рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

Жер ресурстарының сақылуы мениластану көздері мен себептері

Жер ресурстарының сақылуы мениластану көздері мен себептері - раздел Экология, Экология пәнінің анықтамасы, мақсаттары, міндеттері және әдістері. Экология дамуының тарихы. Жер - өндірісқұралы Ретінде Еңбек Процесінің Ма...

Жер - өндірісқұралы ретінде еңбек процесінің материалдық алғышарты, оның аса маңызды заттық факторларының бірі. Ол халық шаруашылығының бірқатар салаларына, ең алдымен ауыл және орман шаруашылығына табиғаттың өзі берген басты өндіріс құралы. Өндіріс құралы ретінде жердің негізгі қасиеті - оның құнарлылығы.

Жер шаруашылық айналымына енгізілгеннен кейін, оның құнарлылығы тынайтқыштар пайдалану, техникалық құралдарды, жерді өңдеу технологиясын жетілдіру арқылы, яғни техникалық прогресс негізінде қолдан жаңартылып, жақсартылады. Жердің құнарлылығын арттыру, онын табиғи және қолдан жасалған өндірістік мүмкіндіктерін пайдалануды дұрыс ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады. Жерді пайдаланудың тиімділігін арттырудың аса маңызды шарты - оның экономикалык құнарлылығын арттыру болып табылады.

Жердің құнарлылығы дегеніміз - адамға керекті өсімдік өнімдеріне, мал шаруашылығына керекті жағдай туғызу. Жердін құнарлылығы ондағы қоректік заттардың мөлшеріне, топырақтың құрылымына, тағы басқа биологиялық, климаттық факторларға байланысты. Бұлар алғашында жаратылыста болатын табиғи процестердің барысында қалыптасады.

Жердің экономикалық құнарлылығының көрсеткіші - ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығы мен мал шаруашылығының өнімділігі болып табылады. Бұл жер сапасының, тұтыну құны жақсаруының тікелей айғағы.

Жердің өндіріс құралы ретіндегі аса маңызды ерекшелігі шаруашылық айналымындағы жердің тұтыну құны кемімейтіндігі былай тұрсын, қайта жақсара беретіндігінде.

Жердің негізгі өндірістік қасиеті (құнарлылығына байланысты), оның ерекшелігі - ол бір мезгілде еңбек заты да, еңбек кұралы да бола алады. Өндіріс процесі топырақты өндеуге бағытталса, жер еңбек заты ретінде қызмет етеді. Сондықтан шаруашылық айналымына тартылған өндірістегі жерді тек табиғат сыйлығы ғана деп қарауға болмайды. Бұл жағдайда жердің өндіргіш қасиеті - ол адамның еңбек етуінің нәтижесі, ал оның тиімділігі жұмсалған шығындарды есепке ала отырып, бағаланады. Бірақ, жер ауыл шаруашылығы өндіріс процесінің алғашқы сатысында ғана еңбек заты ретінде қаралады. Ауыл шаруашылығы өндірісінің шарты және оның барлық технологиясының негізі ретінде жер еңбек құралы болып табылады. Жердің қүнарлығы, оның ауыл шаруашылығы дакылдарын қажетті қоректік заттармен қамтамасыз ету қабілеттілігі оның ерекше өндіріс кұралы етеді. Бұл ретте жердің өзгешелігі сол - адам топырақта болып жататын биологиялық, химиялық, тағы басқа процестерді пайдаланады бұл процестер үшін қолайлы жағдай туғызады, оларды бақылап, белгілі мақсатқа қарай бағыттайды. Бұл орайда жерді өндіріс кұралы ретінде пайдалану проблемасы машинаны немесе жабдықтарды пайдаланудан әлдеқайда қиын. Бұл істе де ілгері басу техникалық прогрестің дамуына тікелей байланысты . Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясында жердің мемлекеттік меншікпен қатар, жеке меншікте болу құқығының енгізілуі аса маңызды экономикалық-элеуметтік мәртебелі игі іс болып отыр.

