Халықаралық келісімдер

Үлкен қашықтықтарда ауаны трансшекаралық ластау туралы БҰҰ ЕЭК конвенциясы ластайтын заттардың шығарындыларын алдын-алу, бақылау, қысқарту бойынша іс-шаралар қабылдауды және олар туралы ақпаратпен алмасуды талап етеді. Конвенцияда және оған қатысты сегіз хаттамасында ластайтын заттардың шығарындыларын қысқартудың мақсатты көрсеткіштері анықталған, ластау көздері үшін жол берілетін шығарындылардың қатаң нормативтері белгіленді, ластанудың деңгейін қысқарту бойынша нақты іс-шаралар ұсынылды және ластайтын заттардың шығарындылары туралы деректерді ұсынуға қатысты нормалар әзірленді.

Тотығумен, эвтрофикациямен және жерге жақын озонмен күресу туралы Гётеборг хаттамасында SOх, NOх, NH3 және НМЛОС шығарындыларын қысқарту бойынша мақсатты көрсеткіштер анықталды.

Қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігі, шешімдерді қабылдау үдерісінде қоғамның қатысуы және әділеттілікке қол жеткізу мүмкіндігі туралы Конвенцияға қатысты Шығарындылар тіркелімдерін және ластауыштарды тасымалдау (ШТЛТ) туралы хаттамасы атмосфераға шығарындыларды шығару туралы деректерді жинау мен ұсынуды талап етеді.

 

Тұрақты органикалық ластауыштар туралы Стокгольмдік конвенцияда тиісті шекті мәндер және жаһандық деңгейде есептілікті ұсыну талаптары анықталды.

2003 жылы «Европаның қоршаған ортасы» Министрлердің Киевтегі конференциясымен бекітілген ШЕКОА елдерінің экологиялық стратегиясы атмосфераға ластайтын заттардың шығарындыларын қысқартуға септігін тигізетін заңнамалық, нормативтік, экономикалық, қаржылық, техникалық және т.б. іс-шараларды енгізуді ескереді.