ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:Тіршілік жағдайларының өсімдік құрылысына әсері

Мақсаты:өсімдік құрылысына тіршілік жағдайларының әсерін бақылау.

Қажетті құрал-жабдықтар:бөлме өсімдіктері (кактус, алоэ, бегония, элодея), картоп, ұстара, қысқыштар, препаровальды ине, микроскоп, зат және жабын шынылары, 0,5-% тік флороглюцин, сорғыш қағаз, тұз қышқылы ерітіндісі, глицерин.

Жұмыс барысы:

1. Бөлме өсімдіктерін (кактус, алоэ, бегония, элодея) алып, олардың сыртқы құрылысымен және сыртқы құрылысындағы ерекшеліктермен танысыңыздар. Бұл өсімдіктердің қайсысысы қандай тіршілік жағдайларына бейімделген?

2. Өсімдіктің бір бөлігінен көлденең кесінді дайындаңыздар. Кесіндіні жақсы дайындау үшін объектіні (тамыр, сабақ, жапырақ) картоп түйнегінің текшесіне, қара ырғайдың өзегіне немесе пенопластыға салып, объектімен бірге текшенің кесіндісін ұстараның көмегімен кесіп алу керек. Жылжымалы қозғалыспен көлденең қиылған кесінді жұқа, мөлдір, ауданы бірнеше мм болуы қажет. Алынған кесіндіні препаровальды инемен зат шынысына орналастырыңыздар.

3. Кейін оған флюроглюцин ерітіндісін тамызыңыздар. 1,5-2 минуттан кейін артық ерітіндіні сорғыш қағазбен сорғытып, оған және 1-2 тамшы концентрлі тұз қышқылын тамызыңыздар. Боялғаннан кейін тағы да артық реактивті сорғыш қағазбен сорғытып, оған 1-2 тамшы глицерин тамызып, объектіні жабын шынымен жауып, микроскоппен қараңыздар.

4. Микроскоппен қарап, кестеде көрсетілген оның белгілеріне көңіл аударыңыздар. Зерттеу нәтижелерін кестеге толтырыңыздар.

5. Жұмыс нәтижелері бойынша қорытынды жасаңыздар.