рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

Сызықтық кеме қатынасы

Сызықтық кеме қатынасы - раздел Спорт, Транспорт   Халықаралық Сызықты Тасымалдар Негізінен &#...

 

Халықаралық сызықты тасымалдар негізінен қалыпты географиялық бағыттарда ұйымдастырылып, маңызды әлемдік экономикалық орталықтарды (Батыс Еуропа, Солтүстік Америка және Қиыр Шығыс) бір-бірімен және өзге аймақтармен байланыстырады. Сызықтық кеме қатынасының нақты шарттары сызықтық коносамент түрінде көрсетіледі.

Келісімнің бұл түрі іс жүзінде коносамент деп аталатын теңіз немесе өзен кемелерінің тоннажын брондау және оларды құжаттау жолымен жүзеге асырылады. Коносамент - теңізбен жүк тасу келісімінің жағдайлары жазылған құжат, тауарға иелік құжаты; ол бойынша құжат иесінің жүк тасу ісін өзінше басқаруына құқығы бар. Теңіз тасымалының келісімі коносаменттер негізінде халықаралық құқықпен, соның ішінде жүктердің теңіз тасымалы жөніндегі заңмен және Гамбургтік ережелермен реттеледі. Коносамент үш қызмет атқарады:теңіз тасымалының келісімін куәландыратын құжат болады; капитанның немесе оған уәкілетті тұлғаның жүкті кеме бортына қабылдау туралы қолхаты болады; тауарды иелену құжаты болады.

Коносаменттің алғашқы екі функциясы келесі бөлімдерде қарастырылатын болады, ал біз оның үшінші қызметіне тоқталамыз. Теңіз коносаменті өзге транспорттық құжаттармен салыстырғанда бағалы қағаз болып табылады. Оны беру бағалы қағаздарды беру ережелерімен жүзеге асырылады.

Коносаменттің негізгі мақсаты – коносамент таралатын тауарларды иесіне жеткізу, тауардың қолда болмауына қарамастан оны тез сату мүмкіндігі. Егер тауар теңіз жолында болса, мысалы Лондоннан Сингапурға, коносамент Сингапурдағы сатып алушыға әуе поштасы арқылы жіберіледі, соған байланысты сатып алушы осы тауардың иесі болады, ал осы тауарды көрсететін коносамент сатып алушыға оны сингапурлық банкке салуға немесе оны Нью-Йорктегі сатып алушыға қайта сатуға мүмкіндік береді. Коносамент халықаралық сауданың типтік құралы болып табылады. Ол XVI ғасырдан бастап қолданыла бастады. 1686 жылы жарық көрген сауда құқығы туралы кітапта коносаменттер барлық жерде бастырылған күйінде және бірнеше тілде болуы керек деп көрсетілген. Коносамент мазмұны ең алғаш рет 1794 жылы ағылшын заңгерлерімен танылды.

Коносаменттің үш түрі белгілі:

1. атаулы (жүкті қабылдап алушы көрсетіліп тұратын коносамент);

2. мәлімдеушіге берілетін;

3. ордерлік (жөнелтушінің бұйрығымен берілетін немесе жүкті қабылдап алушы бұйрығымен берілетін коносамент).

Коносаментте тасымалдаушыға тиесілі төлем көлемі, құжатты беру уақыты мен орны, даналар(экземпляр). Коносаментке кеме капитаны немесе оған уәкілетті тұлға қол қояды. Коносамент банкке немесе жүкті қабылдап алушыға сату-сатып алу келісімі бойынша есеп жүргізу үшін жіберілетін құжаттар құрамына енеді.

Кеме қатынасымен айналысушы компаниялар қолданатын сызықтық коносаменттер БИМКО ұсынған жүйеленген “Конлайнбил” сызықтық коносаментімен бірдей болып келеді. Дегенмен әрбір компания коносамент шартына өзіндік шарттарды қосады. Алдыңғы бетінде келісімнің негізгі шарттары, ал артқы бетінде тасымалдың жалпы шарттары көрсетіледі.

Тауар өзінің қабылдаушысына жетпеген немесе коносамент берілмеген жағдайда екі жақ “букинг-нот” деп аталатын келісім шарт жасай алады. Келісімнің бұл түрі ұсақ партиялы тауарлар тасымалының кеме қатынасындағы орындарын алу резерв ретінде алу үшін қолданылады.

Соңғы жылдары халықаралық кеме қатынасында коносаменттер орнына жаңа құжат қолданылуда. Бұл құжат теңіз жүк құжаты деп аталады. Осы құжат тауарды портта жөнелту үдерісін жылдамдатады.

 

 

3.2.2 Трампылық кеме қатынасы (чартерлік тасымал)

 

Сызықтық кеме қатынасына қарағанда трампылық кеме қатынасы тұрақсыз негізде жұзеге асырылады. Олар белгілі бір бағыттарға орнықпайды, кеме жалдау нарығының бір секциясынан екіншісіне оған деген сұраныс пен ұсыныс көлеміне байланысты еркін қозғалады.

