Ндірістік ластану.

Өнеркәсіптік саладаауаны ластандырушы негізгі көз болып табылатындар жылу электр станциялары, қара жэне түсті металлургия, сол сияқты мүнай өңдеу.Қатты отынды (көмір, торф, ағаш, қамыс жэне т.б.) жаққанда күйе, смола, күкірт, көміртегі тотығын жэне шаң бөліп шығарады. Екібастүз көмірі Қарағандының көміріне қарағаңда күлді көп шығарады. Орта есеппен ЖЭО-ы сағат сайын атмосфераға 5 тонна күкіртті ангидрид жэне 16-17 тонна күл шығарып отырады.

Әр түрлі кәсіпорындарөзінің атқаратын саласына қарай айналадағы ортаға өзінің зияндылығы жағынан эртүрлі заттар шығарады.

Металлургия өнеркәсібі— металл мен олардың қосыңдыларын (темір, мыс, қорғасын, мырыш, көмір, күкіртті ангидрид жэне т.б.);

машина жасау кәсіпорыны— шаң жэне газ, күйе, қорғасын, т.б.;

мүнай өңдеу және вискоз өнеркәсібі— күкіртті сутегі;

химия өнеркәсібінің кәсіпорындары— азот тотығы т.б;

қүрылыс материалдарын шығару кәсіпорындары— эр түрлі қосындылары бар шаң мен газ;

автомобиль заводтарында қала сыртына ғана салуға рүқсат етіледі;

автомобиль көлігі— элемдік ластандырушылар қатарында ерекше орын алады. Жыл сайын автомашиналар атмосфераға 380 млн тонна көміртегі тотығын, 56 млн тонна көмірлісутегін, 28 млн тонна азот тотығын таратады. Автомобильден шығатын газ қүрамы өте күрделі — оның қүрамында 200-ден астам зат бар. Оның ішінде 75 пайызы көміртегі, 15 — көмірлі сутек жэне 7 пайызы азот тотығы.Автомобиль 1 тонна бензин жақса—12,3 кг, І тонна дизель отынын жақса — 24,5 кг азот тотығын шығарады.

Ауыл шаруашылығындакейінгі 30-40 жыл бойы өсімдіктерді қорғау жэне минеральдық тыңайтқыш үшін пестицидтерді жиі қолданып жүр. Олар үшақпен шашқанда үнтағы желмен үшып, ауа мен суды, топырақты ластандырады. Сондықтан да мүндай препараттарды есеппен, дүрыс қолдану қажет.Мал шаруашылығы кешендері атмосфераны күкіртті сумен, аммиакпен, микрофлорамен ластайды.Коммуналдық-түрмыстық шаруашылық та да от жағу, пеш түтіні, үй маңындағы қоқысты уақытымен жинамау, қоқыс төгетін жерді ретке келтіріп отырмау да атмосфераны бүлдіреді.