Азақстанның өтпелі кезеңдегі экологиялық мәртебесінің ерекшеліктері

Қазақстан географиялық тұрғыдан Евразия алып құрлығының кіндігінде орналасқан. Еліміздің Жер биосферасы жүйесінің ауқымды тұтас секторында жатқан негізгі аумағын ауа райы-климаттық сипаттамасы әсіресе, құрлықтық болып келетін далалы, шөл және шөлейт жерлер құрайды. Ел аумағының едәуір бөлігі сейсмикалық қауіпті аймақты қамтиды, сөйтіп экологиялық қолайсыздыққа зілзала қатері қосылады. Табиғат пайдаланудың қалыптасқан негізінен алғанда ресурстық- шикізаттық және бір бейімді жүйесі әрі өндіргіш күштерді орналастырудың табиғат жағдайы мен тұрмыс ерекшеліктерінің және экологиялық шектеулердің ескерілмей жүргізілуі түрғылықты халқы үшін техногеңдік ықпал-әсері, тәуекелі және экологиялық қатері жоғары аймақтар мен өңірлердің пайда болуына әкеліп соқты. Осы орайда қоғамдағы нарыққа көшу кезеңінің қиындықтарымен ұштасып жататын әлеуметтік шиеленіс, әсіресе экологиялық апат аймақтарында айрықша көрінетін халықтың экологияға байланысты алаңдаушылығының тұрақты факторына ұласады.

Экологиялық қауіпсіздіктің негізгі проблемаларын айқындап, басымдықтарын белгілеген кезде негізінде қалыптасқан табиғат пайдалану мен айналадағы ортаны қорғау жүйесінің әлі жеткілікті толық және кешенді түрде зерделенбеген табиғи-ғылыми, ғылыми-техникалық, мәдени-тарихи және өзге де аспектілері мен ерекшеліктерін, өнеркәсіптің табиғаттың шетін экологиялық жүйелері мен бүгінгі халықтың, сондай-ақ болашақ ұрпақтардың денсаулығына тигізетін техногендік әсерінің зардаптары проблемаларын ескеру қажет.

Осы проблемалардың Қазақстан үшін аса өзекті геосаяси, геоэкономикалық және биосфералық-экологиялық аспектілері БҰҰ қабылдаған Рио-де-Жанейро Декларациясында және халықаралық құқықтың қатысушысы ретінде Қазақстан қуаттайтын негізгі конвенцияларда ерекшеленіп, жүйеленеді. Қазіргі заманғы индустриялық өркениеттің тұрақты дамуының тұжырымдамалық негізі ретіндегі ауқымдық экологиялық доктринаның осы құжаттары елдің экологиялық жай-күйі мен стратегиялық мақсатына сәйкес оның халықаралық мәртебесін бағамдауға, ал принциптерінде, саяси, заңдық, экономикалық және өзге де басымдықтарында сыртқы байланыстар мен халықаралық интеграциялық процестерде, ішкі реформалар мен басқа елдермен ынтымақтастықта биосфераның ауқымды, аймақтық және жергілікті масштабтары мен жағдайларында ұлттық мүдделері мен пайдасының неғұрлым толық ескерілуіне мүмкіндік береді.

Қазақстанның жер биосферасындағы мәртебесімен айқындалатын экологиялық шектеулер мен айналадағы ортаны қорғау және табиғат пайдалану жөніндегі талаптар елдің экологиялық қауіпсіздігі мен тұрақты дамуының табиғи іргетасы болып табылады. Әрі олар өтпелі кезең жағдайында айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы, Жер туралы, Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы, Су, Орман кодекстері мен елдің басқа да нормативтік-құқықтық актілерінде неғұрлым толық және тиісінше ескерілуге тиіс.