Экологиялық қуыс. Гаузе принципі

Экологиялық қуыс – экожүйеде популяциялардың тіршілігі үшін қажет экологиялық жағдайлардың (ресурстардың, кеңістіктің) жиынтығы, яғни түрдің тіршілік етуі үшін, қауымдастықтағы басқа түрлермен байланыстарын қоса алғанда, оның тіршілік етуіне қажетті факторлар комплексі. «Экологиялық қуыс» ұғымын ғылымға зоолог Дж.Гринелл биоценоздағы түрдің ролін анықтау үшін енгізді. Эколог. қуыс-абстракты ұғым, бұл табиғатта түрдің тіршілік етуіне ықпал ететін барлық орта факторларының жиынтығы.Ю.Одумның айтуы бойынша, экологиялық қуыс ұғымы организмнің экожүйедегі атқаратын роліне жатады, яғни тіршілік ету ортасы түрдің «мекен-жайы», ал «қуыс»-түрдің «мамандығы». Мысалы, өсімдік қоректі антилопа мен кенгуру әртүрлі жерде тіршілік еткенімен, бір Экологиялық қуысты иеленеді. Керісінше, орман тиіні мен бұғысы да өсімдік қоректі болғанымен әртүрлі экологиялық қуысты иеленеді. Қорек түрлері әртүрлі болуына байланысты Экологиялық қуыс жануарлар арасында жақсы байқалады.

Гаузе принципі б/ша екі түр кішкентай бір кеністегі бірге тіршілік ете алмады. Өйткені екі түрдін де санының өсуіне кеңістегі ресурстардың қоры жетпейді. Яғни, экологиялық қажеттіліктері ұқсас түрлер бірдей экологиялық қуысты (орынды) иелене алмайды.

Ормандағы ағаш тектес немесе шөптесін өсімдіктер ярустылыққа(қатарлар) байланысты реттеліп орналасқан. Ормандық ярустық әртүрлі орг-дің экологиялық қуыстарға бөлінуінің жақсы мысалы бола алады. Әр түрге жататын оргдің екі экологиялық қуысы болуы мүмкін: фундаментальды ж/е іске асырылған. Фундаменталды қуыс –түрдің тіршілік ете алатын жағдайлары, ал іске асырылған түрдің сол қауымдастықтағы кездесуі. Іске асырылған қуыс фундаментальды қуыстың бір бөлігін құрайды.