Леуметтік әріптестік және жұртшылықтың қатысуы

Экологиялық мәселелердің барлық мүдделі азаматтардың қатысуымен неғұрлым тиімді шешілетіндігін ескере отырып, мемлекеттік органдар:

жұртшылықтың шешімдерді қабылдау процесіне қатысуы үшін қолайлы жағдайлар мен мүмкіндіктер туғызуға;

мемелкеттік органдардың өздерінен, сол сияқты шаруашылық қызмет субьектілерінен де таралатын, өзіне:

а/ экологиялық саясат, тиісті экологиялық проблемаларды шешуге байланысты міндеттер мен мақсаттар туралы мәліметтерді,

б/ табиғат қорғау қызметі мен оның тиімділігі туралы ақпаратты,

с/ айналадағы ортаны қорғауды және табиғат пайдалануды басқару жүйесінің жай-күйі туралы ақпаратты қамтитын экологиялық ақпараттың жұртшылыққа ашық болуын қамтамасыз ету жөнінде практикалық шараларды белгілеуге тиіс.