Экологиялық пирамида

Экологиялық пирамида – экожүйедегі продуценттер, консументтер (бірінші және екінші реттік) және редуценттер арасындағы олардың массасымен өрнектелген арақатынас. Нәтижесінде, бір трофикалық деңгейден екіншісіне өткен сайын биомасса, сандық құрамы және энергия қоры азайып отыратыны анықталған. Бүл заңдылықты кезінде эколог Ч. Элтон зерттеп өзінің есімімен "Элтон пирамидасы" деп атаған.Экологиялық пирамиданың негізгі 3 типі бар:

1. Сандық пирамида - организмдердің жеке сандық көрсеткішін айқындайды.

2. Биомасса пирамидасы - жалпы құрғақ салмақты, немесе "өнімділікті" анықтайды.

3. Энергия пирамидасы - энергия ағымының қуатын немесе жылу энергиясын анықтайды.


Сандық пирамидатрофикалық (қоректік) деңгей бойынша организмдердің санын көрсетеді. Особьтардың саны продуценттерден консументтердің әр деңгейіне өткен сайын азая береді. Мысалы, 1 га шалғындықта I деңгейде 9 млн-ға жақын өсімдіктер өседі; II деңгейде - 700 мың өсімдіктермен қоректенетін насекомдар; III деңгейде - 350 мың жыр-тқыш насекомдар мен өрмекшілер;IVдеңгейде:КонсументтерIII КонсументтерII КонсументтерI Продуценттер
Биомасса пирамидасытрофикалық деңгейлері бойынша экожүйедегі барлық организмдердің биомассасының ара салмағын көрсетеді. Жер беті экожүйелерінде I деңгейдегі консументтерге қарағанда продуценттер салмағы көп, ал II деңгейдегі консументтерге қарағанда I деңгейдегі консументтердің салмағы артық және т.с.с. Су экожүйелерінде пирамида төңкерілген түрде болады. Өйткені трофикалық деңгейлердің өсуімен қорлардың биомассасы да артады.
Энергия пирамидасы- экожүйенің әрбір трофикалық деңгейіндегі немесе осы деңгейлер арқылы ететін энергия мелшерін көрсететін биомасса пирамидасының бір түрі. Алайда энергия пирамидасы ешқашан "төңкерілген" пирамида күйінде болмайды. Өйткені, келесі трофикалық деңгей езі арқылы алдыңғы деңгейдің сіңірген энергиясының тек бір бөлігін ғана еткізуі мүмкін.