдың шығыс баурайы бойы енсіз алқапта, ізбестерден салынған құздар арасынан ағады. Ең терең жерлері - 3 м..Өзеннің бұл жері таулы сипатта болады.Орск қаласынан 70 км жерде Ириклин су торабы салынған . Бұл бөген Жайық өзенінің деңгейін 30 метрден астамға көтереді. Көктемгі тасқын кезінде толып, Ириклин бөгені жыл бойы біртіндеп өз көлемінің, шамамен жартысын өзенге береді.Орск қаласынан Орал қаласына дейін өзен кең алқапта орташа ағыста ағады. Енсіз таулы табалдырықты жерлері сирек кездеседі. Өзен тегіс саяз жерлерге айналады.Орынбор қаласы аумағында Жайық өзеніне ең ірі оң тармағы Сақмар ағады . Оның ұзындығы 761 км, алқап көлемі 29,1 мың км. Сақмар алабын көп қарлы және тармақтанған өзен жүйесі бар орман жабады. Тек Орынбор облысы шеңберінде Сақмарға құйылатын 290 өзен саналады. Сақмардың су айдауы Оралдан шамамен 1,5-2,0 рет артық, одан қалыпты ағуымен және көктемгі тасқынының ұзақтылығымен ерекшеленеді, сонымен қатар Жайық өзенінің режиміне маңызды өзгерістер енгізеді.Орал қаласынан жоғарыда Жайық өзеніне сол жағынан Елек өзені ағады, оның ұзындығы 730 км.Орал қаласы маңында Жайық өзеніне 2 сала – Шаған мен Барбастау өзендері құяды. Төменгі ағысында Жайық өзені Батыс Қазақстан мен Атырау облыстары аумағынан Каспий теңізі маңы ойпатынан өтеді,бұнда үш табиғи аймақтан өтеді: дала, шөлейтті- дала және шөл.Даланың аймақ ұзындығы 250 км Батыс Қазақстан облысында солтүстік жағында орналасқан. Бұл аймақтың оңтүстік шекарасы Жайық өзен бойы Чапаев ауылы жанынан өтеді. Әрі қарай оңтүстікке 220 км шөл-дала аймағы созылып жатыр. Ол Каспий теңізі ойпатының солтүстік бетінен Батыс Қазақстан облысының Чапаев , Атырау облысының Индер ауылдары аралығында белдеулей өтеді. Индерден теңізге дейін шөл аймағы ені 400км-ге созылады.Жайықтың төменгі ағысының тереңдігі, жыл сайын көктемгі судың көтерілуінен өзен арнасының шайылуына қарай, барынша қалыпты. Көктемде тасқында судың көтерілу деңгейі сабадан 3-7 м-ге асады. Фарватер бойындағы Жайықтың орта тереңдігі сабасында (саяздар мен шұңқырларсыз) 3-5 м құрайды.

