Р-ң қорықтары.

Қорық қоры - қоршаған ортаның табиғи эталондар, реликтілері, ғылыми зерттеулерге, ағарту білім беру ісіне, туризмге және рекреацияға арналған нысандары ретінде экологиялык, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды, мемлекеттік қорғауға алынған аумақтарының жиынтығы. Қорықтардың басты мақсаты - табиғи ландшафтылар эталонын мұндағы тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен коса сақтау, табиғат кешендерінің табиғи даму заңдылықтарын анықтау. Қазақстан қорықтар саны жөнінен ТМД-ға кіретін республикалар арасында 16-шы орын алады. Дегенмен, республика жерінің көлеміне шақканда корықтар үлесі жөнінен 13-ші орында. Қазір Қазақстан территориясында:Ақсу-Жабағылы қорығы,Наурызым қорығы, Алматы қорығы, Барсакелмес қорығы, Қорғалжың қорығы, Марқакөл қорығы, Үстірт, Батыс Алтай қорығы, Алакөл қорығы,Қаратау қорығы жұмыс істейді.

Қазіргі кезде көптеген мемлекеттерде биосфералық деп аталатын ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар, Биосфералық қорықтар туралы халықаралық конференция (Севилья,1995) XXI ғасырдағы биосфералық қорықтардың ролі мен дамуының Севилья стратегиясы жасады

Биосфералық қорықтар өзара толықтырушы үш функцияны атқаруы керек:

1)Генетикалық ресурстарды ,биологиялық түрлер экожүйелер мен пейзаждарды сақтауға бағытталған қорғау функциясы

2)Тұрақты экономикалық және адамзаттық дамуға көмектесу үшін даму функциясы

3)Зерттеу жұмыстарын қолдау үшін материалдық-техникалық қамтамасыз ету функциясы.