Вернадскийдің биосфера туралы ілімі.

Биосфера – ғаламшардағы тірі ағзалар мекендейтін Жердің күрделі сыртқы қабаты. Бұл терминді австрия ғалымы Э.Зюсс 1875 ж. енгізген.

В.И. Вернадскийдің биосфера туралы ілімінің маңызды бөлігі болып саналатыны оның пайда болуы мен дамуы туралы көзқарас. Тіршіліктің алғашқы түрлері анаэробтық бактериялар болған. Ал тірі заттың құрушы және дамытушы орны тек автотрофтар – цианобактериялар және көкжасыл балдырлар (прокариоттар) одан кейін нағыз балдырлар мен жер өсімдіктері (эукариоттар) пайда болғаннан кейін іске аса бастады. Осы ағзалардың әрекеті биосферада бос оттегінің жиналуына әкеліп соқты. Бұл эволюцияның ең маңызды кезеңдерінің бірі болып саналады. Бұлармен қатар гететрофтар да дами бастады. Бұлардың даму уақыты құрғаққа шығып, құрылықтарда қоныстануынан және адамның пайда болуынан басталады.

Вернадский ілімінің биік шыңы – ноосфера – сана сезім сферасы туралы ілімі. Бұл ілімінде ол ғаламшар үрдісіндегі тіршіліктің, тірі заттың геологиялық орнын, мәнін ашты. Осы жандылардың ішінен Вернадский адамды ең қуатты геологиялық күш деп бағалады. Сонымен, ноосфера – ондағы зат пен энергия алмасу табиғи үрдістерін қоғам қадағалап отыратын орта.

В.И. Вернадский биосфераны үш құрауышқа бөледі:

1) тірі зат – тірі ағзалар биомассасынан құралған;

2) биогендік зат – детриттердің барлық түрлері, сондай-ақ шымтезек, көмір, мұнай және биогендік текті газ;

3) биокостық зат – биогендік заттардың биогендік емес минералдық жыныстармен қоспасы (топырақ су түбіндегі балшық, табиғи сулар, шөккен карбонаттар және т.б.); костық зат – ағзалардың тікелей биогеохимиялық әрекеті әсер етпеген тау жыныстары, минералдар, шөгінділер

Сонымен, биосфера – ғаламшардағы зат айналымына ықпал етіп тұрған ең ірі кеңауқымды экожүйе.