Азақстандағы сынақ полигондары, олардың қоршаған ортаға әсері
Азақстандағы сынақ полигондары, олардың қоршаған ортаға әсері - раздел Экология, Экология ғылымының даму тарихы Республика Жерінде Соғыс Полигондары Болған Аумақтар 30 Млн...
Республика жерінде соғыс полигондары болған аумақтар 30 млн гектардан асады. Мұндағы соғыс техникасының қалдықтары, ракета сынықтары, бақылау обьектілері ешбір көмусіз шашылып жатыр. Олар негізінен – Семей, Нарын, Азғыр, Тайсойған, Байқоңыр ғарыш айлағы, Сарышаған сынақ полигондары.
Шығыс Қазақстанның 19 млн гектар жері 40 жыл бойы ядролық сынақтың полигоны болды. Осы жерлерде 1949-1989 жылдары аралығында атмосферада - 27, жер бетінде – 183, қалғандары жер астында ядролық сынақтар болды.
Ядролық қарудан тек атом бомбаларын сынаумен шектелмей, полигондарда соғыс ракеталарын, т.б. техникалары да сынақтан өтіп отырды. Батыс Қазақстан аумағында 1966-1979 жылдары 24 рет ядролық қару сыналған. Соның ішінде Азғыр полигоны ғана 6,1 мың гектар жерді алып жатыр. Мұндай сынақтар 1968-1970 жылдары Үстіртте де жасалған. Сол сияқты ірі полигондар қатарына Атырау облысының Тайсойған, Балқаш көлі маңындағы Сарышаған, Ташкент-4 сынақ алаңдары мен Байқоңыр ғарыш айлағы да жатады. Осы аймақтарда радиоактивті заттардың (кадмий, стронций, қорғасын) шекті мөлшері бірнеше есеге көбейіп кеткен.
Полигондардың ішінде Семей өңірі ең көп зардап шеккен аймақ. Мұнда атом қаруын сынаудың ғылыми орталығы орналасқан. Ол – Курчатов қаласы. Бұрынғы Семей облысының Абай, Бесқарағай, Жаңасемей, Абыралы аудандарының аумақтары атом сынақтарының ордасы аталып, ең көп зардап шеккен экологиялық апатты аймаққа айналды.
Полигондарға пайдаланылған жерлердің ауа, су, топырақ, тіпті өсімдіктер жабыны радионуклеидтермен ластанып, ауа және жер асты сулары арқылы мыңдаған километр жерге тарайтыны белгілі. Қазірдің өзінде Қазақстанда 2,6 млн адам мутагенез ауруымен есепте тұр. Қатерлі ісік, қан аурулары, сәулелік ауру, жүйке ауруларымен ауырғандар санының көрсеткіші бұл аймақта республика бойынша ең жоғары. Полигондар зардабын шешу проблемасы күн тәртібінде тұр. Осы тұрғыда «Семей полигоны аймағындағы тұрғындардың денсаулығын зерттеу және сауықтыру шараларын ұйымдастыру» (1992, 1995 жж.) туралы маңызды құжаттар қабылданды. Полигондардың қоршаған табиғи ортаға, жергілікті халыққа тигізген зардабын және радиоактивті қалдықтарды жою проблемасы халықаралық, мемлекеттік деңгейде жүргізілуі керек. Болашақта полигондар аймағындағы бүлінген жерлердің қалпына келіп, табиғат тыныштығы орнайды деп сенеміз.
БЛОК Экология ылымыны даму тарихы айта рлеу д уіріндегі... Организмдерді оректенуі бойынша экологиялы... оректену т рі бойынша барлы организмдер екі топ а б лінеді...
Экологиялық факторлар және олардың түрлері
Организмге әсер ететін кез-келген орта жағдайларын немесе орта компоненттерін экологиялық факторлар деп атайды. Экологиялық факторлар тірі организмде
Оптимум ережесі, Шелфорд және Либих заңдары
Организмге қатысты факторлардың әсерінен бірнеше жалпы заңдылықтарды бөліп көрсетуге болады. Ондай заңдылықтарға оптимум ережесі, шектеул
Тіршілік ортасы, түрлері және анабиоз
Тіршілік ортасы – организмнің өсіп-өніп, көбеюіне, ұрпақтарын жалғастыруға қолайлы табиғи, тарихи қалыптасқан орта. Жер шарын
Топырақ қабаттары және топырақ организмдері
Топырақ – көптеген тірі организмдер мекені. Негізінен топырақ ішінде төменгі сатыдағы организмдер – бактериялар, саңырауқұлақтар, балдырлар,
Популяцияның кеңістіктегі құрылымы.
