ОСЫМША ХАБАРЛАР МЕН МЫСАЛДАР

1. Далалық егісте астық тұқымдастардың өскініне күшті зиян әкелетін қоңыздардың топырақтағы дернәсілдерімен күресу үшін, көп мөлшерде улы химикаттарды пайдаланады. Улы заттар тек зиянкестерді өлтіріп ғана қоймай, сонымен қатар топырақтың пайдалы мекендеушілерін де өлтіреді және бұл ақыр соңында қоректік тізбек арқылы адамға келеді. Ростов ғалымдары бұл зиянкестермен күрестің экологиялық таза тәсілін ұсынды. Тұқымдардың өсуінен бөлінетін ерекше зат-лизиннің әлсіз исіне дернәсілдердің қызығатынын белгілі. Өсімдіктен зиянкестердің қашуы үшін, лизиннің құрамы қоректік өндірістік қалдықтарынан тұратын арнаулы заттарды топыраққа шашады. Дернәсілдер олардың жанына бірнеше метр қашықтықта жиналады. Олардың осы қозғалыс кезеңінде, яғни бірнеше күнде өсімдіктер өсіп, оларға зиянкестер онша қорқынышты емес.

2. Ормандарды жаппай кесу- антиэкологиялық. Осындай кесуден кейін қайта қалпына келу үшін 100 жыл, ал Қиыр Шығыстағы самырсын-қарағайлы орман үшін 200 жыл керек. Орман шаруашылығының ең тиімді жолы –ағаштарды таңдап кесу. Ол кезде барлық орман бірлестігі –бұзылмайды. Мұндай орманды үздіксіз пайдалануға болады, өйткені ол өзінен-өзі қалпына келеді. Таңдап кесу көрші ағаштарды бәсекелестіктен босатып, олардың өсуін күшейтеді. Экологиялық заңдылық бойынша, экожүйенің тұрақтылығына бейімделетін, орман биоценозының кеңістіктік мозаикасы құрылады.

3. Тірі заттардың құрамында Менделеев кестесіндегі химиялық элементтердің жартысынан көбі кездеседі. 10% -ін оттегі мен сутегі құрайды. 1% -ін азот, көміртегі және кальций құраса, 10/1% –ін фосфор, калий, күкірт және кремний, ал 100/1%-ін магний, темір, натрий, хлор және алюминий құрайды. Қалған элементтер өте қажет болғанымен де, сирек кездеседі. Аталған 14 элемент кездейсоқ жиынтық емес. Олардың 99,9 % тірі организмдердің жалпы массасын құрайды және 98,9 % барлық жер қабығын құрайды. Бұндай жағдайда тіршілік жердегі химиялық өндірумен тығыз байланысты.

4. Биосферадағы тірі заттардың салмағы жер қабығы салмағының 1/10 000 бөлігін құрайды. Жыл сайын 0,1 масса өндіріп және сондай мөлшерде бұзылып отырады. Зерттеу көрсеткендей, 10 млн жылда жер қабығы салмағына тең заттар тірі организм арқылы өтеді. Егер соңғы 600 млн жылдағы Жердегі өндірілген барлық биомассаны жинасақ, онда олар Жердің 2000 км қабатын жапқан болар еді.

5. Атмосферадағы барлық оттегі - фотосинтез нәтижесінде жиналған. Биологиялық айналымдағы жиналған оттегі толығымен тірі организмдердің тыныс алу және өлі қалдықтарының ыдырауы процестерімен ғана өтуі тиіс емес. Органикалық заттардың саны бұрынғы айналымнан түсіп, тас көмір, жанғыш сланец, шым тезек т.б. айналады. Сондықтан ауадағы оттегінің құрамы үнемі өсіп отырады.

6. Әлемде: млрд жылына Әлемге: млрда жылына

Гольфке 40 $ Балалар денсаулығы негіздеріне 13$

Винаға 85$ Бастауыш білім беруге 6$

Пивоға 160 $ Таза су мен санитарияға 9$

Темекіге 400$ Жанұяны жоспарлауға 6$

Жарнамаға 250$

Әскери қажеттілікке 800$

Барлығы: 1735 $ жұмсалады Барлығы: 34$ керек.

ЮНИСЕФ мәліметі бойынша