ГЛОССАРИЙ

Абиотикалық фактор – жансыз табиғат факторы.

 

Автотрофты - өздігіне қоректенуші деген түсінікті береді, яғни бейорганикалық заттардың органикалық заттарға айналуын жүзеге асырады.

 

Биосфера – тіршілік иелерімен тіршілік көздерінің Жер бетіндегі белгілі бір қабаты.

 

Биологиялық айналым – организм мен қоршаған орта арасындағы үздіксіз зат-энергия алмасуы нәтижесінде организмдердің түзілуі, яғни олардың пайда болуы және жойылуы.

 

Биотикалық фактор – тіршілік иелерінің ықпалы.

 

Биохимиялық цикл – күн сәулусінің энергиясын пайдалану нәтижесінде бейорганикалық заттардың өсімдіктер, жан-жануарлар дүниесіне айналып, қайтадан бейорганикалық заттарға өту барысындағы химиялық реакциялар тізбегімен жүретін өзгерістер.

 

Биоценоз – қоршаған ортаның бірдей жағдайында бірге тіршілік ететін өсімдіктер, жануарлар мен микроорганизмдер популяциясының жиынтығы.

 

Биогеоценоз– үнемі қозғалыста, дамуда, диалектикалық бірлестікте болатын, өзіндік ерекшеліктері бар, өзара байланыста және қоршаған ортамен зат, энергия алмасулары орын алатын, жер бетінің белгілі бір бөлігін қамтитын біріңғай табиғат құбылыстара мен олардың жиыны.

 

Гетеротрофтылар – дайын органикалық заттарменқоректенеді, жоғарғы сатыдағы өсімдіктер, паразиттер, барлық жануарлар, саңырауқұлақтар.

 

Гомеостаз – экологиялық жүйелердің қозғалыстағы тепе-тендік күйі.

Коагуляция -су құрамындағы коллоидты және жүзіп жүрген майда бөлшектердің ірілену процесі.

Консументтер –органикалық заттарды басқа затқа айналдырады.

 

Литосфера –жер қыртысының беткі қатты қабаты.

 

Мониторинг – антропогенді себептер салдарынан қоршаған ортада орын алатын өзгерістерді бақылау және болжау.

 

Ноосфера- ойлау қабаты.

 

Продуценттер – бейорганикалық заттардан қарапайым органикалық заттарды құрайды.

 

Редуценттер – деструкторлар, органикалық заттарды ыдыратушы және оларды минералдық заттарға айналдырушы ағзалар.

 

Табиғат – қоршаған орта тау-тас, өзен-көл, жан-жануарлар және т.б. заттардан түратын дүниелер деп түсінеміз

 

Экология– организмдердің тіршілік ету жағдайларын және организмдердің олардың тіршілік ету ортасы арасындағы өзара байланыстарды зерттейтін ғылым.

 

Экожүйе– зат және энергия айналымы өз ішінде де, сыртпен де үздіксіз орын алатын, өлшемсіз, жанды және жансыз бөліктерден құралған тұрақты жүйелер.

 

Экологиялық тепе-тендік- энтропияның төменгі күйін ұстап тұратын тірі тіршіліктің тепе-тендігі.

 

Экологиялық фактор – тірі организмнің кез келген даму сатысының бірінде, тікелей немесе жанама түрде ықпал жасайтын орта әсері.