Популяциялар түсінігі.

Популяция- латынша халық деген мағынаны білдіреді. Бұл терминді алғаш рет дат генетигі В.Л. Иогансен қолданды. «Популяция» ұғымы биологияда негізгі ұғымдардың бірі, ал популяцияны генетикалық, эволюциялық, экологиялық тұрғыдан зерттеу жұмыстары ерекше бағытқа популяциялық биологияға бірігеді. Әрбір түр белгілі бір территорияда ареалда тіршілік етеді. Көбіне ареалдың әр жерінде орналасқан особьтар топтары бір бірімен байланыса да алмай, шағылыса да алмай бөлектеніп өмір сүреді. Бұл топтардың саны түрдің санына , тарихи жасына, ареалдың аумағына және басқа да себептерге байланысты. Популяция-тіршілік циклдары, морфологиялық белгілері ұқсас, генефондары ортақ особьтар жиынтығы.Экологиялық жүйелердің, сонымен қатар популяцияның негізгі қасиеті-олар үнемі өзгерісте, қозғалыста болады. Бұл жүйенің өнімділігіне, биологиялық алуантүрлілігіне, құрылымдық-функционалдық ерекшелігіне әсер етеді. Тірі материяның ұйымдасу жүйесінде популяциялық деңгей ерекше орын алады.Бір жағынан популяция тіршіліктің әртүрлі деңгейінде: организм-популяция-биоценоз-биогеоценоз-биосфера функционалдық-экологиялық қатарына кіретін биоценотикалық қарым-қатынастың элементарлық бірлігі болып табылады.Екінші жағынан популяция әртүрлі деңгейдегі таксондардың филогенетикалық байланысын: организм-популяция-түр-туыс-тұқымдас-отряд-класс-патшалық көрсететін генетикалық-эволюциялық қатарына кіретін эволюциялық процестің элементарлық бірлігі.