Бірқатар себептерге байланысты республикамызда жер ресурстары ауыл шаруашылық өндірісінде толық пайдаланылмай келеді. Негізгі себеп – жел эрозиясымен қатар топырақтағы су эрозиясы да басып келді. Күні бүгін жел эрозиясына ұшыраған жердің жалпы мөлшері 4,3 млн. гектарға жеткен. Әсіресе Арал өңіріндегі 59,6 млн. жердің ахуалы мен пайдаланылуы қауіпті жағдайда. Өңірде климаттық және гидрологиялық жағдайдың күрт өзгеруіне байланысты жел эрозиясы тұрақты түрде өріс алуда. Мұндай қолайсыз жағдайдар Қызылорда облысының Арал және Қазалы аудандарына тән екендігі мәлім.

Осы айтылғандар жердің экономикалық тиімділігін арттырудың әлі де пайдаланылмай жатқан көп резервтерінің бар екендігін білдіреді. Жердің толық пайдаланылмауы оның өнімділігінің кемуіне әкеліп соқтырады. Дұрыс пайдаланатын болсақ, жер өзінің сапасын сақтап қана қоймайды, ол сонымен қатар жақсара да түседі. Жер ресурстарын ұтымды пайдалану дегеніміз- бұл жерде шаруашылықты дұрыс жүргізу және оның кұнарлылығын арттыру. Жер ресурстарын пайдалану, жақсарту - маңызды кешенді міндет. Ол бірнеше бағыттарды қамтиды. Бастапқы шаралар - шаруашылық айналымынан шығарылып қалған жерлердің көлемін мейлінше азайту. Бұған жататындар: ауыл шаруашлығының мұқтаждарына жатпайтын жерлердің көлемін қысқарту; жер қыртысына жел және су эрозияларынан қорғау, ішкі және шаруашылық аралық жерлерді тиімді орналастыру; елді мекенді жерлерді жоспарлау, т.б.

Қосымша шараларға - жердің тозу процесін, топырақ қүнарсыздануын тоқтату; мелиорациялау; химияландыру; егіс көлемі кұрылымын жетілдіру негізінде егіншілік өнімін өндіруді арттыру, т.б. жатады.

Жер ресурстарын, әсіресе, суармалы жерлерді ұқыпты пайдалану шараларының ең маңыздысы - жерді мелиорациялау. Оның көмегімен пайдаланыстағы жердің құнарлылығы үнемі артып, қайта жаңарады, бұрын егіншілікке жарамай осының нәтижесінде қалған жерлер ауыл шаруашылығы айналымына қосылады. Сөйтіп, мелиорация егін шаруашылығын қарқынды дамытудың басқа да көздерін пайдалану тиімділігінің неғұрлым тез өсуіне мүмкіндік туғызады. Жерді пайдалануды жақсартудың қазіргі заманғы ең тиімді жолы - оны химияландыру болып отыр. Химияландыруды барынша кеңінен қолдану жердің құнарлылығына арттырып, дақылдардың өнімділігінің ұдайы өсуін қамтамасыз етуі.