Популяциялар құрылымы – бір жағынан түрдің биологиялық қасиеттеріне негізделіп, екінші жағынан – ортаның абиотикалық факторлары мен бас
Популяцияның динамикалық көрсеткіштері.
Популяция динамикасы – популяциядағы особьтардың сандық мөлшерін және оларды реттеудің механизмдерін зерттейтін популяциялық экологияның бөлімі
Биотикалық қарым-қатынастар типтері
Биотикалық факторлар – бір организмдердің тіршілік етуі барысында басқа организмдерге әсері. Биотикалық қарым-қатынастардың негізгі типтері: бә
Биоценоздағы бір-біріне пайдалы қатынастар түрлері
Бір-біріне пайдалы қарым-қатынастар Симбиоз (+ +) (грекше симбиос - бірге тіршілік ету) . Симбионттар үшін бір-біріне пайда әкелетін, бірақ, кейбір паразиттік элементт
Экологиялық қуыс. Гаузе принципі
«Экологиялық қуыс» ұғымын ғылымға зоолог Дж. Гринелл биоценоздағы түрдің ролін анықтау үшін енгізді. Экологиялы
Экологиялық сукцессия, түрлері
Белгілі бір уақыт ішінде қауымдастықтар құрылып және өзгеріп отырады. Олардың түрлік құрамы, әртүрлі топтағы орга
Экологиялық сукцессия, түрлері
Екінші реттік (соңғы) сукцессия бұрын жақсы дамып жетілген биоценоз орнында жүреді. Мысалы, өртенген орман, құрғатылған батпақ неме
Экожүйе, биогеоценоз және экожүйе типтері
Биогеоценоз–тіршілік ететін жер бетімен қоса тірі организмдер мен абиотикалық ортаның тарихи қалыптасқан жиынтығы. «Биогеоценоз»
Биосфера эволюциясының этаптары
Биосфера эволюциясы – түрлердің, олардың арақатынастарының үздіксіз бір мезгілде өзгеру және бір түрдің түсіп қалып, бұ
Тұрақты (орнықты) даму концепциясының модельдері
Биосфера Жер бетінде адамның пайда болғанына дейін болған. Бірақ адам биосферасыз тіршілік ете алмайды. Адамзат тіршілігіне қауіп төндірген Жаhандық эколог
Табиғи ресурстарды үнемді пайдаланудың ерекшеліктері
Табиғатты тиімді пайдаланудың мынадай ерекшеліктері бар:табиғи байлықтарды пайдалану оларды орнына келтірумен қатар жүруі керек (орнына қайта келетін таби&
Ластану және ластаушылар түрлері
Ластаушы – қоршаған ортаға әсер ету мөлшері табиғи деңгейден жоғары субьектілер (физикалық агент, химиялық зат, биологиялық
Атмосфераның автокөліктермен ластану
Әрбір автокөлік жылына 4 тонна ауа жұтып, 800 кг көміртегі оксидін, 40 кг азот оксидін же 200 кг-дай әртүрлі көмірсутектерді атмосфера
Неркәсіптік ластану
Өнеркәсіптік ластану. Қара металлургия. Шойын балқыту, оны құрышқа қайта өңдеу кезінде де атмосфераға л
Озон қабаты (озоносфера) проблемасы
Атмосферадағы озонның мөлшері бар болғаны 0,004%-ды құрайды. Стратосферада (10-50 км биіктіктегі) қалыңдығы 2-4 мм-ді құрайтын
Каспий, Арал, Балқаш проблемалары
Арал теңізі, Балқаш көлі сияқты үлкен тұйық су айдындары антропогендік әсерге ұшырап жатыр. Нәтижесінде олар ластанып, деңгейлері т
Мониторинг және оның түрлері
Соңғы жылдары эколог-болжаушылардың арасында XX ғасырдың 20-шы жылдарында қоршаған ортаға байланысты қолданылған мониторинг
Новости и инфо для студентов