ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

1. Биосфераның тірі заттары дегеніміз-

а/жануарлар жиынтығы

б/ өсімдіктер жиынтығы

в/ планетадағы организмдердің бүкіл жиынтығы

г/ бактериялар жиынтығы

2. Атмосфераның жоғарғы қабатындағы Озон қабаты-

а/ жердің жылу сәулесін ұстайды

б/ өндірістік ластану нәтижесінде түзілген

в/ ультракүлгін сәулелерден қорғанатын экран

г/ ластаушының бұзылуына көмектеседі.

3. Биосфераның тірі затының негізгі массасын-

а/ жануарлар

б/ өсімдіктер

в/ планктондар

г/ бактериялар құрайды.

4. Гидросферада биосфера шекарасы қай жерінде болады?

а/ гидросфераны толығымен қамтиды

б/ 2 км тереңдікте

в/ 6 км тереңдікте

г/ 4 км тереңдікте

5. Биосфераның энергетикалық функциясы немен байланысты?

а/ жеке элементтердің жинақталуы

б/ газдардың сіңірілуі және бөлінуі

в/ бір организмнің тіршілігін екінші организмді қоректендіру есебінен сақтау

г/ заттың тасымалдануы жүзеге асады.

6. Атмосфераның қандай қабатында биосфера шекарасы болады?

а/ тропосфера

б/ мезосфера

в/ стратосфера

г/ термосфера

7. Биосферадағы тірі заттардың қасиетін қандай белгілер анықтайды?

а/ энергияның үлкен қорына арналған химиялық қосылыс- белоктар

б/ көмірсудың үлкен мөлшері

в/ көмірсудың мөлшері мен қозғалысы

г/ энергияның аз мөлшері.

8. Литосфераның қандай тереңдігінде биосфера шекарасы болады?

а/ 200 м

б/ 1 км

в/ 5 км

г/ 250 м

9. Биосферадағы биокосты заттарға қайсысы тиісті?

а/ пайдалы қазбаларға

б/ қураған ағаш

в/ топырақ

г/ өзен мен көл лайы.

10. Биосфера эволюциясына және қазіргі атмосфераның түзілуіне қандай факторлар әсер етеді?

а/ бірклеткалы балдырлардың пайда болуы

б/ алғашқы сүтқоректілердің пайда болуы

в/ қалдық жыныстардың түзілуі

г/ адамдардың іс әрекеті.

11. Биосфераның орта түзуші факторлары қандай қызмет атқарады?

а/ элементтер жинақталады

б/ газдардың бөлінуі және сіңірілуі

в/ заттардың тасымалдануы

г/ ортаның физика-химиялық параметрлерінің түзілуі.

12. Ноосфера дегеніміз-

а/ адамның саналық ролі мен барлық өсуші геологиялық күштердің зор болатын даму кезеңі

б/ адамның еңбегіне бағытталған даму кезеңі

в/ биосфераның даму кезеңі

г/ тірі заттардың биосфераға таралған кезеңі.