Жер ресурстары - қоғамның маңызды байлығы, сондықтан оның құндылығы ақшалай бағаланып, ұлттық байлықтың кұрамына жатқызылады. Жерді бағалау дегеніміз -жер қыртысының табиғи қасиеттерін анықтау болып табылады. Жерді экономикалық бағалау негізгі үш түрлі қызмет атқарады: біріншісі - есептеу, екіншісі - жер корын тиімді пайдалануды экономикалық тұрғыдан ынталандыру, үшіншісі - жер тілімдерінің сапалық қасиеттері. Бұлардың барлығы бір-бірімен тығыз байланысты және жалпы жерді қорғауға, тиімді пайдалануға қызмет етеді. Ауыл шаруашылығында пайдаланатын топырақтың сапасын анықтаудың алғышартына оның нақты жағдайда дақылдардың шығымдылығымен өзара байланысты топырақтың табиғи қасиетінің диагностикалық белгілері жатады. Қазақстан Республикасы Президентінің «Жер туралы» Жарлығына байланысты жерді қорғау оны қоршаған табиғи ортаның бөлігі ретінде қорғау, ұтымды пайдалану, ауыл 22 шаруашылығы мен орман шаруашылығының айналымынан негізсіз алынуын болдырмау, сондай-ақ топырақ құнарлылығын қалпына келтіру мен арттыруға бағытталған кұқықтық, ұйымдық, экономикалық, технологиялық және басқа шаралар жүйесін қамтиды. Республикамызда жер ресурстарын дамылсыз, үзбей пайдаланудың нэтижесінде топырақ эрозиясы өсіп отыр. Бұған тойтарыс беру үшін төмендегі шараларды жүзеге асырған жөн:

• топырақ эрозиясына қарсы табиғат корғау ағаштарын
отырғызу; гидротехникалық құрылыстар салу; ауыл
шаруашылық дақылдарын алма - кезек егуге көбірек көңіл бөлу;

• топырақты қорғайтын көп жылдық шөптер егу;

• жер жыртқанда, атмосфералық және миграциялық
жүйелерден келетін сулардың ағып кетпеуін қамтамасыз ету;

• сайлар мен құмды жерлердің топырағын нығайту
мақсатында бұларға тамыры тереңге кететін, жер эрозиясына
шыдамды ағаштарды және дақылдарды отырғызу;

• құмды, тасты жерлерде, тау бөктерлерінде мал жаюды
реттеу. Жерді ауыл шаруашылығы химиясы қалдықтарынан сақтау және металлургия, мұнай, химия өнеркәсіптерінің зиянды әсерінен құтқару - басты міндеттердің бірі. Бұл зиянды қалдықтардың бәрі жердің сыртқы бетіне өзінің дағын салып қана қоймай, онда өсетін өсімдіктер мен дақылдардың тіршілігіне қауіп туғызады Мемлекеттік жер кадастры - Қазақстан Республикасы жерінің табиғи және шаруашылық жағдайы туралы, жер учаскелерінің орналасқан жері, көлемі мен шекарасы, олардың сапалық сипаты, жер пайдаланудың есебі мен жер учаскелерінін бағалануы туралы мәліметтердің, өзге де кажетті мэліметтердің жүйесі болып табылады.

– Конец работы –

Эта тема принадлежит разделу:

Экология пәнінің анықтамасы, мақсаттары, міндеттері және әдістері. Экология дамуының тарихы.

Экология п ніні аны тамасы ма саттары міндеттері ж не дістері Экология дамуыны тарихы... Экология б лімдері аутэкология демэкология эйдэкология... Литература Экология п ніні аны тамасы ма саттары міндеттері...

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: Жер ресурстарының сақылуы мениластану көздері мен себептері

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным ля Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Все темы данного раздела:

Экология пәнінің анықтамасы, мақсаттары, міндеттері және әдістері. Экология дамуының тарихы.
  «Экология» терминін (грек тілінен аударғанда – oiros – тұрақ, келген жері, мекені, үй және logos – ғылым) 1866 жылы Эрнст Геккел

Экология бөлімдері : аутэкология, демэкология, эйдэкология, синэкология және т.б.
  Биоэкология бірнеше зерттеу облыстарына бөлінеді: аутэкология, демэкология, эйдэкология, синэкология және т.б. Аутэкология – жеке организмдер а

Орта» концепциясы және оның ағзалармен байланысы.
Организм мекендейтін орта - бұл оның өмірінің абиотикалық және биотикалық жағдайларының жиынтығы. Ортаның қасиеті тұра&

Принциптер және әсер ету деңгейі.
  Экологиялық факторлар – бұл организге өзіндік белгілермен әсер ететін ортаның белгігі бір жағдайы мен элементтері. Олар абио

