Оқу құралының құрылымы

Оқу құралының әрбір теориялық бөлімінен кейін студенттердің өз бетінше практикалық жұмыстарда орындайтын экологиялық эксперименттер берілген.

Бұл белгі эксперименттерді - практикалық жұмыстарды көрсетеді.

Студенттердің экологиялық білімдерін тереңдету және қазіргі таңдағы ғылыми деректерден экологиялық ой-өрісін кеңейту мақсатында берілген қосымша хабарлар мен мысалдар !!! белгі арқылы берілген.

Есептеуді, логикалық ойлауды қажет ететін, іскерлікті дамытатын тапсырмалар § белгісімен белгіленеді. Әрбір бөлім тестілі бақылау сұрақтарымен аяқталады. Сұрақтар белгілі тақырып бойынша құрастырылған және бір ғана дұрыс жауабы бар бірнеше жауаптар берілген. Бұл тестілі бақылау сұрақтары ??белгісімен берілген.