Тақырыбы: Пішен тұндырмасындағы қарапайымдардан сукцессия өзгерісін бақылау

Мақсаты:жасанды экожүйеде жүретін сукцессия өзгерісін эксперимент жүзінде бақылау.

Құрал-жабдықтар:микроскоп, химиялық стакан, заттық және жабын шынысы, шыны сүрткіш мата, қарапайымдардың кестеге салынған суреті.

Жұмыс барысы:

1. Пішен тұндырмасын дайындау үшін бір орам құрғақ пішенді 10-15 минут суда қайнатып, сосын сұйықтықты суытып, химиялық стаканға құйып, 2-3 тәулік бактерия қабықшасы түзілгенше сақтап қою керек. Сосын әрбір стаканға 1-2 мл су құямыз. Ол су аквариумнан алынған болуы керек. Суды биологиялық тепе-теңдік орнаған аквариумнан алған тиімді, өйткені аквариум суында қарапайымдылардың көптеген түрлері тіршілік етеді. Бірінші стакандағы суды 5 тәулік бойы таза сумен ауыстыру қажет. Ал қалған стакандарға таза су құйылмайды. Оларды бөлме температурасында жарық жерде араластырады. Сабаққа 3, 6, 15, 30, 60 тәулікке дейін әртүрлі мерзімде қойылған пішен таяқшаларын дайындайды.

2. Сынама алу үшін әртүрлі стаканның әр жерінен алу керек және оны таза стаканға алып араластыру керек.

3. Әрбір стаканнан пипетка арқылы тұндырмадан бір тамшы алып, заттық шыныға тамызыңыздар. Оны жабын шынымен жауып, микроскоп арқылы қараңыздар.

4. Пішен таяқшаларының тұндырмасында қандай қарапайымдар тіршілік ететінін анықтау.

5. Қай сынамада инфузория-кольподы, инфузория-туфелька, талшықты құрттар бар екенін қараңыздар.

6. Қарапайымдардың басым түрлерінің ауысуын графикке салыңыздар, жеке түрдің биоценозда әртүрлі кезеңде дамуымен кездескен түрлерді әртүрлі түспен бояңыздар.

7. Пішен тұндырмасы сукцессияның өзгерісіне жауап беру үшін, жұмыс қорытындысын байқау:

Модельді бірлестікте түрлердің жиі кездесуіне не себеп?

Пішен тұндырмасында тіршілік ететіндерге сукцессия өзгерісі қалай жүреді?

Жас және жетілген топтың қандай белгілері бар?

Пішен тұндырмасында бірлестіктің даму шегі немен анықталады?

8. Жұмысқа қорытынды жасаңыздар.