Экологиялық мекен орны.
  Қайталанатын мерзімді факторлар бастапқы факторлардың өзгеру салдары болып саналады: температураға қатысты ауаның ылғалдылығы;

Коршаған ортаға факторлардың әсері
  Бірақ осы факторлардың ұзақ уақыт әсер етуі, сондай-ақ оған бейімделуі туғызуы мүмкін. Организмге табиғи факторлард

Gl] Тақырып 3. В.И. Вернадскийдің биосфера және ноосфера туралы ілімі [:].
3.1 Биосфераның құрылымы және аймақтарға бөлінуі. 3.2 Тіршілік иелерінің биосферадағы қызметі. 3.3 Негізгі химиялыu

Тіршілік иелерінің биосферадағы қызметі.
Жер кеңістігінде жүретін табиғи процестерге әсер тигізетін тіршілік екені туралы 19 және 20 ғасырлар аралығындағы еңбектерінде пікірін айтумен

Негізгі химиялық элементтердің биогеохимиялық айналымы.
Биогенді заттектерорганизмдердің тіршілік әрекеті нәтижесінде пайда болған химиялық қосылыстар, тіршілікпен құрылған жән

Биотехносфера және ноосфера. Адамның биосфераға әсері.
Биосферадағы биогеохимиялық айналым.Экожүйедегі органикалық заттектердің синтезі мен ыдырауын сүйенген биогенді элементтердің айналымын за

Популяция түсінігі
Популяция -белгілі бір жерде белгілі бір уақытта мекен ететін бір түрге жататын ағзалардың (организмдердің) жиынтығы. Популяцияларды зерттеудің маңыз

Трафикалық байланыс; продуценттер, конуцементтер,редуценты
Продуценттер өздерінің денелерін бейорганикалық қосылыстар есебінен құратын автотрофты организмдер жатады. Олар өздерінің тіршіл

Экожүйе түсінігі. Экожүйенің тұрақтылығы және түрлері
Экожүйе деген түсінік белгілі бір дәрежемен, өлшеммен, күрделілігімен немес пайда болу жолдарымен шектелмейді. Сондықтан жай жасанды, сонымен қатар организ

Биоценоз және экожүйе
  Биоценоз– бұл үш құрамнан - өсімдіктер, жануарлар мен микроорганизмдер құрамынан тұратын жүйе. Мұндай ж&

Атмосфера туралы түсінік, оның құрамы
Атмосфералық ауа – жердегі барлық тіршілік иелеріне қа­жет­ті - өмір сүретін ортадағы негізгі табиғи ресурстар мен элемент­тер­дің бірі. Адамдарды

Атмосфераның ластануы мен ластаушы көздер
  Қоршаған табиғаттағы аэрозолдар, барынша жиі кездесетін құбылыс. Тұзбен қаныққан аспан, емдік фитноцидтер, теңіз ау

Атмосфераның ластануының зардаптары
Атмосфералық ластану түрінде жер флорасы мен фаунасына және адамзат қоғамының өмірлік жағдайына әсер ететін ауада әртүрлі газдарды&

Кестесі
Шаңның пайда болу көздері Саны (млн.т) Теңіз тұздары Топырақ шаңы

Атмосфераның ластануын сақтау және қорғау
Гигиеналық мөлшерлеу (нормалау) ғылыми-техникалық про­грестің органикалық бөлігіне айналды, ол сондай-ақ кең ауқымды әлеуметтік-гиг

Су ресурстарының ерекшеліктері және оларды пайдала­ну.
Су – онсыз ешқандай технологияны жүзеге асыруға болмай­тын, шикізаттың айрықша түрі. Су өндірістің барлық кезең­дері­не пайдаланылады ж&#

Тиімді пайдалану проблемалары
Қазақстан Республикасының жер бетіндегі су ресурстарының орташа жылдық деңгей мөлшері 100,9 млрд. текше метр болып бағаланады, оның 56,5 млрд.

