Табиғи ортаның ластануы.

Ластану деп қандай да бір ортаға жаңа, оған тән емес физикалық, химиялық және биологиялық агенттерді әкелу немесе осы агенттердің табиғи ортадағы орташа көп жылдық деңгейін көтеруді айтады. Тікелей ластанушы объектілер қатарына (ластайтын заттар акцепторы) биотикалық қоғамдастықтың (экотоптық) негізгі компоненттері: атмосфера, су, жер қыртысы кіреді. Ал, жанама ластанушы объектілер қатарына, биоценоз құраушылары — өсімдікгер, жан-жануарлар және микроорганизмдер жатады. Ластаушы жүйе болып, тек қана өнеркәсіп немесе жылу-энергетикалық комплекс орындары ғана саналмайды, сонымен қатар, күнделікті тұрмыстағы тіршілік, мал шаруашылығы да ластаушылар көзі болып табылады.

Ластаушы загтар мен оны қоршаған ортаға қалдық күйінде бөлетін ластаушы жүйелерді классификациялауды Р.Парсон ұсынды. Бұлклассификациялау — ластаушы заттүрін, оны бөлетін жүйені, оның салдарын бақылау шамаларын қамтиды. Оның пайымдауынша, ластаушы түрлер болып негізінен мыналар саналады:

-сарқынды сулар және оттегін жұтатын өзге қалдықтар;

-инфекцияны тасымалдаушы жүйелер;

-өсімдіктерге бағалы қоректік зат болып табылатын дүниелер;

-органикалық қышқылдар мен тұздар, минералдар;

-шайылу барысында түзілген шөгіңділер (твердый сток);

-радиоактавті заттар;

Қоршаған ортаның бүлінуі табиғи апаттардан, атап айтқанда жер сілкініс, өрт жөне т.б. орын алса, оны табғии деп, ал адамзат баласының іс-қимыл әрекеті барысында ластанса, оны антропогенді деп атайды.

Антропогенді ластаушыларды мынадай түрге бөледі:

1) Биологиялық — кездейсоқ, не адамзатіс-әрекеті нәтижесінде ластануы;

2)Механикалық — қоршаған ортаның, тек механикалық әсерлердің

нәтижесінде ластануы:

3)Химиялық — қоршаған ортанын химиялық құрамының өзгеріп, ұзақ

жылдар бойы қалыптаеқан әр түрлі зат мөлшерінің, қалыпты жағдайдан артып кетуі;

4) Физикалық ластану — бұл бес түрге бөлінеді:

а) Өнеркөсіп жөне жылу-энергетикалық комплекстердің жұмысы

арысында коршаған орта температурасьшың бұзылуы, мұны жылулық деп атайды.

ә) Жарықтық - жергілікті жерлердін табиғи жарық көздерінен баска, жасанды жарық көздері арқылы, өсімдік жөне жануарлар дүниесінің тіршілікету жағдайының өзгеріске үшырауы;

б) Шу, дабыл нәтижесінде;

в) Электромагнитгі толқындардың шектен тыс артуы;

г) Радиоактивті ластану.

5) Микробиологиялық ластану — адамның тіршілік етуі барысында, антропогенді жүйелерде немесе ортада әр түрлі ауру тарататын зиянкес организмдердің көбеюі.