ТАПСЫРМАЛАР

1. Бактериялар өте тез көбейеді. Әрбір жарты сағатта 1 клеткадан бөліну жолымен 2 клетка пайда болады. Егер 1 клетканы қалыпты жағдайда қоректік ортада өсірсе, онда тәулігіне оның ұрпағы 2 48 281 474 976 710 700 клетканы құрауы тиіс. Мұндай мөлшердегі бактерия 250 г стаканда орналасқан. Олар (500 г) жарты литрлік көлемді қашан толтырады және мөлшері қанша уақытта екі еселенеді? Дұрыс жауабын табыңыздар.

- 1 тәулікте

-2 тәулікте

-1 сағатта

- жарты сағатта.

2. Берілген жағдайдағы фактордың қайсысы организм тіршілігін тежейді?

а/ мұхиттың 300 м тереңдігіндегі өсімдіктер үшін:

су, температура, көмірқышқыл газы, су тұздылығы, жарық;

б/ шөлдегі өсімдіктер үшін:

температура, жарық, су;

в/ қыс кезіндегі орманда қара торғай үшін:

температура, қорек, оттегі, ауа ылғалдылығы, жарық;

г/ Қара теңіздегі шортан үшін:

температура, ылғалдылық, су, оттегі, су тұздылығы, жарық, қорек;

д/ қыс кезіндегі Сібір тайгасындағы қабан үшін:

температура, оттегі, ауа ылғалдылығы, қар жамылғысының биіктігі.

3. Орта факторларын атап, кестені толтырыңыздар.