Трампылық кеме қатынасында теңіз тасымалының келісімі тасымалдаушы мен жүкті жөнелтуші немесе оны қабылдап алушы арасында жүзеге асады және ол чартер деп аталады. Көп жағдайда бұл келісім делдал немесе брокер көмегімен жүргізіледі.

Кез келген чартерде кемеге, жүкке, кеме жалдауына, диспачқа (кеме иесі жүк иесіне кемеге жүкті мерзімінен бұрын тиегені және түсіргені үшін төлейтін сыйақы), демереджке (кеменің жолда кідіруі немесе кеме жайда шартта келісілген уакыттан көп тұрып қалуы кезінде, жүк иесінің (фрахтователь) кеме иесіне төлейтін тұрақсыздық айыбы) байланысты міндетті шарттары болады. Чартерлік келісімнің негізгі шарты болып чартерді жасау орны мен уақыты, жақтардың толық заңды атаулары, кеме атауы мен сипаты, жүктің түрі, жүкті тиеу және оны түсіру орны, жүкті тиеу және оны түсіру шарты, кеме жалдау сомасы, т.б. шарттар табылады.

Кеме саудасы тәжірибесінде тасымалдаудың типтік келісілімдері, яғни чартерлер құрылған. Чартерлік келісімдерді жүзеге асыру өте қиын, көп жұмысты және уақытты қажет етеді. Бұл процесті жеңілдету үшін чартерлердің арнайы стандартты проформалары қолданылады. Ол теңіз тасымалы келісімінің арнай шарттары көрсетілген бланк түрінде болады. Осы бланкілерге шарттың келісілген сипаты жазылады. Әдетте чартерлік проформаларды үлкен көлемді жүктерді тасымалдау кезінде ірі экспорттаушылар мен импорттаушылар, сондай-ақ кеме иелері мен брокерлік фирмалар пайдаланады.

Чартер проформалары нарықта танылуы үшін БИМКО кеңесінде және Ұлыбританияның кеме қатынасы Палатасының келісімі мен талқылауынан өтеді. Осы үдерістен кейін чартер проформасына нақты баға беріледі: жоғары баға – «келісілген», ал егер БИМКО мүшелерінің арасында ортақ шешім болмаса, онда ол «ұсынылған» немесе «мақұлданған» деген бағаға ие болады. Баға грифі ерекше шрифтпен чартердің басында көрсетіледі. Бұндай келісімдермен қатар, жеке проформа деп аталатын проформа түрі де қолданылады. Оларға баға берілмейді және ірі жүк тасымалдаушылардың тек өз қажеттіліктері үшін пайдаланылады.

Чартер бланкілерін толтыруды жеңілдету мақсатында чартердің жетілдірілген құрылымдық формасы енгізілді. Оның бұрынғысынан ерекшелігі, жаңа проформалар енді екі бөліктен құралды: А (1бөлім, беттік жағы,миничартер) және Б (2бөлім, сырт жағы). Мысалы, «Ньювой» деп аталатын чартер.

Жеке кеме иелері миничартерлерді стандартты қағаз беттерінде толтырды, ал әрбір шарт үшін «бокс» деп аталатын арнайы тор көз белгіленді. Бұндай чартерлік құрылымдар бокстік форма деген атқа ие болды. Аталған форма ең алғаш рет «Соворкон», «Мурмапатиты» және т.б. чартерлерінде пайдаланылды.

Келісімдердің мазмұны мен оларды қолдану мүмкіндігіне қарай чартер проформалары екі топқа бөлінеді:

1. Универсалды – негізгі және жаппай тауарларды тасымалдау мақсатында қолданылатын чартер;

2. Арнайы – жүктің, кеме немесе аймақ жұмысының ерекшелігін көрсететін чартер.

Кез келген чартердің бланкілік мәтіні ұсыным мінездемесін көрсетеді және мұнда негізгі негізгі баптардың нөмірленуі мен толықтырулар мен өзгертулер енгізіледі.

Чартердің атқаратын функциясы – теңіз немесе өзен тасымалының келісім болады. Чартерлер таза және ашық болуы мүмкін. Таза чартер – бұл ешқандай өзгертусіз стандартты түрде жазылған құжат. Ал ашық чартер – жүктің не типі, не бағыты көрсетілмеген құжат түрі. Чартерлер алдын ала жедел тәртіппен (промпт) жасалуы мүмкін немесе тасымалға шұғыл дайындық шарты бойынша(стоп промпт) жасалады.

Осылайша теңіз тасымалының келісімі екі жақтың құқықтары мен міндеттерін көрсететін чартер, коносамент немесе өзге де құжаттармен анықталады.

– Конец работы –

Эта тема принадлежит разделу:

Транспорт

Транспорт лат тілінен жылжытамын ж к пен жолаушылар тасымалын... Заттай німді ндіріс айма ынан т тыну айма ына жылжыту айналым рдісіндегі...

