ОРШАҒАН ОРТАҒА ЖӘНЕ ДАМУҒА ҚАТЫСТЫ РИО-ДЕ –ЖАНЕЙРО ДЕКЛАРАЦИЯСЫ

Қоршаған ортаға және дамуға қатысты Біріккен Ұлттар Ұйымының Конференциясы

ПРЕАМБУЛА

өткізе отырып, 1992 жылы 3-4 маусым аралығында Рио-де-Жанейрода,

мақсат қуа отырып, мемлекеттер, қоғамның негізгі секторлары мен адамдары арасындағы ынтымақтастықтың жаңа деңгейлеріне шығу жолдары арқасында жаңа, глобалдық әділетті серіктестікті орнату үшін,

күш сала отырып, барлығының мүдделерін құрмет тұтаып және қоршаған орта мен дамудағы глобалдық біртұтастығын қорғауды қамтамасыз ететін қалықаралық келісімдерге қол жеткізу үшін,

мойындай келіп, ортақ үйіміз Жер сипатының тұтастығы және өзара байланыстылығын жариялайды:

1 ПРИНЦИП

Адам қамын ойлау орнықты даму үшін қарастыратын талап мүдделердің өзегі болмақ. Олар табиғатпен жарасымдылық тауып салауатты және баянды өмір сүруге құқықты.

2 ПРИНЦИП

Мемлекеттер БҰҰ жарғысы мен халықаралық құқық принциптеріне, қоршаған орта мен дамуға қатысты өздерінің дердес саясаттарына сай ресурстарын игеруде егеменді құқыққа ие және олардың құзыр немесе бақылау аясында сол қызметін атқару жауапкершілігі өзге мемлекеттердің немесе ұлттық юрисдикция шеңберінен тыс жатқан жерлердің қоршаған ортасына зардап әкелуге себепші болмайды.

3 ПРИНЦИП

Бүгінгі және келешек ұрпақтың даму мен қоршаған ортаға қатысты қажеттері әділ ескеріле отырып ғана дамуға деген құқық жүзеге асырылуы тиіс.

4 ПРИНЦИП

Орнықты даму жүзеге асуы үшін қоршаған ортаны қорғау даму процесінің тұтас бір бөлігін құрауы тиіс және одан бөлек алып қаралына алмайды.

5 ПРИНЦИП

Өмір деңгейі алшақтығын азайту және дүние жүзі халықтарының басым көпшілігінің қажеттерін ойдағыдай өтеу жолында, сонымен қатар орнықты дамудың міндетті шарты болып табылатын жарлылықты түбімен жоюға бағыталған аса маңызды мәселелер төңірегінде барлық мемлекеттер мен барлық халықтар ынтымақтасады.

 

6 ПРИНЦИП

Дамушы елдердің қажеттері мен айрықша жағдайларына, оның ішінде даму мейлінше кенже қалған және қоршаған ортасы соғұрлым ушыққандарға арнайы ерекшелік беріледі. Қоршаған орта мен даму саласындағы халықаралық іс шаралар барлық елдердің мүдделері және қажеттерімен астасып жатқаны жөн.

7 ПРИНЦИП

Жер экожүйесінің тұтастығы мен салауаттылығын сақтау, қорғау және қалпына келтіру мақсатында мемлекеттер глобальдық серіктестік рухында ынтымақтасады. Глобальдық қоршаған ортаның бүлінуіне қосқан үлес салмақтарына қарай, мемлекеттер жалпы ортақ, бірақ түрлі жауапкершілікте болады. Олардың иелік жаспа отырған технология мен қаржы ресурстар негізі есебінен және глобалдық қоршаған ортаға өз қоғамдарының жасап отырған қысымшылықтарын есепке ала отырып, орнықты дамуға қол жеткізу жолындағы халықаралық ұмтылыс іс шаралар аясында дамыған елдер өз жауапкершілігін мойындайды.

8 ПРИНЦИП

Орнықты дамуға және барлық адамдардың жоғарылау қмір сүру сапасына қол жеткізу үшін, өндіріс пен тұтынудың өміршең емес моделін мемлекеттер қысқартып және көзін жойып, сондай-ақ тиесілі демографиялық саясат жүргізіп отырғандары жөн.

