Атмосфераның автокөлікпен ластануы.

Автокөлікпен ластануы— жер бетімен рельссіз жүретін жүк машиналарының, жеңіл машиналардың, автобустардың, тіркеуіштердің және т.б. жүк пен жүргіншілерді тасымалдау кезінде экожүйеге әр алуан қоқыс шығаруының салдары. Тек бір ғана жеңіл машина жыл сайын атмосфераға 600—800 кг көміртек оксидін, 200 кг-ға жуық жанып үлгермеген көмірсулар және 40 кг-ға жуық азот оксидін шығаратьшы есептелген. Автокөліктердің пайдаланылған газында 300-ге жуық зиянды құрауыштар болады. Бұлардың кейбіреулерінің канцерогендік (қауіпті ісік туғызатын) зардаптары болады. Осы мысалдардан автокөліктердің қоршаған ортаны ластайтын негізгі себепкері екені білінеді. Франция, АҚШ, Германия тәрізді бірқатар шетелдерде атмосфераның ластануының 50—60 пайызы автокөліктің үлесіне келеді

Қаламыздың Қазақстандағы ең лас қала аталуының басты өзекті көзі - автокөліктер, қалалық жол полициясының деректері бойынша, дәл қазір 540 мыңнан астам көлік құралдары тіркелген. Бұлардың қатары жылына 40 мыңға дейін көбейеді.

Сондай-ақ қалаға орта есеппен күнделікті 200 мыңның шамасында автомобильдер келіп -кетіп жатады. Ластағыш заттардың зиянды әсер ету сипаты алуан түрлі: Олар түрлі металдардың коррозиясын үдетіп, өсімдіктер үшін улы болып келеді, сонымен қатар ыс туындауының бір себебі болады, жаппай өкпе және басқа да ауруларға ұшыратады.

Ал әрбір мың автомобильден күніне ауаға 3000 кг көміртек оксидтері, т.с.с отынның толық емес жану өнімдері бөлінеді. Жыл сайын олар 280 млн тонна шамасында көміртек тотығын, 56 млн тонна көмірсутек, 28 млн тонна азот тотығын ауаға қосады. Бұл газдардың құрамында 200-ден астам өте күрделі заттар қосындылары (Pb, Hg, Cd, т.б. ауыр металдар, ішкі жану қозғалтқышының газдары - бензапирен, альдегидтер) бар.