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: Сызықтық кеме қатынасы

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным ля Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Все темы данного раздела:

Бөлім. Халықаралық экономикалық байланыстарға транспорттық қызмет көрсету.
Қазіргі заманауи тез өзгеріп отырған әлемде транспорттың жүйеге келтірілген жұмысының рөлі артуда. Әлемдік қоғамдастықт

Халықаралық тасымалдардың түсінігі.
Халықаралық жүк тасымалдары. Кез келген сыртқы сауда келісімімен сатылған тауар халықаралық қолданыстың ортасына түседі. Транспорт қ

Халықаралық тасымалдауға қатысушы транспорттың сипаттамасы мен даму үрдістері
  Соңғы жылдарда жақсы қарқынмен дамып келе жатқан әлемдік транспорт бірқатар қиындықтарға тап болды. Ол сыртқы

Сыртқы саудадағы транспорттық операциялар
  « Транспорттық операциялар » түсінігі « жүкті транспорттау » ұғымымен салыстырғанда кеңірек мазмұнға ие екенін атап өткен

Халықаралық байланыстардың іске асуының құқықтық негізі
Жүктер мен адамдардың халықаралық тасымадын жүзеге асыратын тасымал құралдары, транспорттық жүйелер және терминалды кешендер объектілерді

Ресейдегі тасымалды регламенттейтін құқықтық құжат
  Ресейдің транспорты 2 министрліктің шеңберінде қарастырылады: РФ-ның транспорт министрлігі және РФ-ның хабарлама жолының мминистрлігі

Халықаралық көлік заңнамасының негіздері
Үлкен көлемді жүк тасымалдау кезінде мемлекет аралық келісімдер қолданылады. Сонымен қатар көлік байланыстарының қарым-қатынасының

Сатып алу мен сатудың келісімшартының көліктік шарттары
Егер келісімшарттың «базистік шарттар» немесе «жеткізу шарттары» деп аталатын бөлімдерінде көліктік шарттар туралы түгел айтылмаса, онда олар жеке бөлімге бөліні

Теңіз тасымалының келісімі
  Теңіз көлігін халықаралық саудаға маманданған әмбебап көліктің бір түрі деуге де болады. Мұнда халықаралы

Түпнұсқа бойынша жердегі және әуе транспорттарымен тасымалдау келісімдері
Теміржол арқылы тасымалдау келісімі. Халықаралық теміржол тасымалы біржақты және көпжақты келісім бойынша жүзеге асырады. Қатысушылар бірыv

Траспортты-экспедиторлық қызметтер
Халықаралық тасымалдауға транспортты-экспедиторлық қызмет көрсету – бұл тауарды орналасуға байланыссыз спецификалық қызмет болып табылады

Экспорттық –саудамен айналысатын компаниялар (export trading companies).
Шет елдер нарықтағында жоғары бәселесестікке жету мақсатында бірнеше қаржылық және өндірістік компаниялардың холдингтік компанияларғ

Теңіздік тоннаж тасымалы бойынша брокерлік қызмет
Тоннажды тасымалдау жүк-тасымалды теңізбен тасымалдау иеленушілерінің мүдделері кеме иелерінің мүдделеріме сәйкес келетін қызмет саласы. Тасымалдау п

Кемелерді агенттеу
Теңіз флотының ұйымдасқан және тоқтаусыз жұмысын қамтамасыз ету кіру порттарында кемелерді агенттік, стивидорлік, тальмандық мен шипчандлерлік

Тікелей халықаралық тасымалдар
Теңіз жолдары арқылы жүк тасымалданатын көліктерге үлкен жүктерді тасымалдайтын кеме, контейнер тасымалдағыш, лихтер тасымалдағыш, ролкерлер, паромал

Халықаралық сызықтық кеме қатынасы
Сызықтық теңіз транспортының тағайындалуы – бұл кішігірім көлемді, бағалы, маңызды жүктерді жылдам және қауіпсіз жеткізу. Б&#

Интермодальды тасымалдауларда көліктің өзара әрекеттесу ерекшеліктері
Көлік саласындағы дәстүрлі бәсекелестік түпкілікті түрде интермодальдылықты өзгертті, яғни аралас жүк тасымалдарын. Тасымалдың

Лемдік транспорттық қызмет нарығы
Бұрын айтылғандай, тасымалдау транспорт өнімі болып табылады, яғни жүктердің немесе жолаушылардың кеңістіктегі орнының (жағдайыныv

Транспорттық фактор
Алып сату келісім-шартын жасамас бұрын транспорттық факторды ескеру қажет және экспорттық-импорттық өнімнің тасымалдануының әлем бойынша

Транспорттық қымет нарығы
Әлемдік транспорттық қызмет нарығы транспорт түріне байланысты бөлінеді, бірақ транспорттық қызмет нарығы негізгі белгілері бойынша ж

Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • Популярное
  • Облако тегов
  • Здесь
  • Временно
  • Пусто
Теги