Негізгі тіршілік орталары,анабиоз.

Жердегі тіршілік пайда болған алғашқы орта – су болып табылады. Тарихи даму барысында көптеген ағзалар ауа-жер ортасына тарала бастады. Нәтижесінде эволюция барысында жаңа тіршілік ету жағдайларына бейімделген құрлық өсімдіктері мен жануарлары пайда болды. Тірі ағзаладың тіршілік әрекетінің нәтижесінде құрлықта литосфераның жоғары қабаттары біртіндеп топыраққа айналады. В.И. Вернадский оны планетаның биокостық денесі деп атады. Ол тірі ағзалардың мекен ету ортасымен бірлескен әрекеттесуі нәтижесінде пайда болды. Биокостық денелер – бұл өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік әрекетіне байланысты қайта өңделген табиғи, минералдық қосылыстар. Топырақта су және құрлық ағзалары таралып, оның өзіне тән комплексі түзілді. Қазір жердегі тіршіліктің 4 ортасын бөліп көрсетуге болады: су, жер-ауа, топырақ және тірі ағзалар. Су тіршілік ортасы.Гидросфера жер бетінің жалпы ауданының 71%-ға дейінгі бөлігін алып жатыр. Сулы ортада мекндейтін ағзаларды гидробионттар деп атайды.Қазіргі кездегі гидросфера тек қазіргі кездегі тірі заттың ғана емес, ертедегі геологиялық дәуірлердің тірі затының тіршілік әрекетінің өнімі болып табылады. Жер-ауа тіршілік ортасы.Жер бетінде тіршілік ететін ағзалар газтәріздес ортамен қоршалып жатыр. Бұл ортаның өзіне тән ерекшеліктері: ылғалдылығының төмен болуы, тығыздығы мен қысымының төмен болуы, оттегінің мөлшерінің жоғары болуы. Топырақ ылғалдығы.Өсімдіктер негізіне топырақтағы суды пайдаланады. Топырақтағы су физикалық күйі, қозғалғыштығы, өсімдіктер үшін маңызына қарай бос, капиллярлы, химиялық және физикалық байланысқан су болады.Топырақ - организмдердің тіршілік ортасы ретіндегі ерекшеліктері.

Топырақ – литосфераның жоғарғы әуе қабатымен байланысатын қабат, бүкіл биосферадағы тіршіліктің тірегі, ғасырлар бойы топырақ түзуші факторлардың үздіксіз әрекетінен пайда болған табиғаттың ерекше табиғи, әрі тарихи денесі. Негізін қалаған Докучаев. Топырақта көптеген организмдер бар: бактерия, саңырауқұлақ балдыр, құрт-құмырсқа. Топырақта тіршілік ететін оргнаизмдер эдафобионттер не педобионттар. Топырақ жеке әртүрлі өлшемдегі қатты бөлшектерден тұрады. Қатты бөлшектер сумен және ауамен қоршалған, сондықтан топырақты 3 фазалы жүйе ретінде қарастырады. Оның жоғарғы беті борпылдақ, оның құрамында көптеген заттар бар(өлі орг.заттар, өсімдік қалдығы, қаращірік). Топырақтың жоғарғы қабатында өсімдікке өажетті фосфор, калий, азот, кальций т.б. заттар жинақталған. Оның әр түрлі қасиетіне қышқылдығы, тұздылығы, ылғалдылығы байланысты өсімдіктерді көптеген экологиялық топтарға бөлуге болады.