Азақстан республикасындағы жер ресурстарының экологиялық жағдайы.
  Республикамызда жер қойнауын пайдалану Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 27 қаңтардағы «Жер қойнауы және же

Жер ресурстары
  Экономикалық бағалаудың ақшалай шамасы өнімге жұмсалатын шеткі және дербес шығындардың айырмасы ретінде анықталады. Шеткі

Ылыми ‑ техникалық глобалдық экологиялық проблемалар [:].
4.1 Экологиялық дағдарыс. «Парниковый эффект», жаңбыр қышқылы және озон қабаттің әлсіреу себептері. 4.2 Ядролық апат қауіп

Табиғи ресурстар және олардың маңызы. Табиғи ресурстардың жіктелуі.
  Табиғат дегеніміз мезгіл мен кеңістікте шексіз, тұрақты қозғалыста өзгеруде, дамуда болатын бейорганикалық және органикалыu

Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану.
  Су – тірі материяның негізі. Қазіргі кезде сулы ортада тіршілік ететін жанурлар түрінің саны 150000- ға жуық. Су физикалық, химиялық

Ндіріс орындарында су ресурсын пайдалануда экологиялық сараптама
  Суды пайдалануға лицензиялары болған жағдайда су қорғау белдемінің жаға жиегі алқабында дем алатын орындарды, сумен қамтамасыз

Оршаған ортаны қорғау ілімі.
  Табиғат қорғау тұжырымдамасын қалыптастыру тарихында бірнеше кезеңді: табиғаттың түрлерін және қорықтарын 

Тұрақты даму тұжырымдамасы туралы түсінік
  Қоршаған табиғи ортаны қорғау – қазіргі жағдайда пайда болған адам мен табиғаттың өзара қатынасының жа&

Табиғи ресурстар мен ластағыштардың экологиялық есебі немесе жолдары
  Қоршаған ортаны қорғау проблемалары өз дамуының қазіргі кезеңінде жаңа түсінік – экологиялық қауіпсіздікті ту

Мониторинг, анықтамасы және міндеті.
  Экологиялық мониторинг – табиғи құбылыстардың және антрпогендік іс - әрекеттердің әсерінен қорша

Мониторингтің барлық түрлерін ұйымдастырудың негізгі жолдары мен принциптері.
Мониторгинг жүйесі факторларға, көздерге және әсер ауқымына байланысты топтастырылады. Әсер факторларының мониторингі - 

Экологиялық құқық көздері
  Экологиялық құқық – бұл қоғам мен табиғаттың өзара әрекет ету саласындағы қо

Оршаған ортаны қорғаудың мемлекеттік органдары
Қоршаған табиғи ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық жалпыға бірдей танылған принциптер мен нормалар оның

Экологиялық заң бұзушылық үшін жауапкершілік
Құрамында адам денсаулығына өте зиянды әсер ететін, сондай – ақ қоршаған ортаға қауіп туғызатын улылық қасиеті бар затт

Азіргі кезеңдегі ҚР кәсіпорындарының экологиялық проблемалары.
  Қазақстан мұнай мен табиғи газға бай елдердің бірі. Қазіргі Атырау облысына жататын жерлерде мұнайдың бірінші фонтаны 1899 жылы

Кәсіпорындардың қоршаған ортаға тигізген залалдары
  Қоршаған ортаға тигізетін әсеріне байланысты көмір өнеркісібі күрделі өнеркәсіп салаларының бірі болып саналады. Кө

Кесте. Химия өнеркәсібінің әр өндіріс түріне сәйкес атмосфераға тасталатын негізгі компоненттер
  Кәсіпорын Атмосфераны ластайтын негізгі компоненттер Азот қышқылы

Экологиялық білім берудің жолдары мен принцептері
  Адамзат дамуының қазіргі кезеңі экологиялық проблемалар санының күрт өсуімен және оларды шешу жолдарын іздес­ті­ру­дегі білім мен т&#

Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • Популярное
  • Облако тегов
  • Здесь
  • Временно
  • Пусто
Теги