Тұрақты даму» деген не?

1992 жылы Рио-де-Жанейрода өткен БҰҰ конференциясында Брундтланд комиссиясы баяндамасымен енгізілген және заңдастырылған тұрақты даму ғылыми термині публицистикалық әдибиеттерде талқыланды. 1989 жылы ақпараттық ортаға «Біздің жалпы келешек» атты кітабының аудармасы шықты, бұл шығарылым ағылшын термині «sustainable development» орыс тіліне «тұрақты даму» деп аударылған болатын. Дәл осы ағылшын термині «sustainable development» − казіргі уақыттың қажеттілігін қанағаттандырады, бірақ келешек ұрпақтың қабілеттілігінің қажеттіліктерін қанағаттандыруды қауіп-қатердің астына қоймайды деп толық анықтамаға сай келтірді. Егер тұрақты даму терминінің тарихына келетін болсақ, ол алғаш рет 1960 ж. Канадада ауланған балық көрінісіне арналған «sustained yield» термині болатын. 1970 жылдар ортасында «sustainable yield» термині оны ауыстырды. Бұл термин - қолайлы қорлардың үйлесімді қоры деп түсінді. Жылдар өте келе тұрақты даму ұғымын экологтар да енгізді. Экологиялық тәсілге сәйкес тұрақты дамудың анықтамасы әмбебап. Тұрақты даму қоршаған ортаның және қоғамның генерациялар теңдігінен, адамгершілік ұстанымынан, түрлерден, топтардан құрылады. Тұрақты даму анықтамасын Брундтланд комиссиясы екі қарама-қарсы түсіндірулер арқылы анықтайды: бірінші жағынан «әдеттегі өсу шегінің» баяулатылған екпіні, екінші жағынан, «қоршаған ортаның сыйымдылық шектерде шикізат шығынының өсуі».

«Тұрақты даму» дегенде қазіргі уақыттың қажеттілігін қамтамасыз ете отырып, болашақ ұрпақтардың өзінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуіне қауіп туғызбайтын даму деп түсіну керек. «Біз ата-бабаларымыздың Жерін мұраға алған жоқпыз. Біз оны өзіміздің балаларымыздан қарызға алдық» (БҰҰ материалынан).