Жердің жалпы антропогендік дағдарыстары

Қазір күнделікті өмірде біз «экологиялық проблмелар» және «экологиялық дағдарыс» терминдерін жиі қолданамыз. Бұлардың мәні неде?

Экологиялық проблема - «тірі жүйе - қоршаған орта» жүйесіндегі тепе-теңдіктің бұзылуынан туатын қарама қайшылық.

Экологиялық проблемалар өзекті (планетаның бүкіл биосферасына әсерін тигізеді), аймақтық (нақтылы аймақ) және жергілікті (нақтылы территория, орын) болады.

Экологиялық дағдарыс- (гректің krisis- бұрылмалы пункт) кездейсоқ табиғи құбылыстардың әсерінен (су тасқыны, вулкандардың атқылауы, қуаңшылық, өрт, күннің күрт суытуы, жер сілкінісі және т.б.) немесе антропогендік факторлардың әсерінен (қоршаған ортаның ластануы, табиғи экожүйелердің бұзылуы, ормандардың кесілуі және т.б.) экологиялық тепе теңдіктің бұзылуы нәтижесінде экожүйелерде (мысалы, биосферада) туатын жағдайлар. Экологиялық дағдарыстың кінәлісі адамның шаруашылық іс -әрекеті болғанда, ол антропогендік экологиялық дағдарысдеп аталады.

Адамзат тарихында3 антропогендік дағдарыстыкөрсетуге болады.

Бірінші антропогендік экологиялық дағдарыс (консументтер дағдарысы) - ірі жануарларды жаппай құртумен байланысты. Ғалымдардың есептеуінше, бұл дағдарыс 10-15 мың жыл бұрын болған. Американ геологы Пол Мартиннің ойынша түйе мен жылқылардың кейбір түрлері, мамонттар және мастодон сияқты Солтүстік Америка және Евразияда мұзды кезеңнің ірі сүтқоректілерінің көпшілігі көптеген ғалымдар ойлағандай қолайсыз климаттық жағдайдың әсерінің нәтижесінде жойылған жоқ, сол кезде түйрейтін қаруларды қолданған мұз кезеңінің аңшыларының іс-әрекетінен жойылған. Бүл пікірді геофизик М.Н.Буденко да қолдайды.

Екінші антропогендік дағдарыс (продуценттер дағдарысы)-150-350 жыл бұрын және өнеркәсіпте табиғи минералды қорларын пайдалануды және ғылыми техникалық революцияны тудырған қоғамдық өндіріс күшінің жедел күрт дамуына байланысты болған.

Үшінші (қазіргі) антропогендік экологиялық дағдарыс-қоршаған ортаның күшті ластануының өте жоғары деңгейіне байланысты. Редуценттер антропогендік өнімдерден биосфераны тазартуға үлгермейді немесе қоршаған ортаға шығарылып тасталған синтетикалық заттардың табиғи емес сипатына байланысты бүл функцияны жасауға қабілетсіз. Сондықтан бұл дағдарысты көбіне "редуценттер дағдарысы" деп атайды.

Қазіргі экологиялық дағдарыс биосфераның табиғи биогеохимиялық циклдің өздігінен қалпына келу қабілеттілігімен өркениет тарихындағы орын алған жыртқыштық қатынас арасындағы қарама-қайшылықтың шешілмеуімен анықталады. Егер биосфераның табиғи биогеохимиялық циклінің өздігінен қалпына келу қабілеттілігі жүздеген, мыңдаған жылдамдықпен жүзеге асса, онда техногендік процестер бірнеше есе жоғары болады.

Жалпы экологиялық дағдарысқа байланысты мәселелер алғаш рет 1972 жылы Стокгольмде қоршаған ортаның проблемалары жөніндегі Халықаралық конференцияда талқыланды. Айта кететін жай, сол жылы биосфера дамуының зардаптарын модельдеуі жөнінде «Өсу шектері» деген алғашқы кітап шықты (авторлары Д.Х.Медоуз, Д.Л.Медоуз, Й.Рандерс, Ш.У.Беренс).