Абиотикалық факторлардың тірі организмдерге әсері

Абиотикалық фактор- бұл өлі табиғат факторлары. Олар: климаттық (жарық, температура, ауа ылғалдылығы, жел, қар), эдафикалық(механикалық, химиялық құрамы, ауа өткізгіштік, ылғал сыйымдылығы, боялуы), орографиялық (бедер, экспозиция),химиялық (ауаның газдық құрамы, судың тұздық құрамы), физикалық (дыбыс, магнетизм, жылу өткізгіштік, радиоактивтілік, космостық жарық шығару) болып табылады.

Жарық

Өз уақытында француз астрономы Камиль Фламмарион (1842-1925): «Біз бұл нәрселер туралы ойламаймыз, бірақ біздің планетамыздағы жүрген, қозғалған, өмір сүргендердің бәрі Күннің балалары» деген. Шындығында да биосферадағы маңызды процесс - фотосинтез. Көзге көрінетін жарық организмде аралас іс -әрекет көрсетеді; қызыл сәуле- жылулық әрекет; көк және күлгін сәуле- жылдамдық және биохимиялық реакциялар бағытын өзгертеді.

Жарық негізінен өсімдіктердің өсуі мен дамуының жылдамдығына, фотосинтез қарқындылығына, орта температурасы мен ылғалдылығының өзгеруіне, жануарлар белсенділігіне әсер етеді.

Әрбір тіршілк орны жарықтың қарқындылығымен, сапасы мен мөлшерімен анықталатын жарық режимімен сипатталады.

Жарық қарқындылығы- энергиямен өлшенеді. Өлшем бірлігі Дж/м с; Дж/см с. Бұл фактор рельеф ерекшелігіне күшті әсер етеді. Ең қарқынды болып тура жарық саналады.

Жарық мөлшері- радиация жиынтығымен анықталады. Полюстен экваторға қарай жарық мөлшері артады. Жарық режимін анықтау үшін шағылған жарықтың мөлшерін, яғни альбедоны (А) ескеруіміз керек. Альбедо (латынның albus–ақ) түрлі беттердің шағылысу қабілетін сипатттайды. Ол жалпы радиацияның %-пен көрсетіледі және сәуленің түсу бұрышымен шағылысу бетінің қасиетіне тәуелді. Түрлі заттардың альбедолары мысалы,

таза ақ қар - 85%

лас қар - 40-50%

қара шірікті жер -5-14%

құм - 35- 45%

орман -10-15%

үйеңкінің жасыл жапырағы - 10%

Экологиялық фактор ретінде - жарыққа байланысты өсімдіктер: гелиофиттер, сциофиттер, факультативті гелиофиттер болып бөлінеді.

1. Гелиофиттер немесе жарық сүйгіш өсімдіктер- күн сәулесі жақсы түсетін, ашық жерлерде және орманда өте сирек кездесетін өсімдіктер. Мұндай өсімдіктің гүлдері күнбағыс, итошаған сияқты, күн көзіне қарай бағытталып өседі.

2. Сциофиттер немесе көлеңке сүйгіш өсімдіктер- күшті жарыққа төзімсіз келеді және үнемі көлеңкеде өседі. Бұларға папоротник, орман шөптері, мүк, саумалдақ және т.б. жатады.

3. Факультативті гелиофиттер немесе көлеңкеге төзімді өсімдіктер. Бұлар жақсы жарық жағдайында өседі, бірақ көлеңкелеу жерге де оңай үйренеді. Орман өсімдіктерінің көпшілігі, орман шөптері, бұталар жатады.

Өсімдіктер сияқты, жануарлар тіршілігінде де жарық үлкен орын алады. Әртүрлі жануарлар жарықтың әртүрлі спектр құрамына, қарқындылығына, оның әсер ету ұзақтығына әртүрлі жауап береді. Сондықтан жануарларды да жарыққа бейімделуіне байланысты жарық сүйгіш (фотофилді) және қараңғы сүйгіш (фотофобты) жануарлардеп екі топқа бөледі. Қараңғы сүйгіш жануарлар тұрақты қараңғыда немесе ашық күн сәулесін көтере алмайды. Бұл топқа үлкен терендіктер мен үңгірлердің мекендеушілері, жануарлар мен өсімдіктердің ішкі паразиттері, жарғанаттар, дрозофилл шыбындары және көртышқандар т.б. жатады.