Экологиядағы химиялық элементтер айналымы.

Күкірт айналымы – бұл цикл суды, топырақты және атмасфераны қамтиды. Күкірттің негізгі қоры – топырақта және тұнбаларда. Күкірт айналымының негізгі буынына аэробты тотығу процесі, яғни, сульфидтің (немесе күкіртті сутектің) сульфатқа және анаэробты тотықсыздану процесі, керісінше сульфаттың сульфитке дейін өзгеруі жатады. Бұл реакциялар белгілі батареялар тобының қатысуымен өтеді.

4. Оттегі айналымы – фотосинтез процесінен басталады. Оның биологиялық айналымы 250 т/жыл, ал биосферадағы оның жалпы массасы – 10-ның 14 дәрежесі тонна. Оттегі жер бетінде ең көп таралған элемент: оның атмосферадағы (салмақтық % ) мөлшері – 23,1 % (288 мг/л); Литосферада – 47,2 %, Гидросферада – 86,9%.

5. Фосфор айналымы – фосфор нуклеин қышқылдарының, клетка мембраларының, энергия тасмалдаушы жүйелердің (АДФ, АТФ), сүйек ұлпасының, дентиннің (тістің негізгі бөлігін құрайтын сүйек ұлпасының бір түрі) құрамына кіреді. Бұл айналымның ерекшелігі – редуценттердің фосфорды органикалық түрде бейорганикалық түрге тотықтырмай көшіретіндігінде.

6. Көміртегі айналымы – көмірсулардың, майлардың, белоктардың, нуклеин қышқылдарының (ДНҚ,РНҚ) және тіршілікке қажет басқа органикалық қосылыстардың негізгі «құрылыс материалдарына» жататын көміртегі – биологиялық айналымның негізгі қатысушысы.

7. Азот айналымы – атмосфералық ауаның 78%-ын азот құрайды. Бірақ азот химиялық жағынан белсенділігі төмен элемент. Азот барлық белоктардың құрамына кіреді. Биосферадағы азот айналымын анаэробты бактериялардың және көк-жасыл балдырлардың бірнеше топтары жүргізеді. Бұршақ тұқымдас өсімдіктердегі түйнек бактерияларында азотты сіңіру процесі оттегінің артық мөлшерінен арнайы өсімдік гемоглобинімен қорғалған күрделі фрагментті жүйенің көмегімен жүреді.