Биосфера және оның шекаралары

1926 жылы В.И. Вернадский алғаш рет биосфераның шекаралары туралы мәселені қарастырды.

Тіршіліктің жүруіне физика-химиялық жағдайлардың қайсысы қолайлы?

Көмірқышқылы және оттегінің жеткілікті мөлшері

Судың жеткілікті мөлшері

Өте төменгі температура сияқты, өте жоғары температурасы болмайтын температуралық режим

Минералдық қоректенуге элементтің «аз мөлшерінің» болуы

Су ортасының белгілі тұздылығы

Қазіргі тіршілік жер қабығының жоғары бөлігінде (литосфера), жердің атмосфералық төменгі қабатында (тропосфера) және жердің сулы қабатында (гидросфера) таралған.

Литосферадағы тіршілікті +100°C -тан жоғары болатын 1,5 - 15 км деңгейдегі және тереңдіктегі жер асты сулары мен тау жыныстарының температурасы шектейді. Жер қабығының жынысынан бактерия табылған ең үлкен тереңдік - 4 км құрайды. Мұнай орындарындағы 2-2,5 км тереңдікте көп мөлшерде бактериялар табылған. Мұхиттағы тіршілік өте терең қабатқа дейін таралған және жер бетінен 10-11 км тереңдікте «мұхиттың түбінде» кезедеседі. Атмосферадағы тіршіліктің жоғары шекарасы – жоғары ультракүлгін радиациясының жер бетіне өтуіне кедергі жасайтын Озон қабаты. Озон қабаты жерден 22-25 км жоғарыда Күннің ультракүлгін сәулесінің көп бөлігін сіңіреді. Озонның қорғаныс қабатынан жоғары көтерілген барлық тірі организмдер жойылады. Бактерия мен саңырауқұлақ споралары 20-22 км биіктікте табылған, бірақ аэропланктондардың негізгі бөлігі —осы қабаттан 1-1,5 км қабатта кездеседі.

Биосферадағы тіршіліктің таралуы-біркелкі еместігімен ерекшеленеді. Тірі заттардың концентрациясы негізгі орта бөлігінде, яғни шекаралық қабаты литосфера мен атмосфера арасында болатын- топырақта, мұхиттың беткі қабатында, су қоймаларының түбінде және теңіз түбіндегі зона- литоральда кездеседі.