Тұрақты дамудың негізгі факторлары.

Қазіргі кезең адамның ерекше биосфералығқ қызметі – биосфераны қорғау мен сақтап қалу қызметімен анықталып отыр. Экологиялық мәселелердің алдын алу үшін адам ретсіз дамудан тиімді, реттелген, табиғат пен қоғамның даму заңдарына негізделген дамуға өтуі тиіс. Тек осы кезде ғана адамзат қоғамының дамуы үздіксіз, ұзақ уақыттық, бірқалыпты жағдайда, табиғи және әлеуметтік дағдарыссыз дамиды. Мұндай дамуды – тұрақты даму деп атайды. Бірақ бұл үшін адамдардың сана-сезімі, олардың мақсаты мен адамгершілік бағыттылығы өзгеруі тиіс.

Тұрақты дамудың 3 концепциясы. Негізгі факторлары: 1)Экономикалық 2)Әлеуметтік 3)Экологиялық.

Экономикалық-табиғи қорларды және экологиялық технологияларды тиімді пайдалану мен соның ішінде соларды алу мен өңдеу өнімдері шығару, қалдықтарды азайту, қайта өңдеу және жою.

Әлеуметтік- әлеуметтік мәдени жүйелерде тұрақтысақтау, адамдар арасында қоршаған ортаға зиян тигізетін жағдайларды азайту тұрақты даму практикасын кең пайдалану ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүрлерді ескерту.

Экологиялық- биологиялық және физикалық табиғи жүйелердің бір-тұтастығын қамтамассыз ету, мұндай экожүйелердің өздерін қалпына келтіру және өзгерістерге динамикалық бейімделу қабілетін сақтау.

Тұрақты даму мақсаттары.

1)Экономикалық- тиімділік, тұрақтылық, өсу

2)Экологиялық- экожүйенің бір тұтастығын қалпына келтіру.

3)Әлеуметтік- тұрмыс жағдайының жақсы болуы. Мәдениеттік мұрасын сақтау.