Сурет. Биологиялық көптүрлілікті сақтау

 

Биологиялық түр ретіндегі адам басқа түрлерге тамақ, дәрі, өнеркәсіп өнімдері, сол сияқты су қоймаларының өздігінен тазаруы сияқты «экологиялық қызмет» көрсетуге тәуелді. Ең соңында әрбір түр немесе экожүйе бізді қоршаған әлемнің байлығы мен әсемдігіне белгілі бір үлес қосады.

Биологтардың бағалауы бойынша, жер бетінде тірі организмдердің 10 млн-дай түрі тіршілік етеді. Систематиктер тек ғана 1,4 млн түрге ат берген. Әлі «ашылмаған» көптеген микроорганизмдер, бунақденелілер және мұхит мекендеуші- лері өте көп.

Оңтүстік Шығыс Азия, Орталық және Батыс Африка, сол сияқты Латын Америкасында алуан түрлі өте көптеген түрлер кездеседі. Ормандардың құртылу дәрежесі, яғни тіршілік ету ортасының жоғалуы, бұл аудандарда өте жоғары. Жыл сайын тропикалық ормандардың 17 млрд-тай га жойылады. (Бұл территория Швейцария ауданынан 4 есе көп). Бұндай қарқынмен тропикалық ормандардың жойылуының нәтижесінде 2015 жылы 4-8 %–ке дейін, ал 2040 жылдары 17-35% –ке дейін осы ормандарда тіршілік ететін түрлері жойылуы мүмкін. Егер осылай жалғаса берсе, соңғы 25 жылдар ішінде жер бетінде тіршілік ететін түрлердің тағы 15% жойылуы мүмкін. Қазіргі таңда қоңыржай климаттағы орманның 44% ғана қалған. Олар негізінен Сібір мен Солтүстік Америкадағы Тынық мұхит жағалауындағы ормандар.

Тіршілік орнын бұзу биологиялық әртүрліліктің төмеңдеуінің жалғыз себебі емес. Басқа себептерге фрагментацияжатады. Кейбір түрлердің тірі қалуы үшін, мысалы, тырналардың тірі қалуы үшін бірнеше кішкентайдан жалпы аудан жиынтығына тең болса да, бір үлкен батпақтың болуының маңызы зор. Кейбір жыртқыштарға тіршілігі үшін, мысалы қасқырларға кең байтақ жер қажет.

Биологиялық көптүрліліктің төмендеуі дегеніміз- белгілі территорияда тіршілік ететін түрлер санының азаюы ғана емес, жергілікті табиғи бірлестіктерге тән емес түрлердің басқа түрлерді ауыстыруы нәтижесіндегі экологиялық сапалық өзгеруі. Бұл процесте интродукцияның ролі зор. Интродукция-табиғи ареалдан организм түрлерінің көшуі және жергілікті табиғи комплекстерге енгізілуі.

Жаңа орында табиғи жауларының болмауынан бұл түр басқа түрлерді ығыстырып, қарқынды көбейеді. Мұндай жағдайда интродукция биологиялық көптүрліліктің төмендеуіне әкеліп соқтырады. Интродукцияның қайғылы нәтижесіне-белгілі Австралияға қоянның, ал Европаға колорада қоңызының әкелінуі мысал болады.

Рио-де-Жанейродағы конференцияда қабылданған биологиялық көптүрлілік туралы конвенцияда көрсетілген «планетада биологиялық көптүрліліктің жойылуы негізінен қоршаған ортаның бұзылуынан, ауыл шаруашылық қорларын шектен тыс қолдануынан, қоршаған ортаның ластануынан, бөтен өсімдіктер мен жануарлардың әкелінуінен. Биологиялық көптүрлілік азаюы ең алдымен адам іс-әрекеттерінен жүзеге асады және біздің дамуымыздың негізгі қаупі болып есептелінеді».

Конвенцияда көрсетілгендей, биологиялық көптүрліліктің жойылуының негізгі себептері:

1. Халық санының өсуі;

2. Қорларды пайдаланудың ұлғаюы;

3. Экожүйелер мен биологиялық түрлерге ұқыпсыз қарау;

4. Табиғи қорларды пайдаланудағы сауатсыз жасалынған мемлекеттік саясат;

5. Халықаралық саудалардың жағымсыз әсері;

6. Қорларды әділетсіз бөлу, таралу;

7. Биологиялық көптүрліліктің маңызын түсінбеу;

Ежелгі аңшылардың өмір сүру салты жануарлардың көптеген түрлерінің, мысалы, мамонт және жүнді мүйізтұмсықтың жойылуына әкелді. Ежелгі өркениет кезіндегі жер шарындағы шөлейттердің түзілуі мен кең байтақ жерлерде ормандардың құруы-экологиялық дағдарыстың себебіне айналады. Бірақ соңғы 10 шақты жылдары табиғи бірлестіктерге адамның әсері өздігінен қалпына келу қабілеттерінен бірнеше есе артуда. Құрбандардың сапалық құрамы да өзгереді: егер өткен ғасырда жер бетінен негізінен аңшыларға қажетті түрлер жойылса, ал қазір Қызыл Кітапқа өндірістік мәні жоқ бунақденелілер де, бауырымен жорғалаушылар да, жай қарапайым ағзалар да енуде.

Концепцияның бір пункті елімізде үздіксіз экологиялық білім берудің жүйесін құру туралы тұжырым болып табылады. Ағылшын ғалымы Б.Коммонер тірі және өлі табиғаттың арасындағы барлық экологиялық өзара қарым қатынастарды төрт заңға біріктірген.

7.7. Б.Коммонердің «экология заңдары»