9 ПРИНЦИП

Ғылыми технологиялық білімдер мен алмасу жолымен ғылыми негізде өзара түсіністікті ұлғайту арқасында сонымен бірге технологияны, оның ішінде жаңа мен жаңартылған технологияны дамыту, үйрену, тарату және онымен өзара бөлісуді күшейту арқасында орнықты дамудың іштей толығу дүниесін нығайту үшін мемлекеттер ынтымақтасуы қажет.

10 ПРИНЦИП

Қоршаған орта мәселесі, тікелей қатысы бар азаматтардың қажетті деңгейде жұмылуы арқасында ең тиімді шешімін табады. Қауіпті материалдар туралы ақпараттармен қоса қоршаған ортаға қатысы бар мемлекет билігі құзырындағы ақпаратқа және олардың қауымдарындағы іс-әрекеттерге және шешім қабылдау процесіне қатысу мүмкіндігіне әрбір адамның ұлттық деңгейде араласуға тиесілі мүмкіншілігі болады. Ақпаратты кеңінен таратып, жаю арқасында жұртшылықты жұмылдыру мен хабардар етуді мемлекет қуаттайды да және дамытып отырады. Түзеттіру және шара қолданумен қоса, заң мен әкімшілік мүмкіндіктерін пайдаланудың тиімді жолдары жүргізіледі.

11 ПРИНЦИП

Мемлекеттер қоршаған ортаға саласында тиімді заң актілер қабылдайды. Қоршаған ортаға қатысты стандарттар, басқару негіздері және приоритеттер өздері қолданыс табатын қоршаған ортамен даму аясын қамтығандары жөн. Кейбір елдердегі енгізілген стандарттар қолдануға келмеуі, сондай-ақ басқа елдердегі, оның ішінде дамушы елдердегі еш дәлелмен айқындалынбаған экономикалық және әлеуметтік шығындармен астасып жатуы мүмкін.

12 ПРИНЦИП

Мемлекеттер қоршаған орта ахуалының бүлінуі мәселесін тиімдірек шешу үшін барлық елдерде орнықты даму мен экономиканың ғарыштауына әкеп соқтыратын қолайлы және ашық халықаралық экономикалық жүйені жасау жолында ынтымақтасулары тиіс. Сонымен қатар сауда саясаты саласында қоршаған ортаны қорғау мақсатымен қабылданған шаралар халықаралық сауданы жасырынды түрде шектеуге немесе оған қатысты байқаусыз не еш дәлелсіз қиындық тудыруға әкеп соқтырмауы тиіс. Импорттаушы елдер құзырларынан сырт жатқан қоршаған орта мәселелерін шешу жолында сыңар бір жақты әрекеттер жасаудан аулақ болғаны жөн. Трансшекаралық немесе глобалдық қоршаған орта мәселелерін шешуге бағытталған шаралар соншалық мүмкін болғанынша халықаралық консенсусқа негізделініп отырады.

13 ПРИНЦИП

Мемлекеттер қоршаған ортаның ластануы мен басқадай зардаптарынан зиян шегушілерге төленетін өтем мен жауапкершілікке байланысты ұлттық заңдар жасап дайындауға тиісті. Мемлекеттер өз құзырларындағы немесе бақылауларына бағынышты іс-әрекеттер арқасында құзырларында сырт жататын аймақтарға әсер етуші қоршаған ортаның зиянды зардаптары үшін төленетін өтем мен жауапкершілік хақындағы халықаралық ұқықты келешекте жасап дайындау мақсатында да жедел және неғұрлым табанды түрде ынтымақтасып отырады.

14 ПРИНЦИП

Адам баласы денсаулығына зиянды саналатын немесе қоршаған ортаның құлдыратып, азып-тозуына әкеп соқтыратын кез келген қызмет түрлері мен заттарды басқа мемлекеттерге тасымалдау мен тиеп жібертуді болдырмау немесе ауыздықтау мақсатында мемлекеттер тиімді ынтымақтасты орнатқандары жөн.

15 ПРИНЦИП

Мемлекеттер қоршаған ортаны қорғау мақсатында қолдарындағы бар мүмкіндіктерінен шыға отырып, алдын-алу шараларын кеңінен қолданып отырады. Елеулі немесе орны қайтып толмас зиян келтірілген жағдайда қоршаған ортаның азып-тозуына бөгет қоюға бағытталған экономикалық тиімді шаралар қабылдауды артқа ысырудың себебі ретінде толық ғылыми айқындықтың болмауын пайдалануы жөндікке жатпайды.

