Биоценоздағы пайдалы-нейтралды қатынастар.

Комменсализм (лат. commensalіs – табақтас, масыл) - дастархандас, симбиоздың бір түрі. Коменсализмде екі жануарлардың бірі, (коменсал) өзінің сыртқы ортамен қарым-қатынасын реттеуді басқа жануарға, (иесіне) толығымен жүктеп, өзі сыртқы ортамен тікелей қарым-қатынасқа түспейді. Мысал ретінде қарапус балықтарын келтіруге болады. Голотуриялардың ішек қуысына еніп, олар оны бас пана ретінде пайдаланады. Яғни ол екi түр арасындағы қарым-қатынас, мұнда бiр түр өзiнiң iс –әрекетi арқылы екiншiсiне қорек немесе мекен-жай тауып бередi. Комменсализмде бiр түрдi екiншiсi оған зиян келтiрмей бiржақты пайдаланады. Мысалы, арыстанның немесе жолбарыстың жеген қорегiнiң қалдығымен соңынан басқа аңдар (гиендер) қоректенедi. lрi акулалардың комменсалы ұсақ балықтар болып есептеледi. Сол сияқты құстардың ұясында, кемiрушiлердiң iндерiнде буынаяқтылар өмiр сүріп, сол жерден өзіне тағам, қолайлы микроклимат табады. Комменсализм табиғатқа өте пайдалы, себебi түрлер тығыз өмiр сүрiп үйренедi және ортаны, қоректi толық пайдаланыды.

Синойкия - әр түрге жататын ағзалардың өзара бірлесіп, (селбесіп) тіршілік етуі. Синойкия кезінде бір түр екінші түрге зиян келтірмей, өзіне пайдалы жағдай жасап тіршілік етеді. Мысалы - кейбір теңіз балықтарының шабақтары ірі медузалардың қармалауыштарының арасында тіршілік етеді де - қауіптен қорғанады.