Жайық өзенінің сағалық ауқымының жоғарғы шекарасы атыраудың басымен ұласады (Атырау қаласынан төмен), теңіздік – теңіз кемеріне 3 м изобатта кіреді. Бұл шектегі саға аумағының көлемі 1500 км ² тең. Өзен атырауы көлемі 600 км².Жайық өзені тек қана қар суларына қоректенетін жай өзендерге жатады. Оның ағыны, негізінен, өзендер жүйесі дамыған, жоғарыдан қалыптасады. Жайық өзенінде Оралдан төмен теңізге кұйғанға дейін, суы аз Барбастаудан басқа сала жоқ.Жайық өзенінің балық шаруашылығында зор маңызы бар. Аймақтағы табиғи факторлар жиынтығы жылдың мезгіліне байланысты, сәуірден шілде айлары аралығында, балық өсіруді жоғары деңгейде дамытуға қолайлы жағдайлар туғызады.Қазіргі кезде Жайық өзені - Каспий алабындағы бекіре балықтың табиғи кең уылдырық қоры сақталған бір ғана өзен.Күзде 15 тамыздан 15 қараша аралығында Жайық өзенінде балықтың балықшаруашылық шұңқырларына жылыстауы жүреді, яғни күздегі қыстаққа қоныстануы болады.Содан соң Жайық өзені арнасында мамырдан шілде айларына дейін балық шабақтарының уылдырықтайтын және өсетін орнынан өзеннің сағалық кеңестігіне жылыстауы жүреді.Жайық өзенінде балықтардың 38-ден астам түрі бар: бекіре тәрізділер, майшабақтар, шортантәрізділер, тұқытәрізділер және басқалары кездеседі.Жайық өзенінің жайылмасы мен аңғарлары Батыс Қазақстанның биологиялық алуан түрлілігінің интроаймақтық орталығы болып табылады. Дала мен шөлейт ланшафттың біртекті төсегі Жайық аңғарының кіретін жайылма ормандардың жасыл желегімен алмасады.Жайықтың жайылма ормандары: емендер, қара ағаштар, ақтеректер,талдар қайың, шегіршендермен сипатталады. Тіршілік ортасының жағдайына қарай бұл ормандар алуан түрлі болып құралуы мүмкін. Жайылмалардың солтүстік бөлігінде көктеректер мен аққайындар таралады және шағын тоғайлар құрайды.Жайылмалардағы өсімдіктердің таралуына тасқын сулардың тұру ұзақтығы үлкен әсер келтіреді. Өзеннің қазіргі арнасынан жайылманың жоғары беткейінің экологиялық қатарын мына өсімдіктер бірлестіктері құрайды. Облыстың солтүстігінде өзен бойының құмайт қайрандарында бұтақты талдар өседі, ал Қызыл – Жар еңдеуінде оларға жыңғылдар араласады. Олардан жоғары қаратал, арнадан әрі талдық екпелер орналасқан.Жер бедерінің биіктеу жерлерінде, жағалаулардың өнбойы мен ескі арнасында қара терек пен ақ терек тоғайлар орналасқан. Орман тұқымдарының осы екі түрі барлық орман алқаптарының 50 % құрайды.Шегіршін орман алқаптары орталық жайылманың жоғары телімдерінде орналасқан, тасқын сумен басу кезеңі 30 күннен аспайды. Шегіршін бұталар мен ақтерек жазықтар арасында орналасады. Шегіршін орман алқаптары оңтүстікке қарай азаяды, ал Антонов ауылынан оңтүстікке қарай жоғалады.Экологиялық қатардың жоғарғы бөлігін емендер алады. Мұнда тасқын сулардың тұру ұзақтығы үш аптадан аспайды. Еменді ағаштар тек өзеннің солтүстік жағында шоғырланған. Жайылмалы ормандар бұта қопасымен жамылған шабындық пен алаңдарға ауысады.Өзен жайылмасындағы экологиялық жағдайдың алуан түрлілігі: жер бедері түрліше қиылысып отыратындығы, су қорларының көптігі, бай жануарлар дүниесінің тіршілігі мен сақталуына өсімдіктер топтастығының алмасуы қолайлы әсер туғызған. Өзен жайылмасында бұлан, елік, жабайы қабан, қоян, түлкі, тіпті орман сусары мен сілеусіндерді кездестіруге болады. Өзеннің солтүстік бөлігінде қоныс аударған камшаттардың мекендейтін үйшіктер мен жасанды бөгеттері кездеседі.Әсіресе, құсқанаттылардың саны мен түрлері ерекше көп.

1. Түрлердің орташа өмір ұзақтығы:

A) 10-30 млн жыл.

B) 10-30 мың жыл.

C) 10-30 жыл.

D) 100-300 млрд жыл.

E) 10-30 млрд жыл.

 

2. Түрлердің азаюының себептері:

A) Биосфералық апат.

B) Мекен ету орнының бұзылуы, шектен тыс пайдалану.

C) Систематикадағы жаңа критерилердің пайда болуы.

D) Экожүйеге байланысыты.

E) Бір түрдің екінші түрге ауысуы.

 

3. Түр әртүрлігінің азаюының салдары:

A) Бір түрдің жойылып, жаңа түрдің пайда болуына себеп болады.

B) Бір түрдің жойылып кетуі жаңа ұрпақтардың дамуына әкеледі.

C) Бір түрдің жойылуы популяциядағы осы түрдің көбеюіне әкеп соғады.

D) Бір түрдің.жойылуы 4-5 түрдің өмір сүруіне қауіп тудырады.

E) Бір түрдің жойылуы, оның азықтық қажетілігімен қамтамасыз етуіне әкеледі.

 

4. Халықаралық дәрежеге ие болған қорықтарды атаңыз:

A) Халықаралық.

B) Ұлтаралық.

C) Биосфералық.

D) Ноосфералық.

E) БҰҰ кіретін мемлекеттер территориясында орналасқан.

 

5. Қорықтар және демалыс орындарына ие болған территориялар аталады:

A) Қорықтар.

B) Ұлттық парктер.

C) Қорықшалар.

D) Табиғат ескерткіштері.

E) Биосфералық қорықтар.

 

6. Келесі территорияда қоғаудың қатал режимі қолданады:

A) Қорықтар.

B) Ұлттық парктер.

C) Қорықшалар.

D) Табиғат ескерткіштері.

E) Биосфералық қорықтар.

 

7. Организмдердің бір бірлестіктерінің белгілі кезектілікпен басқаларымен алмасу процесі аталады:

A) Рекреация.

B) Мелиорация.

C) Сукцессия.

D) Популяция.

E) Дефляция.

 

8. Жер шарындағы ормандардың жалпы ауданы құрайды (млн.гA):

A) 169.

B) 1746.

C) 6208.

D) 4184.

E) 2005.

 

9. Биогеоценоздың бір түрі басым болып келетін табиғи-территориялық кешен аталады:

A) Ландшафт.

B) Агробиоценоз.

C) Биоценоз.

D) Зооценоз.

E) Фитоценоз.

 

10. Өсімдіктерді отырғызу арқылы жерлерді жақсарту бойынша іс-шаралар аталады:

A) Фитомелиорация.

B) Эвтрофикация.

C) Сукцессия.

D) Мелиорация.

E) Орманды мелиорация.