Парниктік эффект

Парниктік газдардың әсерінен жылулық баланстың өзгеру нәтижесінде мүмкін болатын жер шарының температурасының ғаламдық артуын парниктік эффект деп атайды. Негізгі парниктік газ көмірқышқыл газы болып табылады. Көмірқышқыл газының парниктік эффектіге қосатын үлесі әр-түрлі мәліметтер бойынша 50% -тен 65% -ке дейін жетеді.
Жер бетіне негізінен жылулық емес, көрінетін сәулелер ағыны түседі. Бұл сәулелер парниктік газдар арқылы өзгермей өтеді. Жер маңы кеңістігінде бұл сәулелердің басым бөлігі әр-түрлі денелермен кездескенде ұзын толқын (инфра-қызыл) жылулық сәулелерге айналады. Парниктік газдар жылу сәулелерінің космос кеңістігіне
кетуіне қарсы әсер етеді. Олар қақпанға түскендей болып жиналады да ауаның температурасының артуына (парниктік эффект) әкеліп соқтырады. Мәліметтер бойынша парниктік газдардың әсерінен соңғы жүз жылдықта жердің орташа жылдықтемпературасы 0-0,30С артқан. Қазіргі кезде көмірқышқыл газының концентрациясының арту жылдамдығы жылына 0,3-0,5%. Осыған жақын қарқынмен басқа да парниктік газдардың мөлшері артып келеді. (Метан жылына -1%, азот оксидтері жылына –0,2%).
Атмосферадағы парниктікгаздардың мөлшерінің екі еселенуі ХХІ ғасырдың екінші жартысында болуы мүмкін. Бұл ғасырда, әр-түрлі болжамдарға сүйенсек, планетаның орташа жылдық температурасының 1-3,50С-ға артуына әкеледі.
Болжамдар бойынша ауа-райының жылынуы әсерінен мәңгі мұздықтардың еруі салдарынан әлемдік мұхит шамамен 1,5 м (соңғы 100 жылда 10-12 см) көтерілуі мүмкін. Мұхит деңгейінің 1,5-2 м-ге көтерілуі шамамен 5 млн.км2 құрылықтың су астында қалуына әкеледі.
Ауа райының жылынуы әлемдік мұхиттың деңгейінің көтерілуінен басқа да құбылыстар: ауа райының тұрақсыздық дәрежесінің артуы, дауылдардың жиіленуі, жануар мен өсімдіктердің жойылу жылдамдығының артуына әкеліп соқтыруы мүмкін.