16 ПРИНЦИП

Халықаралық сауда мен инвестиция тәртібін бұзбай және қажетті деңгейде қоғам мүддесін ескере отарып ластаушы ластануға байланысты келтірілген шығынды өтеуі тиіс дейтін принципті есепке ала отырып, ұлттық билік органдар қоршаған ортаға қатысты шығындануды халықаралықтандыру және экономикалық тетіктерді пайдалану жолында атсалысуға ұмтылып отырулары тиіс.

17 ПРИНЦИП

Қоршаған ортаға зардабын, елеулі теріс әсер тигізетін және білікті, жетік ұлттық органның шешімімен бекітілуге жататын қаралу ықтималдығы мол қызмет түрлеріне қатысты қоршаған орта зардабын бағалау ұлттық тетік ретінде жүзеге асырылады.

18 ПРИНЦИП

Мемлекеттер өзге мемлекеттердің қоршаған орталарын күтпеген жерден зиянды зардап шеккізуге душар етуі мүмкін кез келген табиғи апат немесе басқа да төтенше жағдайлар жөнінде оларды дереу хабардар етеді. Одан зардап шеккендерге көмек көрсетуде халықаралық қауымдастықтың қолдан келер әрбір мүмкіндігі пайданылады.

19 ПРИНЦИП

Мемлекеттер елеулі трансшекаралық зардабы боларлық іс әрекеттер жөнінде тиесілі ақпартты одан зардап шегіп қалуы мүмкін мемлекеттерге алдын ала уақытында хабар жіберіп отырады.

20 ПРИНЦИП

Қоршаған ортаны басқару және даму процесінде қыз келіншектер өміршең маңызды роль атқарады. Сондықтан да, олардың толық қанды араласуы орнықты дамудың жүзеге асуы үшін маңызды болмақ.

21 ПРИНЦИП

Орнықты дамуға қол жеткізу және бар адамдар үшін жарқын болашақты орнату жолындағы глобалдық серіктестікті нығайтумақсатында дүние жүзі жастарының жасампаздығы, мұраттары мен батылдықтары бағытталынып, жұмылдырылғаны жөн.

22 ПРИНЦИП

Байырғы халық және олардың қауымдары, сондай-ақ басқа да жергілікті қауымдардың өкідері өздерінің білімдері мен дәстүрлі өнегелері болғандығы үшін ғана қоршаған ортаны басқару мен даму процесінде өміршең маңызды роль атқарады. Мемлекеттер олардың ұлттық ерекшелік сипаттарын, мәдениетін және мүдделерін тануы және қолдау көрсетіп отыруы, сонымен бірге орнықты дамудың жүзеге асу жолында олардың тиімді қатысуын қамтамасыз еткен жөн.

23 ПРИНЦИП

Езгіде болу, үстемдік астында қалу және басып алуға ұшырау жағдайларын басынан кешіруші халықтардың қоршаған орталары мен табиғи ресурстары қорғалынуы тиіс.

24 ПРИНЦИП

Соғыс орнықты даму процесіне о бастан бұзып бүлдіру ықпалын тигізеді. Сол себепті, мемлекеттер қоршаған ортаны қарулы қақтығыстар кезінде қорғалуын қамтамасыз ететін халықаралық құқықты құрмет тұтулары тиіс және қажет болған жағдайда одан әрмен дамыту жолында ынтымақтасулары тиіс.

25 ПРИНЦИП

Бейбітшілік, даму және қоршаған ортаны қорғау өзара бір-бірімен байланысты және бірінен-бірі ажыратылмайды.

26 ПРИНЦИП

Мемлекеттер қоршаған ортаға қатысты дауларын бейбіт жолмен және БҰҰ жарғысына сәйкес тиесілі әдіспен шешіп отырады.

27 ПРИНЦИП

Мемлекеттер мен халықтар осы декларацияға енген принциптердің орындалуы жолында, сондай-ақ орнықты даму бағытында халықаралық құқықты одан әрмен жетілдіріп отыру үшін ниетті еріктілік пен серіктестік рухында ынтымақтасады.


Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 30 сәуірдегі 2967 өкіміне 2 Қосымша