Сурет. Шыршаның өсу жағдайына жарықтың әсері

 

Жануарлар өздерінің көру мүшелері арқылы сыртқы ортада өзінің жауларынан қорғанады, қоректік тамағын іздеп табады және әртүрлі заттардың сыртқы пішінін, оның түсін, түрін айыра біледі. Сондықтан жануарлардың көру органдарының дамуы орталық жүйке жүйесінің даму процесіне байланысты дамып отырады.

Ылғалдылық

Су тірі организмдер тіршілігіне қажетті негізгі экологиялық фактор және олардың тұрақты құрамы тірі организмдерде әртүрлі. Өсімдіктердің әртүрлі даму кезеңдерінде суға қажеттілігі бірдей емес, әсіресе әртүрлі түрлерде ол топырақ типі мен климатына байланысты өзгереді. Мысалы, астық тұқымдас өсімдіктердің қарқынды өсуімен салыстырғанда, тұқымның өсуі мен олардың пісіп жетілуі кезінде ылғалдылық аз керек.. Кез келген әртүрлі өсімдіктің даму сатысы мен өсу фазаларының ерекше кезеңін бөлуге болады. Бұл кезеңде судың жетіспеуі- өсімдіктердің тіршілік әрекеттеріне кері әсер етеді. Ортаның ылғалдылығы жер шарындағы организмдерің таралуы мен санын анықтайтын шектеуші фактор болып саналады.