Биологиялық көптүрлілікті сақтау мәселелері

Биологиялық көптүрлілікті 3 категорияға бөлуге болады.

Генетикалық көптүрлілік- бір түрдің ішіндегі гендердің әртүрлілігі.

Түрлердің көптүрлілігі- бір аймақ ішіндегі түрлердің әртүрлілігі.

Экожүйелердің көптүрлілігі- биосферадағы экологиялық процестер мен биотикалық бірлестіктің тіршілік орындарының әртүрлілігі.

Көптүрліліктің барлық 3 деңгейі де бір-бірімен байланысты және тұтас жүйені құрайды. «Жаңа қанның ағынының болмауынан» болатын, бұрын тұтас ареалдың бөліктерге бөлінуі салдарынан түрдің генетикалық әртүрлілілігінің төмендеуі түрдің құруына әкеліп соқтырады, яғни осы аймақтағы биологиялық көптүрлілік азаяды. Биологиялық көптүрлілік бірінші кезекте антропогендік экологиялық фактордың өзгеретін биосфера мен экожүйелердің төзімділігіне байланысты. Көптүрліліктің төмендеуі - қалыптасқан экологиялық байланыстардың бұзылуына және табиғи бірлестіктің ыдырауына, олардың гомеостазының бұзылуына, ең соңыңда олардың жоғалуына әкеліп соғады.

Табиғи көптүрлілікті қолдау, сақтау көптеген себептер бойынша қажет. Ең біріншіден әрбір түр және әрбір экожүйе тіршілік етуге құқылы. Көптеген түрлердің тіршілігі басқалармен байланысты: бір түрлердің жоғалуы басқаларының жойылуына әкеліп соқтыруы мүмкін.