Популяциянының динамикалық көрсеткіштері.

Популяция динамикаcы-популяциядағы особьтардың сандық мөлшерін және оларды реттеудің механизмдерін зерттейтін популяциялық экологияның бөлімі.Табиғатта популяцияның саны тұрақты болмайды.Өзгермеген жағдайдың өзінде,популяция динамикалық тепе-теңдікті сақтайды-особьтердің азайған саны оның қалпына келетін санына тең.Туылу-көбею нәтижесінде уақыт бірлігінде пайда болған жаңа даралар саны.Тірі ағзаларға көбеюге деген мүмкіндік берілген.Бактериялар әрбір 20 минут сайын бөлінеді.Мұндай жылдамдықпен көбейгенде бір жасуша 36 сағатта бүкіл планета бетін жауып шығатын ұрпақ бере алады.Бір бақбақ өсімдігінің барлық тұқымдары өнетін болса,10 жылда өзінің ұрпақтарымен бүкіл дүние жүзін алып кетер еді.Іс жүзінде үлкен өнімділік еш уақытта жүзеге аспайды.Өсу жылдамдығы-уақыт бірлігіндегі орташа өсім.Егер Ro арқылы берілген түрдің бір дарасының өміріндегі беретін ұрпақтарының орташа санын белгілесек(таза көбею жылдамдығы)онда Ro>1популяция өседі(ұсақ жануарларға тән)Ro=1 популяция саны тұрақты.Ro<1кеміп бара жатқан популяциялар(кәсіптік жануарлар)Өлім-белгілі бір кезеңде өлген даралардың саны.Өлімнің 3 типін көрсетуге болады:I барлық жастағы өлімді сипаттайды(гидра);II даралардың дамуының ең ерте кезеңде өлімнің жоғары болуымен(айқұлақ);III ересек(қарт) даралардың өлімінің жоғары болуымен сипатталады.