Экологиялық сукцессия

Белгілі бір уақыт ішінде қауымдастықтар құрылып және өзгеріп отырады.олардың түрлік құрамы, әр түрлі топтағы организмдердің молдығы, трофикалық құрылымы, өнімділігі және басқа да көрсеткіштері өзгеріп отырады. Бір биоценоздың екінші биоценозбен жүйелі түрде ауысуын экологиялық сукцессия(латынша succession-ауысу)деп атайды.Жалпы биоценоздардың бірін бірі ауыстыру тізбегін сукцессиялық қатар немесе серия дейді.Сукцессияға мысал ретінде кішігірім көлдің батпаққа,одан орманға айналуын келтіруге болады.

Бірінші реттік (алғашқы)сукцессия тіршілік иелері жоқ жерде: лава үстінде,сусымалы құмдарда, жартастарда, тасты жерлерде басталады.Бұл жерлерде алғашқы қоныстанушылардың(бактериялар, қыналар,балдырлар)рөлі зор. Олар тіршілік ету барысында аналық жынсты бұзып өзгертеді, топырақтың түзілуіне себеп болады.Өлген,ш,р,ген организмдер біртіндеп жиналуы же үгілу әсерінен тау жыныстарының үгілуі нәтижесінде мүктер өсетін топырақтың түзілуіне алып келеді. Мүктердің өсіп дамуы кезінде де топырақ түзілу жалғаса береді.Қолайсыз жағдайлар кезінде де қарапайым қауымдастықтар түзіледі.Сөйтіп организмдердің алуан түрлілігі арта береді.

Екінші реттік (соңғы)сукцессия бұрын жақсы дамып жетілген биоценоз орнында жүреді.Мысалы, өртенген орман,құрғатылған батпақ несе бұзылған қауымдастықтар орнында. Әдетте мұндай жерлерде тіршілік ресурстарының бай қоры сақталады.Мысалы, өртенген жерде жарық сүйгіш өсімдіктер (гелиофиттер), олардың көлеңкесінде факультативті гелиофиттер,сцофиттер өсе бастайды.Өсімдіктер жабыны жаңа түрлер өсетін топырақты құнарландарып, құрылымын жақсарта түседі.2 реттік сукцессия топырақ түріне байланысты тез несе баяу жүруі мүмкін.Бұл процесс климаксты қауымдастық тың (толық жетілген)пайда болумен аяқталады. 2реттік сукцессия кезіндегі өзгерістер жылдамдығы алғашқы сукцессиямен салыстырғанда әлдеқайда тез жүреді.

Жалпы сипаты бойынша сукцессия бірінші ретті (алғашқы) же екінші реттік (соңғы)болып бөлінеді.

Сукцессия барлық қауымдастықтарға тән, белгілібір стадияларда жүретін, жалпы өзгерістерді қамтитын баңытталған же заңды процесс.

Сукцессия-өсу,тұрақтану,климакс сатыларынан тұрады. экологиялық сукц-ның автотрофты, гетеротрофты,аутогенді, аллогенд, фитогенді, зоогенді, ландшафты, алапатты,антропогенді түрлері бар.