Сурет. Қоректік тізбектегі улы химикаттың (диэлдрин) жинақталуы

 

Бұл заттар- үй малдарының өнімдеріне және адамдарға зиян келтіретін организмдерді жоюға арналған (әсіресе, арамшөптер мен бунақденелер) пестицидтер. Алғашқы табысты қолданған пестицидтердің ішіндегісі - хлорлы көмірсутегі тобы, оның ішінде ДДТ (дихлордифенилтрихлорэтан), диэлдрин, алдрин болды. Бұл заттар көптеген жануарлар мен адамдар, әсіресе, құстар, балықтар және омыртқасыздар үшін улы.

60- жылдардың ортасында оны қолданған аудандардан өте алыс жер - Антарктидадағы пингвиндердің бауырынан ДДТ-ның табылуы жөніндегі хабар көптеген ғалымдар үшін тосын жаңалық болды.

Пестицидтермен уланудан жоғары қоректік деңгейдегі жыртқыштар, әсіресе құстар өте қатты зардап шекті. Мысалы, АҚШ-тың батысында ДДТ-тан улану нәтижесінде сұңқар толығымен жойылған. Құстардың көп зардап шегуінің себебі, ДДТ кальций алмасуына әсер ететін гормональды өзгерістерді тудырады, нәтижесінде олардың салатын жұмыртқасының сыртқы қабаты (скорлупа) жұқарады да, ол жиі жарылып, сынады. Бұл құбылысты қоректік тізбектегі жинақталу деп атайды.