ТАПСЫРМАЛАР

1. Мына ғалымдардың қайсысы биосфера туралы ғалымды қарастырған. Дұрыс жауабын табыңыздар.

Ж.Б.Ламарк, В.И.Вернадский, Н.И.Вавилов, В.В.Докучаев, А.Н.Северцов, В.Н.Сукачев, Л.Пастер.

2. Көміртегінің көмірқышқыл газ түрінде атмосфераға түсу процесін атаңыз.

3. Жер шарындағы көмірқышқыл газының жалпы құрамы 1100 млрд т. Бір жылда өсімдіктер 1 млрд т көміртегі ассимиляциялайды. Шамамен осындай мөлшерде атмосфераға бөліп шығарады. Организм арқылы атмосфераға барлық көміртегі қанша жылда өтетінін анықтаңыздар (С-тің атм.салмағы-12, О-нің атм.салмағы-16).

4. Қандай пайдалы қазбалар заттары өткен кезең организмдерінің тіршілігінің өнімдері болып табылады?

5. В.И.Вернадскийдің тұрақтылық заңы қалай айтылады?

6. Эколог Ли Талбот:

«Біз өз ата анамыздан жерді мұраға алған жоқпыз, біз оны балаларымыздан қарызға алдық» деген. Бұл сөз нені білдіреді?